20 Қазан, 2015

Әлеуметтік қамсыздандыруды дамытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі

783 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
3O8A1861Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық бағыттарын жүзеге асыру нәтижелері еліміздің әлеуметтік қорғау жүйесін озық әлеуметтік прогресс моделіне өтуінің өзектілігін және маңыздылығын көрсетті. Кез келген мемлекет әлеуметтік саланы дамытудың тиімді моделін құруға тырысады және мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі – сол елдің жоғары өмір сүру стандарттарының қарқынды дамуы болып табылады. Лайықты өмір сүруді қолдауға қажетті қоғам дамуының шарттары әрбір адамның өзінің физиологиялық, әлеуметтік және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктері қандай да бір көлемде әлеуметтік қамсыздандыру жүйесімен тығыз байланысты. Қазақстанда құрылған әлеу­меттік қорғау моделі еңбек қаты­настары саласындағы әлеуметтік кепілдіктерді жүзеге асыруды, өнімді еңбекпен қамтуды ынталандыруды, міндетті әлеуметтік сақтандыруды, халықтың аз қамтылған топтарын әлеуметтік қолдауды, тұрғындарға қажетті әлеуметтік қызметтерді беруді қамтамасыз етеді. Бүгінде еліміз халыққа қызмет көрсету үшін қолданылатын ақ­­­параттық-коммуникациялық тех­­нологиялар (АКТ) саласын­да нақты жетістіктерге қол жет­кіз­ді. Элек­тронды үкіметті дамыту деңгейі жөніндегі БҰҰ рейтингісінің 2014 жылғы қоры­тындысы бойынша 193 мем­лекеттің ішінде Қазақстан 28 орын­ды иеленді және электронды үкіметті дамытуға арналған БҰҰ Жаһандық форумы 2014 жыл­дың қазан айында біздің елі­мізде өткізілді. Сондықтан, Халықаралық әлеу­меттік қамсыздандыру қа­у­ы­м­­дастығының (ХӘҚҚ), Ден­саулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің және «Мем­лекеттік әлеуметтік сақтан­ды­ру қоры» АҚ бастамасымен Ас­тана қаласының Тәуелсіздік сарайында биылғы жылғы қыр­күйек айының басында «Әлеу­меттік қамсыздандырудың мақ­саттарына жетудегі АКТ сала­сының стандарттары мен бір­ыңғай шешімдерін қабылдау жолдары» тақырыбында әлеу­меттік қамсыздандыру сала­сындағы ақпараттық және ком­муникациялық технологиялар бойынша ХӘҚҚ XIV халықаралық конференциясы өткізілуі заңды. ХӘҚҚ мүшелерінің әлеу­меттік қамсыздандыруды ұйым­дастырудың алдында тұрған аса маңызды мәселелерді жоғары деңгейде талқылауға және тәжі­рибе алмасуға мүмкіндік алатын осындай жаһандық форум әлеуметтік қамсыздандыру саласының мамандары үшін маңызды бағыт болатыны анық. Мүше ұйымдарға ғана өт­кі­зілген мұндай пікір алмасу алаңдары өздерінің кәсіби білімдерін кеңейтуге келген қатысушылардың жоғары баға­сына ие болды. Заманауи АКТ қолдану ар­қылы мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарын енгізу жөніндегі ХӘҚҚ нұсқаулықтары Қазақстанда да кеңінен қол­да­нылуда, сондықтан да конференцияны бізде өткізу ұйғарылды. Алқалы басқосуға әлемнің 50 елінен 300-ге жуық адам келді. Оның жұмысына қатысушылардың ішінде Қазақстан Республика­сы­ның Мемлекеттік хатшысы, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар мен ұй­ым­дардың жетекшілері, АКТ жөніндегі менеджерлер мен сарапшылар, ХӘҚҚ басшылары мен мүше ұйымдардың аға персоналдары, сонымен қатар халықаралық ұйымдардан делегаттар мен тәуелсіз сарапшылар болды. Ауқымды жиында әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу кезін­де АКТ шешімдерінің мақсат­тары мен қағидаттары сияқ­ты маңызды мәселелер, әлеу­меттік қамсыздандыру сала­сын­­дағы бағдарламалық қам­сыз­дандырудың корпоративтік және ірі ауқымды жүйелерін қол­данудағы ағымдағы тәжірибелер талқыланды. Әлемнің көптеген елдеріндегі АКТ корпоративтік қолдану нақты үдерістерді автоматтандырып қана қоймай, сонымен бірге операциялар мен қызметтерді толықтай өзгер­ту­ді жүзеге асыруға мүм­кін­дік берді. Сонымен қа­тар, тех­нологиялардың жо­ға­ры қар­қынмен дамуы ұйым­дар­­дың алдына күрделі мін­деттерді де қойды. Мысалы, стан­дарт­талған шешімдердің көп­реттік қолданылуын жүзеге асы­ру­дың базалық технологиялары халықтың қажеттіліктерінің ар­туы нәтижесінде туындайтын міндеттермен тоғысты. Қол­да­­ныстағы технологиялардың қар­қынды дамуын ескере отырып, бүгінде әлеуметтік қам­сыздандыру ұйымдары қажетті талаптарға жауап бере алатын, сонымен бірге құны қолжетімді және тәуекел деңгейі қолайлы АКТ-жүйелерінің лайықты әдіс-тәсілдерін іздестіру мақсатында жұмыс атқаруда. Конференция барысында мы­надай мәселелер бойынша ақ­параттық-коммуникациялық тех­нологиялар жөніндегі ХӘҚҚ басшылығының: әлеуметтік қам­сыздандырудың мақсаты үшін негізгі деректерді басқару; әлеуметтік қамсыздандыру сала­сындағы АКТ базасында ха­лықаралық келісімдерді орын­дауға қатысты жаңа екі бөлімі талқыланды. Аталған бөлімдер халық­ара­лық озық тәжірибелерді ес­кере отырып, әлеуметтік қам­сыздандыруды ұйымдастыру үшін бірыңғай шешімдерді әзірлеуге бағытталған маңызды қадам. Мысалы, әлеуметтік қам­­сыздандыру, оның ішінде, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың дербес деректерін қорғау, сондай-ақ азаматтар басқа елдерге көшкен кезде оларға зейнетақы мен жәр­демақы төлеу мәселелері қа­ралды. Конференцияға шет­ел­дік қатысушылар «Қазақ­стан­дағы ақпараттық-комму­ни­ка­циялық технологиялар» көр­месін тамашалағаннан кейін өз сөздерінде АКТ саласындағы жет­кен жетістіктер мен нәти­же­лерден алған әсерлерімен бөлісті. Көрмеде Қазақстандағы мем­лекеттік органдар мен ұйым­дардың ақпараттық жүйелері (АЖ) онлайн-режімде көрсетілді. Конференцияда қонақтардың ең көп тамашалағаны республикамызда алғаш рет жасалған Kinect сенсорлы бейне-стенді бол­ды, онда қолданушы адам қозғалыс арқылы бағдарламалық қамсыздандырумен жұмыс істей алады. Шараға қатысушылар Қазақстан азаматының мүшел жас аралығы бойынша (бала, жігіт/қыз, азамат/азаматша, аға/апа, ата/әже) барлық өміріндегі әлеуметтік қызметтер туралы ақпарат алды. Экранда әрбір өмірлік кезеңде халыққа көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттық жүйелер көрсетіледі. ХӘҚҚ президенті Эррол Франк Стуве Қазақстанның әлеу­меттік қамсыздандырудағы жеткен жетістіктерін, оның ішінде әлеуметтік салаға АКТ енгізу бо­йын­ша бағдарламаларды ерекше атап өтті. Қазақстанда басталған әлеуметтік қамсыздандыру қыз­меттерін мобильдік қосымшалар арқылы пайдалану конферен­цияда талқыланған басты мә­селелердің бірі болды. Халыққа қызмет көрсетуде жаңа технологияларды қолдану әлеуметтік қамсыздандырудың эволюциялық дамуында басты рөл атқарады және ел азаматтарын осындай қызметтермен кеңінен қамтымақ. ХӘҚҚ бас хатшысы Ханс-Хорст Конколевски әлеуметтік сала­дағы АКТ дамуындағы Қа­зақ­­станның жеткен жетіс­тіктерін жоғары бағалады. Оның пікірі бойынша, Астанада өткен кон­ференция қауымдастық тари­хындағы ерекше оқиғаға айналды. Конференцияның негізгі қорытындысы қауымдастыққа мүше елдер арасындағы келі­сімдер аясында әртүрлі елдердегі АКТ жүйелерінің қауіпсіздігі мен үйлесімділігі мәселелеріне басты назар аударылды және негізгі деректерді басқару жө­ніндегі қауым­дастықтың екі жа­ңа бас­шылығының қабыл­дануы болды. Ақпараттық технология­лар­дың жаһандануы қоғамды өзгертті, оған қойылатын талаптар бұрынғыдан да артуда. Көрсетілген осындай өзгерістер халыққа қызмет көрсетудің жаңа модельдеріне өтуді айқындады. Қоғамдық өзгерістерге жау­а­п ретінде әлеуметтік қам­сыз­­­­­дан­дыру ұйымдары жүйе­лер­­ді жаңғырту бойынша өз­де­рінің күштерін біріктіруі қа­жет. Бұл ретте, әлеуметтік қор­­ғау са­ласындағы ақпараттық тех­нологиялардың көмегімен бе­рілетін қызметтер көрсету мүм­кіндігінің артуын ескерген өте ма­ңызды. Мұндай мүмкіндіктер инфрақұрылым, сапа, қаржылық қолжетімділік сияқты негізгі факторлар ескеріле отырып, рес­публика тұрғындары үшін ақ­параттық-коммуникациялық тех­нологиялардың қолжетімділігімен сипатталады. Қазақстандағы заманауи ақ­параттық-коммуникациялық тех­нологиялардың қарқынды дамуымен және қолданылуымен шартталған қоғамдық өмірдегі экономикалық, әлеуметтік-саяси және рухани өзгерістер қоғамды ақпараттандыруға – дамудың жаңа кезеңіне қарай қадам басуын білдіреді. Халықты әлеуметтік қорғау саласында инновациялық тех­нологиялардың одан әрі дамуы қоғам дамуының тұрақтылығын, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, азаматтардың әл-ау­қаты мен өмір сүру сапасын жақ­сартуға бағытталған. Осы­лайша, мемлекеттік қызметтер көрсету саласында енгізілетін барлық инновациялар, ең алдымен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алға қойған 2050 жылға дейінгі стратегиялық міндеттері аясын­да Қазақстанның әлемнің дамы­ған 30 елінің қатарына енуіне жетелейтін халықтың қа­жет­тілігіне бағдарланады. Әлеуметтік салада ақпарат­тық-коммуникациялық технологияларды қолдануда одан әрі жүргізілетін реформалар халыққа барабар және атаулы қызмет көрсетудегі міндеттерді табысты шешуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен қазан айының соңғы жексенбісінде аталып өтілетін Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің де күні енгізілгені белгілі. Осыған орай Қазақстанда басталған әлеуметтік қорғау жүйесін жаңғырту әлеу­меттік қорғау жүйесінің қыз­меткерлеріне ерекше мәртебе берілгенін растады. Бүгінде ел азаматтарын әлеуметтік қор­ғау­дың мемлекеттік жүйесінде те­лекоммуникациялық технологиялар саласындағы соңғы жетістіктерді белсенді түрде ен­гізіп және қолдана отырып, ха­­лыққа тиесілі барлық әлеу­мет­тік көмек түрлерін қысқа мер­зімде ресімдеуге дайын 50 мың­ға жуық қызметкер еңбек етуде. Сондықтан, жаңа интерактивті құралдарды қарқынды түрде меңгерумен байланысты туындайтын жаңа міндеттерге қарамастан, әлеуметтік қызметкерлердің кә­сіби мәртебесі әлі де жоғары. Ал олардың қамқорлығымен мың­­даған адамның мәселесі ше­шілетіндіктен, әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбектері оң нәтижелерін көрсетуде. Мемлекеттік органдар мен әлеуметтік қамсыздандыру ұй­ым­дарының қызметкерлері өзде­рінің кәсіби мерекелері қар­саңында жеткен жаңа жетіс­тіктеріне әлем­дік сараптама қауым­дас­тығын мойындатып қана қой­май, сонымен бірге азаматтар мен ел арасындағы қатынасты түбірінен жеңілдететін, әлеу­меттік қызметтердің сапасы мен жеделдігін едәуір өзгертуді көз­дейтін жаңа міндеттер де қойып отыр. Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері Қазақстан азаматтары тарапынан үлкен се­нім мен құрметке ие. Бұл салада жоғары деңгейлі кәсіби ма­мандар жұмыс істейтінін то­лық сеніммен айта аламыз. Осын­дай айтулы күні барлық әлеу­меттік қызметкерлерді кәсіби мере­келерімен шын жү­ректен құттықтаймын. Марат ЖӘНІБЕКОВ, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ вице-президенті.