03 Қараша, 2010

Құрылыс нормалары жаңартылды

673 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агент­тігі Білім және ғылым, Ден­сау­лық сақтау, Төтенше жағ­дайлар министрліктерімен бір­лесіп, әлеу­меттік құрылыс обьек­тілері үшін жаңа құрылыс нор­малары мен ере­желерін (ҚНжЕ) әзірлеп, қа­был­дады, деп хабар­лады Премьер-Министрдің бас­пасөз қызметі. Үстіміздегі жылдың 18 қаза­нын­да Президент Нұрсұлтан На­зар­баев Премьер-Министр Кәрім Мәсі­мовке мектептер мен ауруха­на­лардың, емханалардың және тағы басқа әлеуметтік объекті­лер­дің құрылыс жұмыстарының құнын арзандату жөнінен тиісті шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Жоғарыда аталған шара Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асырылып отыр. Үкімет басшысы 25 қазанда “Нұр Отан” ХДП парламенттік фракциясы мен активі алдында сөйлеген сөзінде жаңа құрылыс нормалары мен ережелерінің алдын ала есептеу бойынша құрылыс жұмыстарының құнын 23 пайызға қысқартуға мүмкіндік беретінін атап өткен болатын. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп “Мектепке дейінгі мекеме”, “Жалпы білім беретін мекеме” және “Емдеу-сауықтыру мекемелері” құрылыс нормалары мен ережелеріне өзгертулер енгізді. Оларда бала­бақшалар, мектептер, ауруханалар, амбулаториялар, дәріханалар мен фельдшерлік-акушерлік пункттер ғимараттарын және т.б. обьек­ті­лерді жобалау мен құрылыс жұмыс­тарының оңтайлы пара­метр­лері айқындалған. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау және білім беру объек­ті­леріне жаңа санитарлық нормалар мен ережелерді бекітті. Салынып жатқан барлық мек­тептер, емханалар және ауруха­на­лардың құрылыс жоба­­лары оң­тай­ландырылады. Барлық ақ­парат жергілікті атқарушы органдарға жо­балық-сметалық құжаттарды қайта әзірлеу үшін жіберіледі және жаңа жылдан бастап барлық жаңа обьектілер жаңа оңтайландырыл­ған құрылыс нор­малары мен ере­желері бойын­ша салынады, – деді Құ­рылыс және тұрғын үй-ком­му­налдық шаруа­шылық істері агент­тігінің төрағасы Серік Нокин. Бекітілген құрылыс нормалары мен ережелері 2010 жылдың 1 қа­ра­шасынан іске қосылды.