АСТАНА. 10 наурыз. Бүгін түнде футболдан чемпиондар лигасы 1/8 финалы қарымта матчтары басталады. Португалияның Порту қаласында «Порту» командасы – Швейцария Базелінің «Базелін», Испанияның Мадридінде «Реал» немістің «Шальке-04» командасын қабылдайды. Бұл туралы «Чемпионат.Ру» хабарлады.
Аталған командалар 1/8 финалдың бірінші ойынын 18 ақпан күні өткізген болатын. Онда бірінші жұп командалары 1:1 есебімен тең ойнаса, келесі жұпта мадридтіктер қонақта ойнағанына қарамастан 2:0 есебімен жеңіп қайтқан еді.
«Порту» - «Базель»
Көн: «Порту» екі таймда бір-бір голдан соғады, ықтималдылығы - 2.44.
«Базель» бірінші кездесуде өзінің бір доп айырмашылықпен жеңіп тұрған басымдылығын ұстап қала алмады. Енді оның 1/4 финалға шығуы айтарлықтай қиындап кетіп отыр. Оған қарағанда, «Портудың» тәжірибесі көптеу, жоғары дәрежелі ойыншылары да баршылық. Сондықтан бұл жолы өз алаңында ойнайтын португалдардың мүмкіндіктері едәуір жоғары.
«Реал» (Мадрид) - «Шальке»
Көн: екі команда да гол соғады, ықтималдығы - 2.02.
Былай қарағанда, өткен жолы сырт алаңда екі доп айырмашылығымен жеңіп қайтқан «Реалдың» келесі кезеңге ойланбай өте алатын жөні бар. Бірақ испандар дәл қазір оншалықты жақсы жағдайда тұрған жоқ. Ал қонақта жауапсыз екі гол соғу талап етілетін «Шалькенің» соңғы кездері қорғанысқа айтарлықтай артық көңіл бөліп жүргенін де ұмыта қоймасақ керек.
Букмекерлер ойынның тағдырын болжаудың қиын екенін айтып отыр. Соңғы кездері «Реал» ашықтан-ашық нашар ойнап келеді, Анчелотти командасының ойыны үйлесе қоймай жүр, оның сапындағы Модрич, Хамес және Серхио Рамос секілді ойыншылардың матчқа шыға алмайтындары мұны одан бетер қиындата түсуде. Бұлардың арасында бүгін хорваттың ғана ойнай алуы мүмкін. Роналду өзіне кейінгі кездері доптың көп жете бермейтінін шағым етуде. Ал «Шалькеге» бұл кездесуде батылырақ ойнау керек...
Дамир Қожамқұл.