11 Наурыз, 2015

Актер Алексей Серебряков Канада азаматтығын неге алды?

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
алексАСТАНА. 11 наурыз. Ресейдің халық әртісі, белгілі актер Алексей Серебряков Ресей азаматтығынан не бас тартқаны туралы айтып берді. Бұл туралы nur.kz хабарлады. А.Серебряков өз балаларының бейбітшілікте өмір сүргендерін, білімді, еңбексүйгіш болып өскендерін және бір-бірін шынтақтан қағуға, арсыздыққа, ызақор болуға, адамдардан қорқуға мәжбүрлемейтін елде өмір сүргенін қалайтынын мәлімдеген. «Ресейде батыс елдерінде адамдардың жасанды түрде күлімсірейтінін жиі айтып жатады. Бірақ маған шынайы ашу-ызадан жасанды күлкі артық. Бізде нағыз құлдық психология! Мен бүгінде адамдардың білім алуға, дамуға, біліктілігін арттыруға, жұмыс істеуге, жауапкершілікті алуға, соның ішінде, ел мен билік үшін жауапты болуға деген жаппай құлшынысын көріп тұрған жоқпын. Құлшынысы барлар – теңіздің тамшысындай ғана», – деп түсіндірді актер өз ойын. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: nur.kz.