06 Қараша, 2010

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің бұйрығы №252

539 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2010 жылғы 21 шілде, Астана қаласы “Қазақстан Республикасының көмірсутегі кенорындарының өнімді қабаттарына көмірсутегі газдарын айдау кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2003 жылғы  25 қыркүйектегі № 177 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Бұйырамын: 1. “Қазақстан Республикасының көмірсутегі кен орындарының өнімді қабаттарына көмірсутегі газдарын айдау кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 177 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2555 болып тіркелген, “Казахстанская правда” газетінде 2003 жылғы 27 қарашадағы №№ 340-341, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл., № 43-48, 900-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасының көмірсутегі кенорындарының өнімді қабаттарына көмірсутегі газдарын айдау кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігі ережесінде: 1-тармақта: “Заңының” деген сөзді “заңдардың” деген сөзге ауыстырылсын; “Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлықтарының” деген сөздер алынып тасталсын; 2-тармақта: 3) тармақшада “іске қосу” деген сөзден кейін “объектіні” деген сөз алынып тасталсын; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: “5) Оператор - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретті органның жазбаша хабарламасы бойынша жер қойнауын пайдаланушылар құратын немесе белгілейтін, келісім-шартты орындауға байланысты қызметті жедел басқаруды және есепке алу-есеп беру операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға, оның іс-әрекеті үшін жер қойнауын пайдаланушы мемлекет алдында мүліктік жауапкершілікте болады;”; 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: “7) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;”; 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: “8) құзыретті орган – Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен бекітілмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өңдеуге келісімшарттарды қоспағанда, бірлескен барлау мен өңдеуге, барлауға, өңдеуге келісімшарттарды жасасуға және орындауға байланысты құқықтарды жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының атынан іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.”; 4-тармақта “Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган)” деген сөздер “уәкілетті органмен” деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақта “өртжарылыс пайдалану және” деген сөздер “жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалануды” деген сөздермен ауыстырылсын; 52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: “52. “Kөмірсутегі газдарын өнімді қабаттарға айдау кезінде оператор жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жерасты геодинамикалық үлгілеуді және мониторингті жүзеге асырады.”. 2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай өнеркәсібінің департаменті (А.К. Сүйесінов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы Ә.МАҒАУОВ. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 24 тамыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6441 болып енгізілді.