10 Наурыз, 2015

Ташкент кеше түннен бері ақ қардың астында қалды

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10-03-15-tashkent-1

АСТАНА. 10 наурыз. Өзбекстан астанасында бүгін көктемнің алғашқы қары жауды. Сейсенбіге қараған түні басталған ақ ұлпа жауыны ертеңіне жаңбырға ұласты. Тоқ қалада бүгін ауаның температурасы Цельсий бойынша 0 ден +2 градусқа дейін көрсетіп тұрды. Соған қарамастан ауаның суықтығы байқалды. Қарлы ауа райыосы күні республиканың Самарқанд, Гүлстан, Жизақ және Қарши қалаларында да орын алды. Сәрсенбі күні Ташкентте ашық ауа райы болады деп күтілуде. Ауаның температурасы +6 градусқа дейін жылынады. Сол сияқты жұмадан жексенбіге дейінгі аралықта да шұғылалы күн шуағын шашады. Ал ауа райы бағаны 16 градусқа дейін көтеріледі. Бүгін Қазақстанның оңтүстік астанасы – Алматы қаласында да күні бойы қар аралас жаңбыр жауды. Ал әлі де себелеп тұр. Мұрат Айтқожа.