АСТАНА. 11 наурыз. Павлодар облысы әкімінің бұрынғы кеңесшісі Төлеген Бастеновтің ісіне қатысты алғашқы сот отырысы өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Естеріңізге сала кетсек, облыстың бұрынғы әкімі Ерлан Арын Т. Бастеновтің тұтқындалғаннан кейін кызметінен кетіп, артынша өзі қамауға алынған болатын. Арыслан Әбдіқалықов пен Төлеген Бастеновке Қылмыстық кодекстің 24 бабы, 3 және 117 бөлімінің 4 б тармақшасы бойынша айып тағылып отыр. Олар «Алаяқтықпен айналысу», яғни қызмет бабын пайдаланып, бір топ адамдармен алдын ала келісіп, бөтен мүлікті алдау арқылы иемденіп қалу бойынша айыпталуда.
Қазір Т. Бастеновпен бірге семейлік құрылық компаниясының жетекшісіне де айып тағылуда. Сонымен бірге тағы үш адам осы іс бойынша үйқамақта отыр. Олардың арасында облыс әкімінің бұрынғы орынбасары да бар. Тергеу ісінің мәліметіне қарағанда, семейлік кәсіпкерлер мектеп құрылысына берілген мемлекеттік тендерді ұтып алуды көздеген. Жобаның сомасы бір миллиард теңгеден астам болған. Осы мақсатта кәсіпкерлер Павлодарға келіп, облыс әкімінің бұрынғы кеңесшісі Төлеген Бастеновпен кездескен. Сол кезде ол кәсіпкерлерге көмектесе алатынын, алайда тендердің бес пайызын өзіне алатынын айтқан көрінеді. Бірақ ол кәсіпкерлер сұраған ақшасын тапсырып жатқанда ұсталады. Онымен бірге Павлодар облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Арыслан Әбдіқалықов та тұтқындалады.
Дастан Кенжалин.
Дерек: egemen.kz
Сурет: egemen.kz
• 11 Наурыз, 2015
Облыс әкімінің бұрынғы кеңесшісіне қатысты сот басталды

3000 шақырым жол: 76 жастағы ақсақал Ұлытаудан Парижге жаяу барды
Оқиға • Бүгін, 21:50
Жүк ұшақтарын әкелуге 12 жылдық кедендік жеңілдік енгізіледі
Салық • Бүгін, 21:16
Қазақстан джиу-джитсу құрамасы Парижде екінші орын иеленді
Спорт • Бүгін, 20:57
Атырау облысында браконьерлерден 6 тоннадан астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 20:43
Геннадий Онищенко: Ормұз бұғазы ашылмаса дәрі-дәрмек қымбаттайды
Әлем • Бүгін, 20:16
Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29