Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 792 қаулысымен бекітілген
«Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтiмдерiн темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы- Осы «Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтiмдерiн темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі – Техникалық регламент) жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтiмдерiн темір жол көлігімен тасымалдау процесінің қауіпсіздігіне қойылатын ең төменгі талаптарды белгілейді.
- Осы Техникалық регламенттің техникалық реттеу объектілері мыналар болып табылады:
- Адамның өміріне немесе денсаулығына, жүктердің және пошта жөнелтiмдерiнің сақталуына, адамдардың багажы, жүк-багажы, жүктер мен пошта жөнелтiмдерiнің сақталуына, қоршаған ортаны қорғауға зиян келтіру мүмкіндігіне қатысты тасымалдау процесі кезінде болдырмау тиіс қауіпті факторлар (қауіп-қатерлер) мыналар болып табылады:
- Осы Техникалық регламенттің техникалық реттеу объектілерін сәйкестендіру темір жол саласындағы қызметін жүзеге асыратын тасымалдаушылар, жолаушылар, ұйымдар, жүк жөнелтушілер, жүк алушылар арасындағы қатынастарды реттеу кезінде ұсынылған құжаттамаға сәйкес және көзбен шолып жүзеге асырылады.
- Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
- Тасымалдар кезінде мынадай қауіпсіздік талаптары қамтамасыз етілуі тиіс:
- Поездарға мыналарды тіркеуге және жол жүруге жіберуге жол берілмейді:
- Тасымалдау процесі кезінде поездардағы өрт қауіпсіздігі өртке қарсы алдын ала сақтандыру жұмыстарын жүргізумен және жылжымалы құрамның поездарында өрт туындаған жағдайда оны сөндірумен қамтамасыз етіледі.
- Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін бастапқы өрт сөндіру құралдарының толық жиынтығы жоқ, өрт сөндіру қондырғылары жарамсыз немесе толтырылмаған, өрт сигнализациясы ақаулы, сондай-ақ авариялық шығулары мен түтін шығару жүйелері ақаулы жылжымалы құрамды пайдалануға тыйым салынады.
- Жылжымалы құрамның жүру жолында темір жол жылжымалы құрамының кернеулі және электр тогымен зақымдалу көзі болуы мүмкін электр жабдығының қорғалмаған (оқшауланбаған) бөліктеріне қызмет көрсету персоналы мен жолаушылардың қол жеткізуінің алдын алынуы тиіс.
- Жүру жолында вагонда техникалық ақауларды анықтау кезінде ақаулы вагонды жүру жолынан жақын арадағы техникалық қызмет көрсету пунктіне дейін ағытусыз (жолаушылар вагонын 100 км/сағ. жоғары емес жылдамдықпен) жеткізуге рұқсат етіледі.
- Поездарға электр-пневматикалық тежегішінің, жылытудың, электр жабдығының, желдетудің ақаулығы және жолаушылар тасымалдаудың қауіпсіз жағдайларын бұзатын басқа да ақаулықтары бар жолаушылар вагондарын, сондай-ақ жолаушылар поезы бастығының (бригадир- механиктің) локомотив машинисімен радиобайланысының ақаулығы бар радиокупелі (штабтық) жолаушылар вагондарын қосуға рұқсат етілмейді.
- Алыс және жергілікті қатынастағы жолаушылар поездарына қызметтік-техникалық мақсаттағы тұтас метал емес вагондарды тіркеуге рұқсат етіледі.
- Басқа құрылымды және типті жылжымалы құрам қосылған жолаушылар және пошта-багаж поездарының қозғалыс жылдамдығы осы жылжымалы құрам үшін белгіленген жылдамдықтардан аспауы тиіс.
- Жолаушылар, багаж, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін тасымалдау үшін жолаушылар поездарында қызмет көрсетуге арналған перспективалық локомотивтердің неғұрлым жоғары конструкциялық жылдамдықтарымен қауіпсіз және біркелкі қозғалысты қамтамасыз ететін вагондар жіберіледі.
- Жылжымалы құрамның жолаушылар вагондарында жолаушылар мен қызмет көрсету персоналының мүмкін болатын қозғалуы аймағында (бас, аяқ, дене деңгейінде) оларды жарақаттауы мүмкін конструкция мен жабдық элементтері болмауы тиіс.
- Жолаушылар вагондарында, дизель поездары және электр поездары вагондарында жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау кезінде өту орындарын, тамбурлар мен шығу орындарын заттармен қамалауға жол берілмейді.
- Жолаушылардың пайдалануына арналған кез келген құрылғы жолаушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне залал келтірмей, осы құрылғының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.
- Жолаушылар үшін қауіп болған жағдайда қызмет көрсету персоналына поезд бастығын және/немесе машинистті осы қауіп туралы хабардар етуге, сондай-ақ ерекше қажеттілік кезінде поезды тежеуге және/немесе есік ашуға мүмкіндік беретін құрылғылар көзделуі тиіс.
- Жолаушылар вагондарында тоқтатқыш кран тамбурларда, вагондардың ішінде орнатылады және пломбаланады.
- Вагондарды жөндеу кезінде қолданылатын конструкциялық элементтер мен материалдар, сондай-ақ өртке қарсы қорғаныш жүйесі өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келулері тиіс және тұтану жағдайында от пен түтіннің пайда болуын, таралуын және әсер етуін шектеуді қамтамасыз етуі тиіс.
- Жолаушылар поезының вагондарында жолаушылардың химиялық улануы және багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін тасымалдаудың қауіпсіз жағдайларына қатер төндіруі мүмкін нәрселерді, заттарды немесе басқа да материалдар мен бұйымдарды (жеңілтұтанғыш сұйықтықтар, газдар, жарылғыш және улы заттар) тасуға жол берілмейді.
- Багажбен, жүк-багажбен тасымалдауға өздерінің мөлшері, орамасы, қасиеттері бойынша багаж вагонына қиындықсыз тиелуі және орналастырылуы мүмкін және тасымалдаушының мүлкіне, пошта жөнелтімдеріне және басқа да жолаушылардың багажына, жүк-багажына зиян келтірмейтін заттар мен нәрселер қабылданады.
- Жолаушылар поездарының вагондарында олардың жүру жолында мыналарға жол берілмейді:
- Адамдарды, жануарларды, қауіпті және аса қауіпті жүктерді санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтамай тасымалдауға жол берілмейді.
- Жүктерді тасымалдау тек өз құрылысы, мақсаты және техникалық жай-күйі бойынша қауіпсіз және нақты жүкті сақтаулы тасымалдау үшін арналған жылжымалы құраммен жүзеге асырылады.
- Ашық жылжымалы құрамда тасымалданатын жүк (орау және бекітуді ескергенде) тиеу габариті шегінде орналасуы тиіс.
- Станциялар шегінде габариттік емес жүктері бар поездар арнайы бөлінген және техникалық басқару актілерінде көрсетілген жолдар бойынша ғана өткізілуі тиіс.
- Габариттік емес жүктері бар вагондар тіркелген поездың номері жүктің габариттік емес аймағы және дәрежесін сипаттайтын индекспен толықтырылады. Тасымалдау құжаттарына поезда габариттік емес жүгі бар вагондардың болуы туралы белгі қойылады.
- Жүк жөнелтуші жүктің деңгейі мен қауіптілігіне қарай Техникалық регламентке қосымшаға сәйкес қауіпті жүктерді белгілі сыныпқа, кіші сыныпқа, санатқа және топқа жатқызады.
- Жүк жөнелтушілер жүктерді, сондай-ақ қауіпті жүктерді ыдыста және орамда тасымалдауға ұсынуы тиіс. Қауіпті жүктерді бүлінген немесе тығындары ашық (жапқыш, люктер) ыдыста тасымалдауға тыйым салынады.
- Қауіпті жүктерді апару, тиеу, түсіру (жүк түсіру) сақтау және тасымалдау қауіпсіздігі авариялық жағдайлар және олардың зардаптарын жоюға темір жол бөлімшелерінің қажетті құралдар мен мобильдік бөлімшелердің болуымен қамтамасыз етіледі.
- Қауіпті жүктерді тасымалдау процесі кезінде авариялық жағдай туындаған кезде тасымалдау процесіне қатысушылар көрсетілген бөлімшелердің авария болған орнына дер кезінде жіберілуін қамтамасыз етеді.
- Қағазды, пергаментті, тольді және басқа да тез жанғыш материалдарды қолданумен оралған қауіпті жүктерді ашық жылжымалы құраммен тасымалдауға тыйым салынады. Мұндай материалдарды механикалық бүлінуден және атмосфералық жауын-шашыннан қорғау ретінде қолдану қажеттілігі болған жағдайда, жүк көп қабатты фанерадан немесе бір-бірімен тығыз жанасқан сүрленген ағаштардан жасалған тығыз жәшіктерге салынуы тиіс.
- Бақылау рамасымен келе жатқан жүкті тиісті біліктілігі бар жол қашықтығының тәжірибелі жұмыскері алып жүруі тиіс.
- Арнайы температуралық режимі сақталатын жүктер тек рефрижераторлық вагондармен тасымалдануы тиіс.
- Бұрын қауіпті жүктер тасымалданған көлік құралдарымен тағам өнімдерін тасымалдауға жол берілмейді.
- Тағам өнімдерін тағамдық емес өнімдермен бірге тасымалдауға тыйым салынады. Бір вагонда, контейнерде тағам өнімдерінің әрбір түрлерін бірге тасымалдау, оларды тасымалдауға бірдей шарттары мен қызмет көрсету әдісі бар темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келісім бойынша азық-түліктердің иісін бөлмейтін және қабылдамайтын тағамдарға ғана қатысты рұқсат етіледі.
- Темір жолдар бойынша ерекше талаптармен вагон-цистерналарға және бункерлік жартылай вагондарға құйылған сұйық жүктерді, оңай жанғыш жүктерді және басқаларды тасымалдауға жол беріледі.
- Жүктерді ерекше талаптармен тасымалдауды ресімдеу тәртібі Қазақстан Республикасының темір жол көлігі саласындағы заңнамасында белгіленген сәйкес цистерна-вагондарда және бункерлік жартылай вагондарға құйылған сұйық жүктерді тасымалдау ережесімен, оңай жанғыш жүктерді тасымалдау ережесімен белгіленеді.
- Қауіпті жүктерден басқа сұйық жүктерді алғашқы сынбайтын ыдыстағы контейнерлерде (күбілер, бидондар, канистралар, пластик ыдыстар), сондай-ақ көлемі 3 л аспайтын ұсақ шыны ыдыстарға бөліп, қораптарға, орамдық торға және басқа да жеңіл орамға салып тасымалдауға жол беріледі. Ыдыс көрсетілген сұйық жүкті тасымалдауға арналған болуы тиіс.
- Ашық жылжымалы құрамда жүктерді орналастыру және бекіту тасымалдау кезінде жүктердің жылжып кетуін және бүлінуін болдырмауы тиіс.
- Вагондарда жүктерді орналастыру шарттары: бекіту деректемелерін есепке алғандағы жүктің массасы вагонның трафареттік жүк көтергіштігінен аспауы тиіс. Жүк ауырлығының жалпы ортасынан вагонның көлденең және тік осьтеріне қатысты ауытқуы, сондай-ақ вагон шанағының элементтеріне жүктемесі рұқсат етілген мәндерден аспауы тиіс.
- Сыртқы орамы қағаздан, пергаминнен және басқа да оңай жанғыш материалдардан болатын жүктерді ашық жылжымалы құрамда тасымалдауға жол берілмейді.
- Контейнерлерде иісі нашар, контейнердің ішкі бетін былғайтын жүктерді, тасымалданғаннан кейін контейнерді жуу және дезинфекциялау талап етілетін жүктерді тасымалдауға жол берілмейді.
- Радиациялық фактор бойынша нормаланатын жүктерді тасымалдағаннан кейін барлық көлік құралдары олардың одан кейінгі пайдалануға қарамастан радиациялық бақылаудан өтуі тиіс.
- Жүктерді және контейнерлерді вагондарға тиеумен және олардан түсірумен байланысты операцияларды орындау үшін жалпы пайдалануға арналған орындарда вагондарды, контейнерлерді үздіксіз, сақтай отырып өңдеуге, жүктердің сақталуын қамтамасыз етуге арналған тиісті түрде жабдықталған құрылыстар мен қондырғылар болуы тиіс, сондай-ақ олар қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманың талаптарына жауап беруі тиіс. Бұл операцияларды тиеп-түсіру машиналары және жабдықтары жүзеге асырады.
«Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтiмдерiн темір жол көлігімен тасымалдау
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне қосымша
Қауіпті жүктерді сыныптау 1-сынып – жарылғыш материалдар (ЖМ); 2-сынып – сығымдалған, сұйытылған және қысыммен ерітілген газдар; 3-сынып – тезтұтанғыш сұйықтықтар (ТТС); 4-сынып – тезтұтанғыш қатты заттар (ТҚЗ); өздігінен тұтанғыш заттар (ӨТ); сумен өзара әрекет кезінде тұтанғыш заттар бөліп шығаратын заттар; 5-сынып – тотықтырғыш заттар (ТЗ) және органикалық пероксидтер (ОП); 6-сынып – улы заттар (УЗ) және инфекциялық заттар (ИЗ); 7-сынып – радиоактивті материалдар (РМ); 8-сынып – жебір және (немесе) коррозиялық заттар (КЗ); 9-сынып – басқа да қауіпті заттар.Қауіпті заттардың кіші сыныбы | ||
Нөмір | Кіші сыныптың атауы | |
сыныптың | кіші сыныптың | |
1 | 1.1 1.2 1.3 1.4 1.5 1.6 | Массасының жарылу қаупі бар жарылғыш материалдар Массасы жарылмайтын жарылғыш материалдар Массасы жарылмайтын өрт қаупі бар жарылғыш материалдар Елеулі қауіп келтірмейтін жарылғыш материалдар Онша сезгіш емес жарылғыш материалдар Аса төмен сезгіш бұйымдар |
2 | 2.1 2.2. 2.3 2.4 | Тұтанбайтын улы емес газдар Улы газдар Тұтанғыш (жанғыш) газдар Улы және тұтанғыш газдар |
3 | 3.1 3.2 3.3 | Жабық тигелдегі минус 18 °С төмен температуралық жарқ етуімен тезтұтанғыш сұйықтық Жабық тигелдегі кемінде минус 18 °С, бірақ 23 °С төмен температуралық жарқ етуімен тезтұтанғыш сұйықтық Жабық тигелдегі кемінде минус 23 °С, бірақ 61 °С аспайтын температуралық жарқ етуімен тезтұтанғыш сұйықтық |
4 | 4.1 4.2 4.3 | Тез тұтанғыш қатты заттар Өздігінен жанғыш заттар Сумен өзара әрекет кезінде тұтанғыш газдар бөліп шығаратын заттар |
5 | 5.1 5.2 | Тотықтырғыш заттар Органикалық пероксидтер |
6 | 6.1 6.2 | Улы заттар Инфекциялық заттар |
7 | - | Радиоактивті материалдар кіші сыныптарға бөлінбеген |
8 | 8.1 8.2 8.3 | Қышқылдық қасиеті бар жебір және (немесе) коррозиялық заттар Негізгі қасиеттерге ие жебір және (немесе) коррозиялық заттар Әр түрлі жебір және (немесе) коррозиялық заттар |
9 | 9.1 9.2 | 1-8-сыныптарға жатқызылмаған жүктер Үйіп су көлігімен тасымалдаған кезде ғана қауіп тудыратын қауіп түрлері бар жүктер |