06 Қараша, 2010

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы № 442

760 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2010 жылғы 6 қыркүйек              Астана қаласы “Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (қоса есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша Есепті тапсыру Ережелері және нысанын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 603 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы” “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңын қабылдауға байланысты бұйырамын: 1. “Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (қоса есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша Есепті тапсыру Ережелері және нысанын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 603 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5428 болып тіркелген, “Заң газеті” газетінде 2008 жылғы 31 желтоқсанда № 197 (1597) жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (қоса есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша Есепті тапсыру Ережелерінде (201.00 нысаны): 1-тармағының бірінші абзацында “нотариустардың” деген сөзден кейін “, жеке сот орындаушыларының” деген сөздермен толықтырылсын; 8-тармағында: тармақшасында “2010 жылдың 13 тамызына дейін” деген сөздер “2012 жылдың 1 қаңтарына дейін” деген сөздермен ауыстырылсын; тармақшасында “2010 жылдың 13 тамызына дейін” деген сөздер “2012 жылдың 1 қаңтарына дейін” деген сөздерге ауыстырылсын; 7) тармақшасында “G” әрпінен кейін “, H” әрпімен толықтырылсын; 9-тармақтың 1) тармақшасында “адвокат” деген сөзден кейін “, жеке сот орындаушылары” деген сөздермен толықтырылсын. Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (қоса есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша Есеп нысаны бұйрықтың қосымшасына сәйкес жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Берілген бұйрық ресми жариялануға жатады және “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының қолданысқа енгізілген күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі           Б.ЖӘМІШЕВ. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 5 қазандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6519 болып енгізілді.