АСТАНА. 11 наурыз. Криштиану Роналду тілшілерге өкпелеп қалды. Өкпелегені соншалық маусым соңына дейін қолында микрафоны мен камерасы бар бірде бір адаммен сөйлеспеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Кеше түнде Роналдудың командасы Чемпиондар лигасында Германияның «Шалькесінен» 3:4 есебімен жеңіліп қалды. Бұл нәтиже португал футболшысына қатты әсер етті. Тіпті ойыннан кейін алаңнан кетіп бара жатқан Роналду командалас әріптесі Бенземаға «Бұл нағыз ұят болды» деп, көңіл-күйінің болмай тұрғанын жеткізген.
Сондай-ақ, ол тартыстың нәтижесі мен команданың ойынына көңілі толмағанын, сол себепті БАҚ өкілдерімен кездескісі келмейтінін білдірді. 90 минуттық тартыстан кейін баспасөз өкілдерінің қарша бораған сұрақтарына Криштиану «Мен қазір еш нәрсе айтпаймын. Жалпы, маусым соңына дейін БАҚ өкілдерімен сөйлеспеймін», – деп қысқа да нұсқа сөз айтып, жөніне кете барды.
Маусымның мамыр айында аяқталатыны белгілі. Демек, футболшы сол уақытқа дейін тілші атаулыға байкот жариялап отыр.
Айта кетейік, «Реал Мадрид» «Шалькеден» жеңілгеніне қарамастан, Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты. Себебі, үш апта бұрын Гельзенкирхенде өткен алғашқы ойында мадридтіктер 2:0 есебімен жеңген еді. Сол ойында Роналду бір мәрте мергендігімен көзге түссе, кешегі бәсекеде екі голдың авторы атанды. Соның нәтижесінде, Криштиану Чемпиондар лигасында сұрмергендер көшін бастады. Оның еншісінде бүгінде 77 доп бар. Бұл көрсеткішпен Роналду Рауль Гонсалес пен Леонель Мессиді айналып өтті.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: ronaldo7.net.

3000 шақырым жол: 76 жастағы ақсақал Ұлытаудан Парижге жаяу барды
Оқиға • Бүгін, 21:50
Жүк ұшақтарын әкелуге 12 жылдық кедендік жеңілдік енгізіледі
Салық • Бүгін, 21:16
Қазақстан джиу-джитсу құрамасы Парижде екінші орын иеленді
Спорт • Бүгін, 20:57
Атырау облысында браконьерлерден 6 тоннадан астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 20:43
Геннадий Онищенко: Ормұз бұғазы ашылмаса дәрі-дәрмек қымбаттайды
Әлем • Бүгін, 20:16
Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29