30 Қараша, 2010

Қазақстандықтар тілегі үлкен жиын үстінде

361 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Президент поштасынан Мемлекет басшысының атына Қазақстан халқы  Оңтүстік Қазақстан облыстық Ассамблеясының сессиясында қабылданып, 18 этно-мәдени орталықтың төрағалары қол қойған хат келіп түсті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Хатта Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары рес­публиканың барша азамат­тары­мен бірге халықаралық өмірдің айтулы оқиғасына айналатын жаһандық форумға – ЕҚЫҰ саммитіне әзірлік барысын айрықша мақтаныш және қуаныш сезімімен қада­ғалап отырғаны хабарланған. “Осы заманғы әлем құ­ры­лысы тарихының маңызды беті біздің көз алдымызда және бейбіт бастамаларын әлем­дік қауымдастық орынды түрде атап отырған Қазақ­стан­ның Тұңғыш Прези­ден­ті­нің тікелей қатысуы жағ­дай­ын­да жазылып жатқанын қуа­ныш­пен атап өтеміз. Біз өзі­мізді бүкіл елімізбен бірге жо­ғары ұйымдық деңгейде, біз­дің халқымызға тән қонақ­жайлық жағдайында өтетініне сенімді шараның қуа­нышты иелеріміз деп санай­ты­ндықтан, осынау оқиғаға қа­тысты болу мүм­кіндігіміз бар. Құрметті Нұрсұлтан Әбіш­ұлы, Сіздің басшылығыңыз­бен Қазақстан дүние жүзіне ядролық сынақтардан бас тар­ту туралы бірінші болып жа­рия етті; Еуразиялық идеяның және интеграцияның бастама­шы­сы болды; этносаралық және ұлтаралық келісімнің бірегей моделін – Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды; елор­даны көшіру және жаңа­сын – Астананы салу жө­ніндегі батыл да тарихи жобаны іске асырды. Мемлекеттің тарихи шежіресі біздің еліміздің ха­лықаралық аренадағы беделін бұрынғыдан да нығайта түсе­тін оқиғамен толығатыны қуа­нышты жәйт. Өйткені, әлемдік тәртіптің өзекті проб­лемаларын реттеу мақсатында келіссөз үстеліне бірнеше он­даған мемлекеттердің басшы­лары отыратын болады. Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, оңтүстікқазақстандықтар Сізді қолдайтынын білсе дейміз. Біздің жүректеріміздің бұл­қы­нысы мен ең ыстық тілек­те­рі­міз Сізге күш және саулық берсін. Көпұлтты Қазақстан хал­қына соғыстың, қуғын-сүр­гіннің, аштықтың, күйреудің не екенін түсіндіріп жатудың қа­жеті жоқ. Қазақтар мен орыс­тар, еврейлер мен неміс­тер, түріктер мен гректер, тағы да жүзден астам ұлт өкіл­дері иық түйістіре оты­рып, өтуге тура келген қайғы-мұң, ауыртпалық, көз жасы адамдарды топтастырып, бе­рік достастырып, зорлық пен әділетсіздік ешқашан мақсат­қа жетудің тиімді құралы бол­мағанын және болмайтынын дәлелдеп берді. Бүгінде сол көшпен­ді­лер­дің ұрпақтары өздерін Тәуел­сіз Қазақстанның азаматтары деп мақтанышпен атап, оны өздерінің Отаны санайды, осында отбасын құрып, бала тууда, елдің болашағын өз қол­дарымен жасауда. Әлемдік қауымдастықтың өкілдерін біз түрлі ұлт адам­дарының арасындағы сенімді нығайтуға, Отан тағдыры үшін ортақ жауапкершілік дәс­түрлерін молықтыруға,  этнос­аралық және конфес­сия­аралық салаларда ашық­тық­ты сақтауға, бейбітшілік пен келісімнің негізі ретінде төзімділікті дамытуға шақыр­ғанымызға және бұдан былай да шақыратынымызға сендір­гі­міз келеді”, делінген хатта.