11 Наурыз, 2015

Назарбаев, Путин және Лукашенко Астана кездесуін кейінге шегерді

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11-03-15-naz_put_luk-1

АСТАНА. 11 наурыз. Қазақстан, Ресей және Беларусь Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Александр Лукашенко Астанада осы аптада өттетін болып белгіленген кездесуді бірнеше күнге кейінге шегерді. Бұл туралы Ресей мемлекеті басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөзіне сілтеме жасаған «Российская газета» хабарлады. Мұны алдымен Қазақстанның дипломатиясындағы мәнбелер жеткізді. Содан кейін ақпарды Кремльдің баспасөз қызметі растады. «Шынында үш мемлекет лидерлерінің Астанада өтетін болып белгіленген кездесуін кейінге шегеру туралы шешім қабылданды», - деді осы орайда Песков. Бұдан бұрын Владимир Путин 12-13 наурыз күндері Астана қаласына ресми сапар жасап, Қазақстан және Беларусь басшыларымен кездесетіні айтылған болатын. Күн тәртібіне үш елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығының қазіргі ахуалы және перспективасы, әлем экономикасында болып жатқан өзгерістер жағдайындағы еуразиялық интеграциялық үдерістер туралы мәселелер қаралатын болып бекітілген еді. Лидерлер сондай-ақ халықаралық өзекті мәселелер, ең алдымен Украинадағы жағдай турасында өзара пікір алмасуға да уақыт табатын болған-ды. Мұрат Айтқожа.