Қолда бар мәліметке сүйенсек, телефондардың жарылуына бес себеп болуы мүмкін. Атап айтар болсақ, аккумуляторға қысым көп түскен болуы ғажап емес. Сонымен қатар, сарапшылар аккумулятордың температураны бақылау технологиясынан ақау кеткен болуы мүмкін екенін де алға тартады. Бұдан бөлек аппараттық қамтамасыз етуде және қолданушының әрекеттеріне байланысты сыртқы факторлар да жоққа шығарылмайды.
Samsung компаниясы қазіргі таңда аталған телефондардың 96 пайызын қайтарып алғанын хабарлап отыр.