АТЫРАУ. 10 наурыз. Атырау облысының ішкі істер органдары отбасында тұрмыстық жанжалдар тудырып, құқық бұзушыларға қарсы «Тұрмыс» жедел алдын алу шарасын өткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Атырауда 2 наурызда бастау алған аталмыш шара барысында учаскелік полиция инспекторлары алдымен өз отбасының тынышын кетіріп, түрлі құқық бұзушылықтар жасауға бейімдер адамдарды анықтауға баса көңіл бөлді. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарованың айтуынша, учаскелік полиция инспекторлары отбасыларында түрлі құқық бұзушылық жасаған 30-ға жуық адамды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен бірге, осы кезге дейін полицейлердің арнайы есебіне алынғандардың 1 000-нан астамы тұрақты мекен-жайлары бойынша тексеріліп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Шара барасында 63 жастағы азаматша үшінші мүшелге енді толған ұлының ішімдікке тойып алып, айқай-шу шығаратынына шағымданған. Тағы бір дерекке тоқталар болсақ, 36 жастағы келіншек күйеуінің үстінен полицияға шағым түсірген. Осы шағымды тексерген полицейлер 45 жасар күйеуінің ішімдік ішіп, отбасының берекесін қашыратыны анықталды. Бұл азаматтың әрекеті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 73-бабымен әкімшілік хаттаманың толтырылуына бірден-бір себеп болды.
Жалпы, аталған жедел алдын алу шарасының нәтижесінде ішкі істер органдарының есебіне отбасылық кикілжіңді тудырған 50-ден астам адам алынды.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: Атырау облыстық ішкі істер департаменті.
Сурет: otyrar.kz.
• 10 Наурыз, 2015
Отбасында жанжал тудыратын атыраулықтар есепке алынды

Алина Чистякова Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді сыйлады
Жеңіл атлетика • Бүгін, 00:55
Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды
Спорт • Бүгін, 00:25
Руслан Курбанов семсерлесуден Германиядағы әлем кубогінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 00:13
Қысқы Олимпиада-2026: Жарыс кестесі жарияланды
Спорт • Кеше
Алматыда жасырылған есірткі зертханасы әшкереленді
Есірткі • Кеше
Мықты теңге экономиканы неге қолдамайды?
Экономика • Кеше
Атырау облысында бұзақылық дерегімен 121 адамға сот үкімі шықты
Аймақтар • Кеше