10 Наурыз, 2015

Шабуылшыдан қорғаушылар озып тұр

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
john-terry-branislav-ivanovic-2011-10-15-14-0-23АСТАНА. 10 наурыз. «Челси» футбол командасының қорғаушылары Джон Терри мен Бранислав Иванович екеуі биылғы маусым басталғалы 12 доп соққан. Аталған көрсеткіш «Манчестер Юнайтедтің» шабуылшылары Радамель Фалькао мен Анхель Ди Марияның нәтижесінен көп. Бұл туралы eurosport.ru хабарлады. Бүгінге дейін Ағылшын премьер-лигасында 28 тур өтті. Содан бері Терри мен Ивановичтің әрқайсысы қарсыластарының қақпасына 6 доптан соққан. Яғни, екі қорғаушы маусым басынан бері 12 голдың авторы атанған. Ал Фалькао мен Ди Марияның еншілерінде 8 доп бар. Бүгінге дейін олардың әрқайсысы 4 мәрте мергендігімен көзге түскен. «Манчестер Юнайтед» қос шабуылшыны осы маусымның басында аттай қалап сатып алған еді. Клуб басшылығы колумбиялық пен аргентиналық шабуылшыдан көп үміт күтсе де әзірге сенім ақталмай келеді. Қазіргі таңда ағылшын чемпионатында «Челсидің» көш бастап тұрғанын айта кетейік. Атақты Жозе Моуриньо жаттықтыратын команданың еншісінде 63 ұпай бар. Ал «Манчестер Юнайтед» 53 ұпаймен турнир кестесінде 4-сатыда келеді. Келесі турда лондондықтар «Саутгемптонды» қабылдаса, Луи Ван Галдың шәкірттері өз алаңдарында «Тоттенхэммен» күш сынасады. Еламан Қоңыр. Дерек: eurosport.ru. Cурет: sports.ru, thepeoplesperson.com. Angel-di-Maria-Radamel-Falcao