11 Наурыз, 2015

Президент мемлекеттік тіл сынағында бірде-бір қате жібермеді

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11-03-15-nazarbaev02АСТАНА. 11 наурыз Лингвистикалық комиссия алдында мемлекеттік тілден емтихан тапсырған Президенттікке үміткер Нұрсұлтан Назарбаев жазба жұмысы барысында ешбір қате жіберген жоқ. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков: «Жазба жұмысы Нұрсұлтан Назарбаев өзі таңдаған конверт бойынша «Біздің күшіміз – бірлікте» деген тақырыпта болды. Бұл кісі Президент болғалы бері мемлекетіміздің туын тұғыры етіп, елдің ынтымағын көтеріп келе жатқан адам. Сол ынтымақ-бірліктің арқасында Қазақстан 23 жылдың ішінде осындай дәрежеге жетті. Осының бәрін екі парақ қағазға өте кең, ауқымды, сыйымды етіп, тақырыпты өте әдемі аша білді. Қате жоқ. Кандидат осындай болу керек деп ойлаймын», – деді. Емтиханның екінші тақырыбы мәтін оқу болды. «Екінші сұрақ бойынша Ілияс Есенберлиннің прозасынан мәтін берілді. Нұрсұлтан Әбішұлы оны керемет мәнерлеп оқып шықты. Үшінші сұрақ – «Бабалар сөзі – даналық көзі» деген еркін тақырып. Бұл кісі өзі ешбір мемлекеттің тархында жоқ «Мәдени мұра» деген үлкен бағдарлама жүргізген адам. Оның қолдауымен 100 томдық «Бабалар сөзі» деген кітап шыққан. Елбасы осы кітаптардан өте жақсы мысалдар келтіріп, байырғы бабамыздың даналығынан, солардың халыққа беретін тәрбиелік мәні жөнінде кең әңгіме жасап берді. Қосымша сұрақтар бойынша кандидат Абайдың қара сөздерін айтып берді. Қорытындысында комиссия кандидат Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін еркін меңгерген деген шешім қабылдады», - деп түйді М.Жолдасбеков. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: «ҚазАқпарат». 11-03-15-nazarbaev03