11 Наурыз, 2015

Нұрлы таң

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
(«Нұр Отан» партиясының XVI съезіне) Таң келеді! Таңға құшақ ашты маң. Жан баураған биікке алыс асты ма ән! Бүкіл аспан көкпеңбек боп желбіреп, Күнге қарай қанат жайды жас қыран.   Өр Алтайдан, Ақжайықтан, қиырдан, Тұл бойына дала жыры құйылған, Қара шаңырақ, қара орманның қамы үшін Бабалардай Күлтөбеге жиылған, Басын қосты азаматтар нар тұлға   Қарсы тұрар қайрат барын айтуға Мына заман – ұйытқыған құйыннан Жол табуға қиыстырып қиыннан Ширығысып шамырқанбай  тұра алмас Тағдыр осы бұл ұрпаққа бұйырған.   Күзгі бақтай жапырағы сұйылған, Ізгіліктің құны төмен бұйымнан, Алмағайып толқынында тұр дүние Аламанда тиын сауған тиыннан.   Кеуделерде терең-терең толғаныс Жанын жеген ұсақталса ар-намыс. Азаматтың әрбірінде ой-арман Жүректердің жалынынан жаралған «Мәңгі Ел» көші басталсын  деп жолға алыс.   Бай болсын деп, болмағандар бұрын бай Буырқанған дауылдарға ұрынбай, Болашаққа бет түзер деп ұлы Отан Терең-терең тебіренер құрылтай. Дулат ТҰРАНТЕГІ.