11 Наурыз, 2015

Елбасы уәкілі Латвияда болды

226 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
4-5 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Арнайы уәкілі, Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Латвия Республикасында сапарда болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Сапардың мақсаты 2017-2018 жылдарда Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қа­зақ­станның кандидатурасын ілге­рілету, сондай-ақ, екі ел ара­сындағы парламентаралық өза­ра ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылау болатын. Ригада Латвия Сыртқы істер министрі Эдгарс Ринкевичспен, Сейм хатшысы, Президиум мү­ше­сі Андрей Клементьевпен, Сейм­нің Халықаралық іс­тер жө­нін­дегі комитетінің хатшысы Сергей Потапкинмен, Қазақстан Парламентімен ынты­мақтастық жөніндегі депутат­тар тобының басшысы, «Латвияға шын жүректен» партия­сы­ның көшбасшысы Ингуна Суд­рабамен кездесулер өтті. Сыртқы істер министрімен болған сұхбат барысында И.Адырбеков 2016 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақ­ты емес мүшелігіне сайлауда Қазақстанның ұсынымын қол­дау жөніндегі Президент Н.Назарбаевтың Латвия Пре­зи­денті Андрис Берзиньшке жолдауын табыс етті. Қазақстандық депутат аймақтық және ха­лықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту, оның ішінде ядролық қаруды тарат­пау, қарусыздану салаларына қосқан біздің еліміздің үле­сі туралы хабардар етті. Еуро­палық одақ Кеңесіндегі Латвия төрағалығының табысты баста­луымен құттықтады және Рига­ның Астана мен Еуроодақ ара­сындағы әріптестіктің кеңеюі мен тереңдеуіне өз үлесін қоса­тын­дығына сенім білдірді. Латвияның Сеймінде өткен кездесулер барысында екі­жақты қатынастардың ау­қым­ды мәселелері талқы­ланып, пар­ламентаралық ынты­мақ­тас­тықтың маңызды басым­дық­тары туралы пікір алмасыл­ды. Латвиялық депутаттар Ел­ба­сының «Нұрлы Жол» Жол­дауының негізгі бағыттарымен, сондай-ақ, Қазақстанның сырт­қы және ішкі саясаттағы не­гізгі басымдықтарымен таныс­ты­рылды. Кездесулерге Қазақстанның Латвиядағы елшісі Бауыржан Мұхаметжанов қатысты.