06 Қараша, 2010

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №595

508 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2010 жылғы 10 қыркүйек  Астана қаласы 2010 жылы ауыл халқын одан әрі шағын несиелендіру үшін шағын несие ұйымдарын несиелендіру туралы “2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2006 жылғы 7 шілдедегі     № 645 қаулысымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау Ережесінің 34  және  36 - тармақтарына              сәйкес бұйырамын: “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” акционерлік қоғамы тарапынан ауыл халқын одан әрі шағын несиелендіру үшін шағын несие ұйымдарын несиелендіру барысында мыналар: 1) жылдық 7,5% -дан артық емес сыйақы ставкасы; 2) ауыл  халқына (шағын несие ұйымдарының түпкі қарыз алушыларына) берілетін қарыздың жылдық 14,5% - дан артық емес сыйақы ставкасы   белгіленсін. 2. Ауылдық аумақтар істері жөніндегі комитеті (Тұңғышбеков С.Т.) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 18 мамырынан бастап туындаған қатынастарға таралады. Министр А. КҮРІШБАЕВ. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 30 қыркүйек Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6515 болып енгізілді.