11 Наурыз, 2015

Солтүстік Қазақстанда жаңа басшы тағайындалды

382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
fotoПетропавл. 11 наурыз. Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің бұйрығымен Бекет Қауасханұлы Нұғыманов «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Б.Нұғыманов Киров атындағы Омбы ауыл шаруашылығы институтын ғалым-агроном, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін мемлекеттік басқару мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1986 жылы Ресейдің «Запсибгипрозем» Омбы филиалының инженерлігінен бастап, Омбы ауыл шаруашылығы институтында жабдықтау бөлімінің агенті болып еңбек еткен. Әр жылдары Бескөл ауданына қарасты «Рассвет» кеңшарының агрономы, Аққайың ауданындағы Новороссийск аудандық мамандандырылған шаруашылық бірлестігінің бөлімше басқарушысы, Аққайың аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы  қызметтерін атқарған. Кейін облыстық ауыл шаруашылығы департаменті басшысының орынбасары, Мамлют ауданының әкімі , «Сұлтан элеватор-диірмен-макарон кешені» акционерлік қоғамының сыртқы байланыстар жөніндегі директоры қызметтерін атқарған. Өмір Есқали. Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.