АСТАНА. 10 наурыз. Президенттікке үміткер ретінде тіркелген Ержан Серғазинге лингвистикалық комиссияның көңілі толмады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Осыған байланысты комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков: «Ержан Мерекеұлы Серғазин мырзаның бүгін қазақ тілінен тапсырған емтиханының нәтижесі мынадай болды. Бірінші жазба жұмысының тақырыбы: «Конституция – тұрақты даму кепілі». Ержан мырза екі бет жұмыс жазыпты. Жұмыстың бас жағында әжептәуір жақсы тарихи деректер бар. Бірақ қазіргі біздің Конституциямыздың тұрақты даму кепілдігі жайы ашылмай қалған. Оның үстіне, жұмысында 24 қате кетіпті. Емледен – 6, тыныс белгіден – 13, стильдік 5 қате жіберген. Жалпы, біздің талабымызда президенттікке үміткер азаматтар сауатты жазуы керек, сауатты сөйлеуі керек», – деді.
Кандидат екінші кезеңде Абайдың поэзиясы мен қара сөздерінен 3 беттік мәтін оқыған.
«Шынын айту керек, Ержан мырза ежіктеп оқыды. Кейбір мәтіннің мағынасын толық түсінбеді. Сол мәтін ішінде кездесетін қазақтың байырғы сөздерін, мәселен, қарекет, көкірек тазалау сынды сөздерді түсіндіріп айта алмады», – деді М.Жолдасбеков.
Комиссия төрағасының айтуынша, үшінші кезеңде «Қазақ өнерінің бел-белестері» деген тақырыпта 15 минут сөйлеген Е.Серғазинның ойы шашыраңқы болған.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: «ҚазАқпарат».
• 10 Наурыз, 2015
Президенттікке үміткер Ержан Серғазин сынақтан сүрінді

Қазақ спортшылары шаңғымен тұғырдан секіруден Олимпиаданың финалына шыға алмады
Олимпиада • Бүгін, 00:15
Шымкентте жоқ пәтерлерді жалға берген әйел ұсталды
Оқиға • Кеше
Еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Мектепте неге балалардың пікірі ескерілмейді?
Мектеп • Кеше
Елімізде әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы науқан басталды
Қазақстан • Кеше
Тағзым • Кеше
Соңғы екі айда елімізге қанша адам көшіп келді?
Қазақстан • Кеше
Елена Рыбакина WTA рейтингінде өз орнын сақтап тұр
Теннис • Кеше
Мәдениет • Кеше