06 Қазан, 2010

Жұлдыз ОМАРБЕКОВА: “Алтын жүрек” – өмірдің өзінен туған жоба”

619 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Жұртшылық “Бауыржан” қоғам­дық қайырымдылық қорының ди­рек­торы Жұл­дыз Омарбекованы ұлт­тық қоғамдық “Алтын жүрек” сый­лы­ғы­ның ұйымдас­ты­рушысы ретінде та­ниды. Жұлдыздың айтуынша, 4 жыл ішінде күз мезгілінде өте­тін кең ауқымды жобада көптеген өзгеріс­тер мен толықтырулар орын алып отырады. – “Бауыржан” қоры “Алтын жүрек” сыйлығын жасауға қалай әсер етті? – “Бауыржан” қайырымдылық қоры өз уақыты ішінде Қазақ­стан­дағы әлеуметтік институтты қа­лып­тастыру мен қайырымды­лық­ты да­мытуда көптеген игі істер атқарып үлгергендігін мақтаныш­пен айта ала­­­­мын. Осы қордың негізінде “Ал­тын жүрек” сыйлығы дүниеге келді. Бүгінгі күні “Бау­ыржан” және “Ал­тын жүрек” – бірін-бірі толықт­ы­­ратын бір бүтін болды десек болады. – Жұлдыз, сіз тек әлеуметтік қызметкер ғана емес, шығармашы­лықпен де айналысады екенсіз... – Менің басыма қандай да бір ой келсе, сол ойымды жүзеге асыр­майынша ұйқыны да, тамақ­ты да ұмытамын. Мысалға жақын уа­қытта “Қайырымдылық қор бас­қа­рушыларына арналған нұсқау­лық” атты кітап шығаруды ұй­ға­рып отырмыз. Сондай-ақ, “Бауыр­жан” қоры 2010 жылдың қазан ай­ында мүмкіндігі шектеулі жандарға ар­нал­ған “Самғау” атты жаңа сый­лық­ты дүниеге әкелу жоспары бар. Жаңа жоба 1 қазаннан бастау ала­ды, ал салтанатты марапаттау кеші 3 желтоқсан күні – халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай ұйымдастырылады. – “Алтын жүрек” өміріңіздің маңызды жобасы деп ойлайсыз ба? – Иә. Жақында бір компания өкілі “Алтын жүрек” сыйлығына демеушілік көрсететінін айтты, алай­да сол көмегі үшін “Жыл ұйымы” номинациясы бойынша жеңімпаз болуын талап етті. Біраз ашуымды тудырғаны рас. Ол болса маған, бұл жай ғана жоба екендігін айтты. Мен оған бұл жай ғана жоба емес, “Ал­тын жүрек” менің өсіріп, аяққа тұр­­ғызған балам сын­ды екенін тү­сін­діруге тырыстым. Жоба мен үшін ақ­шадан да, атақ­тан да қым­бат. Сый­лық халыққа керек және оның ма­ңыз­дылығы жыл сайын ар­тып ке­леді. Қазіргі таңда “ақша әл­емді би­лейді” де­генді мойы­н­дауға қинала­мын. Сон­­­­дықтан да осы атал­мыш сый­­лық әділетті болған­ды­ғын мақсат тұт­тым және ұйым­да­с­тыру барысы ашық болғанын қа­ладым. Бізде бә­рі де ашық дау­ыс­пен анық­талады. – Сіз алдыңғы жолы берген сұх­батыңызда жыл сайын жобаға жа­ңа өзгерістер енгізуге тырыса­мын деп едіңіз, осы жылы қатысу­шы­ларды немен қуантасыз? – Жыл сайын ұйымдастыру ко­митеті сыйлықты жаңартып оты­­рады, жұмыстың механизмін өз­­гертуге тырысады. Бастапқы кезде үм­іткерлерді таңдауда, қа­жетті құ­жаттарды дұрыс реттес­тіруде, ма­рапаттау салтанатын ойдағыдай өткізудің механизм­дерін толықтай білмейтінбіз. Жыл сайын өзгеріс­тер енгізе бастадық. Мәсе­лен, жаңа бағалау жүйесін енгіздік, онда са­рап­шы және қо­ғамдық кеңес лау­реаттар мен қ­а­­ты­су­шы­ларды 10 бал­дық жүйемен баға­лай­ды. Таң­даудың ережесі мен шарт­тарын да қайта қарастырдық. Қазір меце­нат­тар мен қайырым­ды­лық­пен айна­лы­сатын мекеме­лер ағым­­дағы жыл­дағы қайырым­дылық­тарын дәлел­дейтін құжат­тарды ғана тапсыра алады. Соны­мен бір­ге төрелік ету мен жеңім­пазды таң­дауға ұйым­да­стыру ко­митеті өкіл­дері қатысады. – Шарттар өзгерген сайын қатысуға ниеттілердің саны азай­май ма? – Азаймады, өтініштерді қа­былдау әлі жүріп жатыр. Қатысуға ниет білдірген меценаттар саны жыл сайын өсіп келеді. Мысалы, өт­кен жылмен салыстырғанда, жал­пы саны екі есеге өскен. Таң­дау та­­­лаптары өзгергендігі, менің ойымша – дұрыс, өйткені барлық қатысу­шы­ларға бірдей құқық беріледі. Бәрі әділетті болады. – Биыл сарапшы және қоғам­дық кеңестің құрамында кімдер болмақ? – Қазылар алқасының мү­ше­лерін белгілеп қойдық. Енді ол­­­ар­ды арнайы шақырумен айна­лысып жатырмыз. Алайда олардың есімін әзір айта алмаймыз. – Кең ауқымды жоба жасауға не көмектесті? – Кімде-кім қандай да бір жо­ба жасауға бел буса, ең алдымен бар ынтасы мен жігерін аямауы ке­рек. Әрбір жоба балаң сияқты. Мә­селен, балаңа көңіл бөлмей қал­­саң, тәрбиесінде олқылық бо­лады ғой. Жоба да көп көңіл бөлмесең, еңбек етпесең дами алмайды. Мен бұл жо­баны жақсы көретініме қуана­мын және осы қуанышым мен ма­хаббатымды ұйымдастыру­шы­лар да бөлісетініне ризамын. Биыл, міне, төр­тінші жыл “Алтын жүрек” сый­лығын өткі­земіз. Ал­ғашқы жылы күні-түні тынымсыз еңбек еткені­міз есімде. Кеңседе таңғы төртке дейін оты­рып жұмыс жасаған кездеріміз бол­ды. Міне, қазір соның жемісін көрудеміз, жоба жыл сайын жаңа табыстарға жетіп келеді. Сондай-ақ, бізгеқол ұшын берген “Chevron”, “Саутс-Ойл”, “KAZENERGY”, “КТЖ” компа­ния­ларын айтпай өту мүмкін емес. Биылғы жылы салтанатты мара­паттау әсем Астанамыздағы Кон­гресс-холда өтеді. Бұл кештің өтуі­не Президент Әкімшілігі, Бай­ла­ныс және ақпарат министрлігі, Мә­де­­ниет министрлігі, сондай-ақ Астана қа­­­­­ласының әкімдігі ұйыт­қы болмақ. – “Алтын жүрек” сыйлығымен салтанатты марапаттау кеші туралы айтып өтсеңіз... – Кеш жарқын әрі қызық бол­ған сайын, көрермендер ес­інде ұзақ сақталады. Конгресс-хол­да өте­тін кеште барлығы лау­реат ата­­нады деп айта алмаймын, алайда бұл кеш қызықты әрі әсерлі бо­ла­тынына сөз берем. “Алтын жү­рек” қатысушылары мен қонақ­тарын ұмытылмастай кеш күтеді. Бірінші рет “Алтын жүрек” гимні шыр­қа­лады, сөзі мен әуені Ренат Гай­син­дікі. Біз жыл сайын жоба өсіп, жа­ңа жетістікке, шыңдарға шыға бе­ре­ді деп сенеміз. Сондай-ақ, “Ал­тын жүрек” сыйлығының алдағы уақытта халықаралық дең­­гейге жеткенін, халықаралық сый­лыққа айналғанын армандаймын. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Венера ТҮГЕЛБАЙ.