Алымдылығымен, адуындылығымен екінің біріне дес бермейтін әйел-аналарымыздың қатарынан журналист Күмісжан Байжан да табылады. Қашанда, әліптің артын күтіп, байсалдылығымен бастаған жұмысынан оң нәтиже шығару қалыптасқан әдеті. Бір мысал ретінде айтар болсақ, ол жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туған күнін жыл сайын жоғары деңгейде атап өтуді қалыптастыруға өзіндік еңбек сіңіре білді. Алматы облысы, Жамбыл аудандық «Атамекен» газетін басқарып отырған жылдарында осынау игілікті іске ұйытқы һәм қозғаушы күш иесі болғандығын ешкім теріске шығара алмасы хақ.
Республикалық бас басылым «Егемен Қазақстан» газетінің Алматы облысындағы меншікті тілшісі қызметіне келгенде құдды қосымша тынысы ашылғандай күні-түні тынбай еңбек етті. Ең бастысы, жауапкершілік жүгін жете сезініп, барынша шығармашылық ізденісте жүрді. Бойындағы бір қасиеті – өткенді екшеп, таразылай алатыны дер едік. Өмір қажеттілігімен жасалған қадамдарды әсте ұмытпай журналистер қауымына тән адалдықпен ар тазалығын сақтауға талпынып қана қоймай, оң нәтиже шығара алатындығы десек артық айтқандық емес. Кепілдік берер бір ауыз сөзімен үлкен лауазымды тұлғаны да иландырғанын ет құлағымыз естіген. Тағы бір қыры көмекке өте зәру болған жандармен тез ұғынысып, демей білетіндігімен де көріне алды. Сол қамқорлығының нәтижесін көрген жандар арамызда баршылық. Жүрген жерінде жақсы із қалдыра білетіндігіне бір дәлел, оның кешегі мейірім шуағына толы күндерін көріп, жұмсақ жүректі жанның жылуын сезінген сіңлілері тамсана айтып, үлкен ілтипат танытып жүргеніне куәміз.
Жүрегінің түбіндегі сөз маржанын бір шумаққа сыйғыза білген Күмісжан Байжанның:
«Ұнатамын періште үнін құстардың,
Дәл солардай қалықтауға құштармын.
Ұя салып балапанын өсірген,
Қарлығаштай ой-сөзімді ұштармын» деген өлең жолдары осы ойымызды бекіте түседі.
Елбасының Алғыс хатымен бірнеше мәрте марапатталып, «Егемен Қазақстан» газетінің Алматы облысындағы меншікті тілшісі қызметін жеті жыл атқарып, Мәдениет қайраткері, «Еңбек ардагері» және мерекелік медальдардың иегері болып, Алматы облысы мен Талдықорған қаласының, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы атанған Күмісжан Байжан журналистика саласында қырық жылдан астам жемісті еңбек етті. Бүгінде ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, қосағымен қоса ағарып сол еңбегінің жемісін жеп отыр. Бұл да бір ақталған үміттің, ойға алғанның орындалғаны екені анық.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
Алматы облысы,
Жамбыл ауданы.

Халқымен қайта қауышқан қайраткер
Тұлға • Бүгін, 12:59
Атырау облысындағы отбасының өлімі: Күдікті туыстарын бірнеше ай бойы кезекпен өлтірген
Қылмыс • Бүгін, 12:58
Мирас • Бүгін, 12:55
Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі
Үкімет • Бүгін, 12:39
Қазақстан квотасымен шетелдіктерді қажылыққа апарғандар жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 12:35
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды
Бюджет • Бүгін, 12:30
«Тобыл» клубының бас бапкері ауысты
Футбол • Бүгін, 12:18
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі енгізіледі
Бюджет • Бүгін, 12:08
Астана – Шымкент бағытында ұшақтар күніне 4 рет ұшатын болады
Қазақстан • Бүгін, 11:47
Енді борышкерлердің банк шоттары толық бұғатталмайды
Банк • Бүгін, 11:38
Израиль мен Ливан арасындағы бітім үш аптаға ұзартылды
Әлем • Бүгін, 11:35
«Барселонамен» келісімшартқа отырған қазақ баласы Ұлттық құрамаға шақырту алды
Спорт • Бүгін, 11:20
Теміртауда құрылыс алаңында 3 баланы тоқ соқты: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:15
Қостанайда соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден аударылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 11:05