Шығыс өңірінде агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша жалпы сомасы 9,3 млрд. теңгені құрайтын 154 ірі және шағын жоба жүзеге асырылды. Осы арқылы «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ институтымен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жандана түсті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дүйсембай Селихановтың айтуынша, 2014 жылы «ҚазАгро» желісі бойынша облыста 6,1 млрд. теңгеге 68 жоба орындалды. Осылайша, «ҚазАгро» желісі бойынша жобалардың саны 2013 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге ұлғайып, инвестиция көлемі 2,2 есеге өсті.
Қазіргі кезде облыс көлемінде 49 мың басқа арналған 285 бордақылау алаңы құрылып, жұмыс істеуде. Оның ішінде 9 алаң өткен жылы іске қосылды. Сүт өндірісін ұлғайту мақсатында Бородулиха ауданында «Е.Зайтенов» шаруа қожалығының тауарлы сүт фермасын роботтандыру жобасы аяқталып, Ұлан ауданында 100 басқа арналған екі, 400 басқа арналған бір тауарлы сүт фермасы салынды. Сондай-ақ, «Алтын асық», «Құлан», «Ырыс» және «Жайлау» сынды мал шаруашылығын дамытуға арналған бағдарламалар шеңберінде өңірдің ауылшаруашылық тауарын өндірушілер 13 мың бас қой, 1,5 мың бас жылқы сатып алды.
Машина-трактор паркін жаңарту бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді. 2014 жылы 6,1 млрд. теңгеге 810 ауылшаруашылық техникасы сатып алынды. Соның ішінде 5,1 млрд. теңгеге 646 дана техника лизинг арқылы алынып, бұл мақсаттағы жалпыреспубликалық шығынның 16 пайызын құрады. Былтыр «ҚазАгроқаржы» АҚ арқылы машина-трактор паркін жаңартуға құйылған инвестиция көлемі 34 пайызға өсті. Өткен жылы өңірде ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі 300 млрд. теңгеге жуықтады. Бұл 2013 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2,2 пайызға жоғары. Аталған көрсеткіш бойынша шығыс өңірі республикада үшінші орынға табан тіреп отыр.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша егістік алқаптар 16,7 мың гектарға, дәнді дақылдар алқабы 27 мың гектарға өсті. Одан өзге 438 мың гектар жерге ылғал үнемдеу технологиясы енгізілді. Сонымен қатар, өңірде суармалы жер мен суарудың тың әдістері?
н енгізу бойынша іс-шаралар жалғасуда. Мәселен, суармалы жер көлемі 5 мың гектарға артып, 90 мың гектар, жаңбырлатып суару әдісі бойынша суарылатын алқаптар 8900 гектарды құраса, тамшылатып суару 850 гектарға жетті.
Мал шаруашылығында да оң көрсеткіштер бар. Ет өндіру көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 6,6 пайызға, сүт өндіру 2,4, жұмыртқа 7,4 пайызға өсті. Мүйізді ірі қара саны – 2,3 , жылқы – 5,7, қой мен ешкі – 99, құс 4,4 пайызға артты. Шетелдік 1696 етті ірі қара сатып алынды. Оның ішінде «ҚазАгро» арқылы 1026 бас сиыр әкелінді. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1 млрд. теңгеге 5,3 мың бас мүйізді ірі қара сатып алынып, жоспар 114 пайызға артығымен орындалды. 2014 жылы «Мүйізді ірі қара етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын жүзеге асыру шеңберінде асыл тұқымды шаруашылықтар саны 8 данаға көбейді. Катонқарағай ауданында 1000 басқа арналған «Ангус» және «Лимузин» асыл тұқымын өсіретін шаруашылық құрылды.
Ең бастысы, соңғы кезде өңір басшысы Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша, тауарлы сүт фермаларын дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Сүт және сүт өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайту бойынша өткен жылы тауарлы сүт фермаларын құру әрі кеңейту және сүт қабылдау бекеттері желісін ашу бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Тауарлы сүт фермаларын дамыту шеңберінде 2016 жылдың соңына дейін облыс көлемінде 12,8 мың бас сауын сиыр ұстауға арналған 37 тауарлы сүт фермасын қайта жабдықтау және жаңадан құру көзделген.
Сондай-ақ, шығыс өңірі көрші Ресей еліне ірі қара етін экспорттауға дайын.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.

Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15
Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма?
Қоғам • Бүгін, 16:01
Әлем • Бүгін, 15:52
Ақтөбедегі «ақылды» өткел: NAZAR технологиясы жаяу жүргіншілерді қалай қорғайды?
Қоғам • Бүгін, 15:45
TikTok дәуіріндегі журналистика: Қысқа видео қоғамға не беріп жатыр?
Технология • Бүгін, 15:41
Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді
Ауа райы • Бүгін, 15:30
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13
2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді
Қоғам • Бүгін, 15:07
Мемлекет басшысы Эстония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05
Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03