11 Наурыз, 2015

Президент: «Полицейлердің жауапкершiлiлiгiн арттыру қажет»

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20150311124754АСТАНА. 11 наурыз. Полицейлердiң мәртебесi мен оның азаматтар алдындағы жауапкершiлiлiгiн арттыру қажет. «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVI съезiнде мемлекет басшысы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. «Полиция қоғамның сенiмiнен шығуы керек. Қазiр қоғам жол-патрульдiк қызметтiң офицерi жол ережесiн бұзғаны үшiн әкiмге немесе министрге айыппұл салатынына сенбейдi. Мен Қасымов /Iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов-ред./ туралы тiптi, айтпай-ақ қояйын. Мысалы, жақында АҚШ-тың мемлекеттiк хатшысы Джон Керримен бiр оқиға болды. Оған өз үйiнiң алдында қарды уақытылы тазаламағаны үшiн айыппұл жазып берген. Оның баспасөз хатшысы айыппұлды төлейтiндiгiн мәлiм етiп үлгердi», – дедi Президент. Осы орайда Н.Назарбаев бiрқатар тапсырмалар бердi. «Сондықтан, полицейлердiң мәртебесi мен оның азаматтар алдындағы жауапкершiлiлiгiн арттыру қажет. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының ашықтығын қамтамасыз ететiн шаралар жиынтығын жасақтау, ақпараттық технологиялардың дамыту, бейнерегистраторлармен қамтамасыз ету қажет. Полицияға кәсiби-психологиялық iрiктеудiң жаңа жүйесiн жасау маңызды. Полицей бiлiктiлiгiн анықтау бойынша сынақтар өткiзiлiп отыруы шарт», – деп атап өтті Мемлекет басшысы. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: «ҚазАқпарат».