07 Шілде, 2015

Саптағы сарбаз жүрегіндегі сенім

270 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Астана куни 2015«Астана күні» мерекесі қарса­ңында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының ғима­ратында салтанатты жиын болып өтті. Мерекелік іс-шара мемлекеттік Әнұранды орындау­мен басталып, үздік әскери қызметшілерді марапаттау туралы Бас басқарма бас­шысының бұйрығы оқылды. Соны­мен бірге, басқарманың тәр­бие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің ұйытқы болуы­мен дай­ын­далған елорданың кешегісі мен бү­гі­нінен хабар беретін фотослайдтар ел назарына ұсынылды. Астананың күн санап қанат жайып көркейіп келе жатқан керемет көріністерін әскерилер аса қызығушылықпен тамашалады. Шынында да, тәуелсіздіктің символына айналып, Еуразияның қақ ортасында қанат жайып, көк ті­реген зәулім сарайлармен, жел­кіл­деген жасыл желекпен көм­ке­ріл­ген жас қала бар­ша қазақ­стандықтардың жүре­гіне мақ­та­ныш ұялатты. Іле-шала жуыр­да ғана ел телеарналары­нан көр­се­тіл­ген Елбасының көреген­дігі мен ке­мең­герлігінің анық дәлелі бол­ған дерек­ті фильм жұртшылық наза­рына ұсынылды. Әсем Астана­ның Еуразия, күллі әлем көз тік­кен, мәдени-экономикалық орталық­қа айналуына мүмкіндік беріп, ке­­шегі қиын-қыстау кезеңде Ел­ор­­да­ны Есілге көшіру туралы бас­­тама көтеріп, елдің дамуына сер­пін берген Елбасы жайындағы дерек­ті фильмді әскерилер асқан қызы­ғушылықпен көрді. Сөз арасында айта кетсек, ме­ре­­келік іс-шарадан бірер күн бұ­рын басқарма басшылығымен Қазақ­­стан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайына экс­кур­сия ұйымдастырылып, әске­рилер еліміздің жаңа тарихындағы сан алуан өзгерістерге, тың шешім­дер мен батыл жобалардың баста­луының куәсі болған бірінші рези­денцияны аралап танысты. Көрсе­тілімнен кейін әскерилер өздерінің фильмдегі әр жылдардағы сюжеттерге, фильмде қамтылған барша мә­селелерге байланысты өз ой-пікір­лерін білдіріп жатты. Ол орынды да. Елдегі бейбітшілік пен тыныштықтың бағасын күнделікті бес қаруын асынып, кез келген уақытта Отанды қорғауға дайын тұрған әскерилер өте жақсы біледі. Ертеңгі күнге деген көңілдеріне сенім ұялатқан Елбасына шексіз алғыстарын білдірген әскери қызметшілердің әрқайсысы да өз міндеттерін адал орындап, кәсіби біліктіліктерін арттыра түсуге міндеттемелер алды. Амангелді ҚИЯС, «Егемен Қазақстан».