11 Наурыз, 2015

ЭКСПО-2017 Комиссары

379 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
100-851ITB халықаралық туристік көрмесінің жұмысына қатысты Берлинде ЭКСПО-2017 Комиссары – Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегация 49-шы «ITB-2015» халықаралық туристік көрмесінің жұмысына қатысты. Делегацияның құрамына Сыртқы істер, Инвестициялар және даму министрліктерінің, қалалық және облыстық әкімдіктердің, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының, туристік агенттіктердің, сервистік секторлардың, Қазақстанның қолөнер мен зергерлік өнерінің өкілдері кірді. Биылғы жылы аталған көрмеде 180 елден 10 мыңға жуық стенд орнатылды. Көрме шеңберінде ЭКСПО-2017 Комиссары БҰҰ Бүкіләлемдік туристік ұйымы (БТҰ) Жібек жолы елдерінің туризм министрлерінің 5-ші отырысына қатысып, Қазақстандағы туризмнің дамуы, Жібек жолы әлеуетін іске асыру бойынша Қазақстанның рөлі және Елбасының «Нұрлы Жол» Жолдауының негізгі бағыттары туралы сөз сөйледі. c05-02 Р.Жошыбаев алдағы уақытта Астана қаласында өтетін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің дайындық жұмыстары туралы хабарлап, аталған шара Қазақстан және бүкіл өңір үшін туризмді дамытудың қозғаушы күші болатынын атап өтті. «ITB-2015» барысында қазақстандық делегацияның басшысы Бүкіләлемдік туристік ұйымның Бас хатшысы Талеб Рифаймен бірге қазақстандық стендтің ашылу рәсіміне қатысты. БҰҰ БТҰ Бас хатшысы өз сөзінде Қазақстанға туристердің көптеп келуі аясында Астана қаласында өткізілетін ЭКСПО-2017 көрмесінің маңыздылығын, қаланың инфрақұрылымдық дамуын және БТҰ тарапынан аталған мәселе бойынша біздің елге қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сондай-ақ, Рифай Қазақстанға аса назар аударылатын БТҰ Жібек жолы бағдарламасының жүзеге асырылу маңыздылығын атап өтті. Жібек жолы бағдарламасы БТҰ-ның 31 мүше-мемлекеттерінің өзара ықпалдастық тұғырнамасы болып саналады. Көрме қатысушылары қазақстандық павильонға аса қызығушылық білдіруде. Олар қазақ ұлттық тағамынан дәм татып, дәстүрлі билерді тамашалап, ұлттық аспапта нақышына келтіріліп орындалған әдемі әуендерді естіп, сонымен қатар, қолдан жасалған киіз киімдер мен күміс бұйымдарды дайындау барысын көруге мүмкіндіктер алды. Шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мақсатында қазақстандық делегация екіжақты келіссөздер жүргізді, оның ішінде ГФР Экономика және энергетика министрлігі туризм дирекциясының жетекшісі М. Вебермен, көрменің басшылығымен және шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесулер өткізді. Қазақстан әлемдік туризмнің беделді үнқатысу алаңы болып танылатын және елдің бай тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ, қайталанбас табиғатын таныстыруға мүмкіндік беретін ITB жұмысына жыл сайын қатысады. Сонымен қатар, көрме туристік саладағы көшбасшылармен тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықтың тиімді тұғырнамасы болып саналады. «Егемен-ақпарат».