22 Қыркүйек, 2010

“Электронды үкіметті” іске қосатын мезгіл жетті

452 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
Кеше Байланыс және ақпарат министрлігінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығы­мен Үкіметтің көшпелі отырысы бо­лып өтті. Онда еліміздің ақпа­рат­тық-коммуникациялық техно­ло­гияларды дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасы қабылданды. Алдымен Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұма­ға­лиев “Электронды үкімет” жоба­сының бүгінгі сипаттамасын толық түрде баяндап шықты. Министрдің айтуынша, мемлекет “Электронды үкімет” жобасын 2005 жылдан бері дамытып келеді. Осы уақыт ара­лығында жобаға құйылған қар­жы­ның бас-аяғы 44 млрд.теңгені құ­райды. Сондай-ақ осы кезең ішінде жүйені құрайтын барлық жеке тұлғалардың, заңды тұлғалар мен жылжымайтын мү­лік­тің адрес­тік тіркеуі туралы мә­лі­меттер жи­на­ғы толықтай құрыл­ды. Ол жүйе­нің инфрақұрылымы құрылғанды­ғын білдіреді. “Элек­тронды үкі­меттің” жаңартылған порталдары мен “е-лицензиялау”, төлем шлюзі, серверлік орталық­тар ту­ралы айтып өткен Асқар Жұ­ма­ғалиев оның ерекшелікте­рі­не де тоқталды. Жаңартылған пор­талдар негізінен ел азамат­та­ры­на көрсе­тілетін электронды қызмет түрле­ріне негізделген. Сон­дай-ақ элек­тронды сандық қол қоюды жасау мен алу жүйесі одан әрі жетіл­дірі­ліп, оңайла­тыл­ған. 2012 жылға дейін мұндай ЭСҚҚ еліміздің 850 мың тұр­ғы­нында болады деп жоспарланып отыр. Бұл еліміздегі экономи­ка­лық тұрғыдағы белсенді халықтың 11 пайызын құрайды. Сондай-ақ Байланыс және ақпарат министрі бүгінгі күні мемлекеттік орган­дар­да орын алып отырған қай­талама қағаздардан арылуға уақыт жет­кендігін айтты. Өйткені элек­тронды түрде жіберілген көп­те­ген материалдар қайтадан қағазға ба­сы­лып уақыт және қаржы алаты­нын ескертті. Ал біртіндеп толық­тай электронды жүйеге көшуге, қа­ғазбастылықтан арылуға техни­калық мүмкіндіктер реттелген. Тек бұл үшін арнайы заң қабылдануы қажет, деді ол. Тұрғын халықтың қол­данып жүрген “Электронды үкімет” қызметтеріне мониторинг жүргізу барысында ең көп қолда­нылатын, ең қажетті деген түрле­рін анықтадық. Нәтижесінде қыз­мет түрлерінің көп емес екендігін ес­кере отырып, оны 709-ға дейін ұл­ғайту керектігін айтқым келеді. “Электронды үкімет” порталында қол­данушыларға мемлекеттік ор­ган­дардың 59 электронды қызметі ұсынылады. Оның ішінде ең қа­жеттілері лицензия алу мен шешім­дер екен. Атап айтсақ, Әділет, Қаржы, Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрліктері мен Салық комитетінің е-қызметтері болып отыр. Алдағы уақытта біз лицензия берушілер санын 20-ға дейін көбейтпекпіз, деді министр. Премьер-Министр баяндаманы тыңдап болғаннан соң біраз мәсе­лелерге тоқтап, “Электронды үкі­меттің” одан әрі дамуына бай­ла­нысты бірқатар тапсырмалар берді. Кәрім Мәсімов “Электронды үкі­метті” талдау барысында кейбір жаңа нәрселерді енгізуге тоқтала кетті. Атап айтсақ, министрліктер мен агенттіктердің басшыларына Үкімет басшысының тапсырмасын шұғыл түрде алып отыруға мүм­кін­дік беретін пошталарды пайда­ла­ну­ды тапсырды. Премьер-Министр­дің айтуынша, BlackBerry арқылы құпия емес электронды пошта­лар­ды қолдану “Электронды үкіметті” өзімізден бастауға мүмкіндік бермек. Байланыс және ақпарат министрлігіне “Қазақтелеком” компаниясымен, сондай-ақ Пре­мьер-Министр Кеңсесімен бірлесе отырып тапсырманы орындауға бір апта уақыт берілді. Үкімет басшысы ақпараттандыру үдерісін алдымен өздерінен бастамаса, іс орнынан жылжымайтындығын атап өтті. Бұдан соң салалық бағдарлама­ны таныстыру үшін сөз алған Байла­ныс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев таяу болашақта, яғни 2015 жылы Қазақстан аумағының 95%-ы сандық хабарларды қабыл­дау мүмкіндігіне ие болатындығын жеткізді. Салалық бағдарламаның негізгі мақсаты ақпараттық қоғамға және инновациялық экономикаға көшу, сондай-ақ АКТ-ның бәсеке­ге қабілетті экспортқа бағытталған ұлттық секторын қалыптастыру бо­лып табылады. 7 бағыттан тұратын са­лалық бағдарлама Үкімет мүше­леріне таныстырылған соң, “ащы тері алынды”. Бұлай деуіміздің мәнісі Премьер-Министрдің бағ­дарламаны кемшіліксіз деп айта алмаймын, көптеген толықтырулар қажет деуінде жатыр. Оған қоса бағ­дарламаға Асқар Жұмағалиевтің әріптестері де көбірек шұқшиды. Үкімет басшысы көшпелі отырысқа дейінгі өткізіліп жүрген кеңестерде еліміздегі ақпараттық саланы да­мы­ту мәселесін талқылап жүргендік­терін еске салды. Кәрім Мәсімовтің пікірінше, бұл “Электронды үкі­метті” дамытумен тікелей байла­ныс­ты. Осы орайда Премьер-Ми­нистр Қазақстандағы LTІ жүйесін, кең жолақты интернетті дамыту бойынша ұсыныстарын жеткізді. “Біз планшетті компьютерлерді, сондай-ақ ұялы телефондардың жаңа түрлерін ел азаматтары үшін қалай қолжетімді ете аламыз, олар­ды электронды үкіметке қалай қоса аламыз? Осыны зерттеу қажет. Өйт­кені, мен шетелдерден келіп-кететін кейбір әріптестерім план­шетті компьютер немесе қандай да бір ұялы телефон арқылы өз Үкіметін басқаруды шетелдерде де жалғастырып жататынына куә бо­лып жүрмін. Болашақта осы жай­ын­да ойлану керек және тиісті ұсы­ныстарды ескере отырып “е-үкі­метті” дамыту бағдарламасына түзе­тулер енгізу қажет”, деді Үкімет бас­шысы. Иә, “Электронды үкімет­ті” жүзеге асыруда алға жылжушы­лық бар, тіпті өте үлкен. Дегенмен, оны мүлде кінәратсыз деп айтуға ертерек, әлі көп нәрселер атқа­рылуы қажет. Бастысы, кең жолақ­ты интернет барша үшін де қол­же­тімді болуы тиіс, ұялы байланыс­тың дамуының 4 сатысы LTІ тех­нологиясының тез арада дамуына басты назар аударылуы қажет. Үкіметтің көшпелі отырысында өзге де мемлекеттік органдар өз салалары бойынша жүргізіп жатқан “Электронды үкімет” жетістіктеріне тоқталды. Мысалы, Қаржы ми­нистрі Болат Жәмішев электронды мемлекеттік сатып алу порталында 70 мыңнан астам қатысушы тір­келгендігін айтты, сондай-ақ оның 46 мыңы өнімді жеткізіп берушілер екен. Веб-порталға аптасына 300 мыңдай адам кіреді екен, кейде күніне 30 мың адам кіреді. Жылдық жоспарлы мемлекеттік тапсы­рыстың 18 мыңдайы электронды форматта жарияланып, мемлекеттік сатып алудың қорытындысын білдіретін 900 мың шешім шыққан. Б.Жәмішев электронды мемлекет­тік сатып алу биылғы жылы баға ұсыныстары әдісімен жүзеге асы­рылатындығын айтып өтті, ал кон­курстық әдіспен өткізілетін мем­ле­кеттік сатып алудың қанатқақтысы өткізілуде. Осыған дейін 1 млрд. 400 млн. теңгеге 90 конкурс өт­кізілген. Сондай-ақ “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңға өзгерістер енгізу туралы жаңа жоба дайын­дал­ған. Мұны алдағы жылдан бастап бар­­лық мемлекеттік органдар қол­да­натын болады. Қаржы министрі сатып алудың аукционды әдісін енгізу туралы мәселе қаралып жатқандығын, 2011 жылдан бастап оны қанатқақты режімде енгізу жоспарланып отырғандығын хабар­лады. Ал Еңбек және халықты әлеу­­меттік қорғау министрі Гүл­шара Әбдіқалықова 2012 жылдан бастап бала тууға байланысты бе­рілетін жәрдемақының электронды қызметін ұсынбақ екендіктерін жеткізді. Сондай-ақ өздерінің элек­тронды портал арқылы азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз етудің 12 қызметі бар екендігін, бірақ ол туралы көбі біле бермейтіндігін ескертті. Болашақта біз осы бағытта түсініктеме жұмыстарын жүргізетін боламыз, деді ол. Кейбір әлеуметтік салаларды ақпараттық жүйемен қамтамасыз ету тек үзік-үзік түрде көрсетілгендіктен жүйелілік жоқ. Осы мәселені шешу мақсатымен біз өткен жылдан бастап әлеуметтік еңбек саласында бірыңғай ақпарат­тық жүйе құруды бастадық. Бұл бағдарлама “Электронды үкіметке” біріктіріліп отыр. Елімізде ақпарат­тандыру жұмыстары жүргізілген соңғы 11 жыл ішінде 4 млрд. теңгедей қаржы жұмсалған екен. Осы қаржы арқылы әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламаларын тиімді басқару қамтамасыз етілді, деді сөз аяғында Гүлшара Наушақызы. Ал Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов осы жылдың аяғына дейін бірқатар жаңа ақпараттық қызметтерді ен­гізуді аяқтауды жоспарлап отырған­дықтарын жеткізді. Оған қоса, МАИ-дің әкімшілік айыппұлдарын төлеуді “Электронды үкіметтің” тө­лем шлюзі арқылы жүзеге асыруға болатын жаңа электронды қызмет енгізілгендігін айтты. Көшпелі отырыс соңында Үкі­мет басшысы “Электронды үкімет­ке” жауапкершілікті 3 министрлік­ке жүк­теді. Байланыс және ақпарат ми­нистрлігі жобаның техникалық сала­сына жауап берсе, Экономика­лық даму және сауда министрлігі бизнес үдерістеріне жауапты. Ал мұның бәрін үйлестіріп, орындау Қаржы министрлігіне тапсырылды. Аталмыш мемлекеттік органдар 1 апта уақыт ішінде отырыста қабыл­дан­ған және талқыланған мәсе­ле­лерді ескере отырып жобаны то­лықтырмақ. Венера ТҮГЕЛБАЙ.