11 Наурыз, 2015

BIRLIKTE DIRLIK VARDIR

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ERA_5911«ТҮРКСОЙ Бас хатшылығы­ның комиссиясы 2014 жылдың қорытындысы бойынша Сізді Халықаралық ТҮРКСОЙ Баспасөз сыйлығының лайықты иегері деп бағалағанын қуанышпен хабарлаймын» – «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті Сауытбек Абдрахмановтың атына ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтен ақпанның басында келген хат осылай басталатын. Бұл сыйлық ең алдымен ел газетінің бетінде түркі дүниесінің тұтастығын қамдаған материалдардың, одан кейін сыйлық иегерінің түркітілдес мемлекеттерден жазған мақала, репортаждарының бағасы деп білген орынды. Таяуда Дүйсен Қасейінов Астанаға іссапармен келіп, аталған сыйлықты белгілі қаламгерге табыс етті. Сыйлық тапсыру рәсіміне Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысты. ERA_5603 Сыйлықта BIRLIKTE DIRLIK VARDIR деген түрік мақалы ойылып жазылған. Бұл кәдімгі қазақтағы «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген мақалдың нақ өзі екендігін айтқан Дүйсен Қасейінов бас басылым бетінде түркі мәдениетінің халықаралық ұйымының қызметі алдағы кезде де жан-жақты көрсетіле береді деген сенімін білдірді. Сауытбек Абдрахманов халықаралық Түркі академиясымен бірлесіп «Түркі дүниесі: тұлғалар тағылымы» атты жаңа жоба қолға алынғанын, оның аясында біздің ортақ бабаларымыз, бүгінгі баршамызға мақтаныш замандастарымыз туралы танымдық мақалалар жүйелі жарияланып тұратынын жеткізді. «Егемен-ақпарат».