06 Қазан, 2010

Әлеуметтік мем­лекет құрудағы табыстары үшін

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясының Алтын белгісімен марапат­талды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясы” халықаралық кәсіподақтар бірлестігінің бас хатшысы Владимир Щербаковты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында В.Щербаков Прези­дент­ті Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфеде­рациясы төралқасының  шешімімен кәсіп­одақ­тар қозғалысына қосқан үлесі үшін Нұр­сұлтан Назарбаевтың ТМД-ның Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясының жо­ға­ры наградасы – Алтын белгімен марапат­талғаны туралы хабардар етті. Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясының жетекшісі Мемлекет басшысына награданы тапсырды. – Нұрсұлтан Назарбаев – Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясының Алтын белгісімен марапатталған жалғыз Пре­зидент. Нұрсұлтан Әбішұлының басшылы­ғымен Қазақстан Конституцияның аса ма­ңыз­ды баптарының бірі – әлеуметтік мем­лекет құруды іске асыруда барынша жоғары нәтижеге қол жеткізді. Барлық өлшемдер бойынша, ең төменгі еңбекақы деңгейі болсын, зейнеткерлерге көрсетілген қамқор­лықтар болсын, орташа еңбекақы, халықты, әсіресе дағдарыс кезеңінде жұмыспен қамтуда болсын Қазақстан жоғары деңгейден көрінді. Президенттің басшылығымен Қазақстанда жұмыссыздықтың өсуіне жол берілген жоқ, керісінше, дағдарыс кезеңінде оны төмендетуге қол жеткізілді. Қазақстанда көптеген әлеуметтік проблемалар қарқынды және дәйектілікпен шешімін табуда. Сон­дықтан Жалпыға бірдей кәсіподақтар кон­федерациясының төралқасы тарапынан осын­дай шешім қабылданды, – деді журна­листерге арналған брифингте В.Щер­баков.