11 Наурыз, 2015

Партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
100-590Кеше Астанада «Нұр Отан» партиясы ХVІ съезі қарсаңында партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлады партияның баспасөз орталығы. Отырыс барысында партияның Саяси кеңесінің мүшелері бірқатар мәселелерді қарады. Ол 2011-2014 жылдардағы Саяси кеңес, Орталық бақылау-ревизиялық комиссия жұмысының қорытындылары, сондай-ақ, партияның XVI cъезі органдарының жұмысын ұйымдастыру. Атап айтсақ, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің шешімімен өтетін Съездің қарауына келесі күн тәртібі енгізілді:
  1. «Нұр Отан» партиясының атынан Қазақстан Республикасы президенттігінен үміткерді ұсыну.
  2. Партияның Саяси кеңесі мен Орталық бақылау-ревизиялық комиссиясының есептік мерзімдегі жұмысының қорытындысы.
  3. Партияның Саяси кеңесі мен Орталық ба­қы­лау-ревизиялық комиссиясы мүшелерін сайлау.
Отырыстың жұмысына 300-ден астам адам қатысты: Саяси кеңестің мүшелері, партияның Орталық аппаратының басшылығы, Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» фракциясының мү­ше­лері, партияның аймақтық филиалдары төра­ға­ларының бірінші орынбасарлары, Орталық бақылау-ревизиялық комиссияның мүшелері және басқалар. Атап өтерлік мәселе – «Нұр Отан» партиясының Жарғысына сәйкес, Саяси кеңес партияның съездер аралығындағы жоғары өкілетті органы болып табылады.