11 Наурыз, 2015

Қызмет пен міндет

329 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Исенова Марфуга Хамитовна Еліміздің еңсесін көтерген, көркіне көз тоймайтын елордамыз – Астана қаласы қазақстан-дықтардың басты мақтанышына айналды. Сондықтан мұндағы қауіпсіздік ең басты мәселе болып табылады. Осыған орай елордалықтар мен күнделікті келетін қонақтардың алаңсыз тыныштығы мен бейбіт қауіп­сіздігін сақтау, олардың құқын қорғау – елордалық полици­я қыз­мет­­керлерінің басты мін­деті.­ Міне, осыған сай 2015 жыл­ полиция қызметкерлері үшін «Халық сенімі – полиция күші» ұранымен өтуде. Жыл басталғаннан бері жоғарыдағы міндеттермен қатар аталмыш акция шеңберінде қайырымдылық шаралары, соның ішінде балалар үйіне қамқорлық жасау да назарға алынды. Бұл орайда кешегі 8 наурыз мерекесінде ІІД бастығы, по­ли­­ция генерал-майоры Аман­­­тай Әубәкіров Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жан­дар­ға­ арналған әлеуметтік-медици­налық мекемесінің 160 ару аналарын құттықтады. Жылы лебіздермен қатар, гүл шоқтары мен сыйлықтар жылы көңіл-күй­ сыйлап, жүздеріне күлкі ұялатты. Ішкі істер депар­та­менті қызметкерлерінің кү­ші­­мен ұйымдастырылған бұл іс-шара әйелдер үшін ерекше жар­қын сәттердің бірі­ бол­ды. Көп жасаған 102 жастағы Марфуға Хамитқызы Исенова және 100 жастағы Анна Лазарева алғыстарын білдірді. Қарттар және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемеде Ұлы Отан соғысының әйел-ардагерлері де тұрып жатыр. Денсаулықтарына байланыс­ты мерекелік іс-шараға қатыса алмағандықтан ІІД бас­тығы Амантай Әубәкіров олардың палаталарын аралап, мерекемен құттықтады, гүл шоғын және сыйлықтарын табыстады. Ұлы Отан соғысына қатысқан әйел-ардагерлердің әрқайсысының өмірінің айтар­лықтай жарқын сәттері бар. Бір бөлке нан және бір кило кәмпит – осындай жүкпен 18 жастағы Анна Васильевна Павлова соғысқа аттанған. Ұшақтарға отын жеткізуге жау­апты болып, яғни аэродромда 466 батальонда қызмет еткен. Донск, Сталинград, Орталық, Белорус майдандары, Польша және Германия арқылы өткен. Анна Васильевна өз қолымен Рейхстагтың қабырғасына қол қойған. Соғыс аяқталысымен КСРО-ның көптеген жерлерінде жұмыс істеп, кейіннен тың игеруге келген. Қарттар мен мүмкіндігі шек­­теулі жандарға арналған медициналық-әлеуметтік меке-месі тұрғындарының айтуы бойынша, бүгінгі полиция қыз­мет­керлері ұйымдастырған мереке оларды ерекше қуантты, олар­ға арнайы концерт ұйым­­­­­­­­дас­тырылды. Полиция қызмет­кер­­­­лерінің қатарынан құрылған «Жігер» ұлт-аспаптар­ ансам­блінің музыкалық нөмірлері, жол-патрульдік полициясы пол­кі­нің хоры мен вокалдық нөмір­лері әжелерді ерекше қуантты. Астана қаласы елордалық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры­ Амантай Әубәкіровтің ай­ту­ын­ша, бұл полиция қызмет­керлері жоспарлаған бірінші және­ соңғы шара емес. Полиция қызметкерлері үшін әлі алда талай жауапты да сындарлы шаралар тұр. Солардың бәрін талапқа сай орындау – елордалық полиция міндеті. Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».