(Құрбыма хат)
Түсім бе екен, өңім бе екен? Есіл ме, Нұра ма, Ертіс пе, Жайық па, білмеймін, бір ғажап өзеннің жарқабағынан толқыны ерке, ағысы сылдыр арнаға қарап сүйсінемін. Алыста, арғы бетте ақшаңқан зәулім үйлер бой түзеген, сәнді көшелер мен жарыса жүйткіген сан алуан мәшинелер тізбегіне қараймын, солардың арасында менің де балаларым жүйрік тұлпар мінгендей жүйткіп барады. Қазір солардың біреуі бері бұрылады да мені немерем қатынасатын бүлдіршіндердің “Туған ел – алтын бесігім” деген тақырыпта өтетін байқауға апарады. Сол бір ғажайып салтанат сарайында жас ұрпақ өз ана тілінде еркін сайрайды. Сол қуанышқа алдын ала балбырай қол соғамын деп тұрған сезімдегі мені оқыстан соғылған телефон шылдыры оятып жібергендей күй кешемін. Әлде бұл түсім емес, өңім шығар? Әйтеуір құлағыма келген студент кездерді бірге өткізген әлі күнгі сыйласатын құрбымның дауысын тани кеттім. – Алло, қалайсың? Ақжайығыңда не жаңалық бар? – деген қысқа сауал маған көп ой салды. Қалай десем екен? Баяндайын, құрбым, тыңда ендеше… Текше-текше таулар мен тарам-тарам өзендер орап жатқан Атамекенге Бостандық келгелі менің де көзім көрген жәйттер аз емес-ау. Алашқа арман болған еркіндік осы екенін енді сезгендеймін. Бізге 70 жыл бойы сол Алашым деген азамат бабалар есімін айтқызбай келгенін өзің де білесің. Енді олардың не үшін атылғанын да білеміз. Солардың арманы орындалған кезең осы – егемендік. Мен саған оның қай тұсынан баяндасам екен? Жайық бойы да Есіл жағалауына ұқсайды. Бұрын қазақ ұрпағы тұрмаған жеке үйлер саны көбеюде. Бұрын қазақ бүлдіршіндері көрмеген мектептер салынып жатыр. Мен оқушы болғанда Орал қаласында жалғыз қазақ мектебі болған еді, қазір таза қазақ мектебінің саны – он алты. Қазақстанның кез келген облыс орталығында осындай үрдіс белең алғаны алаштың арманы емес пе еді, құрбым? Жақында Маңғыстаудан келдім. Бүкіл ел Бекет баба деп сыйына сөйлейді, өз әулиесіне тағзым етер құдайға қараған ұрпағы болу ата-бабамыздың арманы емес пе еді? Сонау кәрі Каспий жағасында елім деп келген оралмандар тұрағын көріп, бауырларға құшақ ашқан азаматтық шараға сүйсініп келдім. Шевченконы ғана дәріптетіп келген біздің ғасырдың саясатын қазір ұқтым. Әрине, украин халқының талантты ұлын білгеніміз зиян емес, бірақ өз ұлтымыздың Мағжан деген ақынын, Ахмет Байтұрсынов деген парасатты азаматын білмей өскеніміз өкінішті емес пе? Еділ бойын кезіп, домбырасын асынып өткен Құрманғазы сонау Сарыарқада дүбірлеп тұлпар шапқан еркіндікті аңсаудан туған күйді шалқытып концерт қойдық біз. Ол Астананың Конгресс-Холл сахнасында дүркіреп өтті. Астана әуежайында ұшақтан қарасам, көкжиекке көзің тірелетін кеңістік енді бір санаулы күндерден кейін қонақ күткелі құшағын айқара ашып жатыр екен. Иә, бізге қонақтар келеді, иә, бізде саммит өткелі жатыр, оны өзің де естіп-біліп отырсың. Бұл – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары түгелге жуық келген үлкен жиын. Осы Ұйымға төрағалық ету қазақ баласына қашан бұйырған еді? Осы әңгіме бүкіл елде гулеп тұр, біздің де басты жаңалығымыз осы, құрбым. “Достарым келсе қарсы алу үшін, қосылып бірге ән салу үшін, көгілдір туға, егемен елге, Ақжайығымда тамсану үшін” келгенімді сен де жақсы білесің. Енді біздің Қазақстан осы бір аз уақыттың ішінде еркіндіктің арқасында осынша көп қонақ қабылдайтын мүмкіндікке қол жеткізгеніне тамсанып отырған жайым бар. ЕҚЫҰ-ға төраға болып еліміз сайланғанда бұл кезек сайланатын орын шығар деп ойладым да қойдым. Жүйрік жыл зу ете қалған екен, енді Ұйым мүшелерін шақырып, сәрсенбінің сәтіне қонақ күтеді дегенді естігелі толқудамын. Алдымен қырық жыл бойы айтып жүрген Қадыр Мырза-Әлі ақынның “Қазақтарды шетелдіктерге таныстыру” деген өлеңі есіме оралды. Сол әнді көптен бері мақтанышпен шырқайтын едік-ау. Өз ұлтымызды шетелдіктерге таныстыру да арман еді-ау бізге. Енді сол орындалғалы тұр емес пе? Ақын жырынан соң әкеме айтатын қарт әжемнің өсиеті түсті есіме “Атың барда – жер таны желіп жүріп, асың барда – ел таны беріп жүріп” деп отыратын. Қазақтың даналығының бір ұшқыны ғана бұл сөз. Оу, азамат, сенің ат мінгеніңнен не пайда? Егер айналаңды танып, біліп, араламасаң. Сенің асқа өзің тойғаның кімге керек, өзгемен ырысыңды бөліспесең. Адамзат бұл дүниенің жолаушысы, қонағы. Ендеше ол бедерлі із қалдыратын сапар шегуге міндетті жер бетінде. Әттең, ол кез келгеннің маңдайына бұйырмаған. Кез келгеннің ақылпарасаты жете бермейтін шаруа ғой. Біздің дана халық мұны білген, өсиет етіп айтқан. Саммитке келген алуан елді басқарып отырған басшылар мен әлемді шарлап жүрген журналистердің көбі Қазақстан деген кең байтақ даланың бар екенін енді ғана естігендер болуы да мүмкін. Ендеше, келсін. Олар кезіп, мекендеп жүрген жер біздің қазақ даласындай кең емес қой, олардың барып жүрген қалалары біздің Астанадай жаңа салынып жатқан да жоқ. Ал бұл – біз үшін көрсетуге тұрарлық табыс. Ең бастысы – оларға жұмбақ болып келген кең даланы, ғасырлап сақтаған өз ата-бабасының тарихы бар қазақ деген ұлт барын ұқсын, оның өз шежіре тарихы барын, өз ұлысы мен өз салты барын білсін, қонақжай пейіліне тәнті болсын. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жыл бойы басшылық еткен бұл мәртебелі Ұйымның қызметін қорытындылап, мүшелерін Қазақстанға шақырып қонақтауы қазақтың ата-салтына сай ғұрпымыз ғой. Оның үстіне жаңарған елді, бұрын олар білмеген ұлтты танытудың орайы түскен сәт деп ұғуымыз керек бұл саммитті. Көзімді жұмып Астана аспанын елестеттім. Елуден астам елдің басшысы нөкерлерімен, ұшақтарымен келеді деп, елуден астам елдің жалауын желбіретіп салтанатқа бөленуде екен біздің Астана. Қазақ барар жерін “Ат байлар тұғыры бар ма?” деп сұрайды екен. Бұл – сын. Қазақстан үшін үлкен сын сағаты туды. Жаңадан еркіндік алған қазақтың қанша қауқары бар екен деген күдікті сауалмен де келгендер болуы мүмкін ғой. Сондайлар мін тақпаса екен деп тілеймін. Көрші ауылдан қонақ келеді дегенде көрпені түзеткізетін анамның әдеті түседі есіме. Осынша көп қонақты күтуде әлі ысылмаған даяшы мен күтушілердің мәдениетінен қате кетпесе екен деп тілеймін. Әттең, баяғы ұлттық қанымыздағы қонағын тізе бүкпей күтуге үйреткен ата салт бізге қазір өте қажет екенін сеземін. Алуан ой құшағында толқып жүрген кезімде тағы бір телефон шыр етсін. – Алло, естідің бе, саммитке қанша адам келгенін. Осынша қаржы шашып неменеге шақырды екен оларды? Көршім екен. Мен үндемедім. Ойыма Төлеген Айбергенов ақынның “Бұл қазақта жігіттер бар шын ақын, арнайы келген қонаққа, маңдайындағы бір атын, жайратып салып, жарқылдап күліп тұратын, табатын содан мұратын”, деген өлең жолдары оралды. Қонаққа барын шашу о баста қанымызда бар нәрсе. Сонау Бес ғасыр жырларында “Жақсы адамның баласы, мың сан қонақ келсе де жай тасындай қырланған” деп төкпелемей ме? Жайдың тасындай жарқылдап қонақ күту бабалар қалдырған өсиет екен, ендеше. Иә, ұлт байлығын әрқайсымыз өз дорбамызға тықпалап, көң тасыған қоңыздай үйе бермей, шашып та бір көрсетейік. Танысын әлем қазақты. Осыдан қырық жыл бұрын комсомолдар тобымен ақын Фариза Оңғарсынова екеуміз Германияға бардық. Брестен өтерде тексеру бекетінде ұзақ тоқтап, әр вагоннан әр ұлт өкілдері түсіп, шүйіркелесіп қалдық. Кәріс те, жапон да бірден танылып, біздің топ орыстар деп аталдық. Жеке сөйлесіп қазақпыз, Қазақстаннан келдік дегенде ешкім түсінген жоқ. Біраздан кейін бір білгішсымақ, шамалылау орыс тілінде бізді “советские монголы” деп қорытты. Біразы бас изеп, түсіндік дегендей вагондарға отырып, пойызымыз қозғалды. Сол сөзге Фариза екеуміз қатты налыдық, қорландық. Ал қазір қайда барсақ көк туға ұқсас төлқұжатпен Қазақстан деп кеуде керіп шетелге шығатын болдық. Балалар оқып келіп, біраз ел демалыстарын шетелде өткізетін жағдайға жеттік. Алашқа арман болған бостандық деген еркін ел болу деген неткен бақыт, құрбым. Міне, Астана төріне сан тараптан келген ел басшыларының “тұлпарын” тізгінінен ұстап, төрге оздырып құрмет көрсетудеміз. Енді бір мыңнан астам журналист Астанадан бүкіл әлемге хабар тарататын болады. Сол хабарды оқығандар Қазақстан елінің қазақ деген мемлекет құраушы халқы барын, оның қонақжай екенін міндетті түрде айтады. Көкжиегіне көз жетпес байтақ даласы, аз ғана уақытта салған жаңа Астанасы, сан тілді үйренген, өнерге ұмтылған жас баласы, көнеден келе жатқан домбыра деген аспабы барына таңданады. Ешбір ұлттан кем емес екеніне көздері жетеді. Бұл – алаштың сан ғасырғы арманы болған ұлы той. Теңдік пен бостандық тойы. Ендеше, ол тойдың жолына барың болса шашуға тура келеді. ЕҚЫҰ-ға төраға болған Қазақстан өзінің ұлтынан шыққан төл азаматы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы саясатының әділдігіне келіспейтін жөніміз жоқ. Әлемге танылу халқымның абыройы, ұлтыңның ұлағаты. Ұлтты ұлықтап танытуда бұл саммиттің орны ерекше. Иә, бар болғаны алты елде ғана саммит өткен екен, біз жетінші екенбіз. Және ешбір төраға ел саммит өткізбепті. Әрі төраға болған әрі саммит ұйымдастырған ел біз ғана екенбіз. Бұл бізге бұйырған даңқ пен атақ, ырыс пен бақ деп түсінуіміз керек, құрбым. Елбасымыз бір сөзінде “Өз ана тілінде сөйлейтін және басқа тілді меңгерген аздаған президенттердің бірі – менмін, өз ана тілімізде таза сөйлесіп, жиын өткізетін күніміз де келер”, деген еді. Бұл сөзде ұлттың болашағына деген зор сенім жатқаны айқын. Жайық бойлаған Орал қаласында он алты қазақ мектебі ашылса, он алты орыс мектебі де бар, он үші аралас. Ендеше, тек бір тілде сөйлеуге уақыт керек, шыдам керек екені анық. Қазақтың “Көршіңмен тату бол” деген даналығында да үлкен мән бар сияқты. Басымыз ауырса, науқас меңдесе, Мәскеу мен Самараға жетуге асығамыз, сол кезде көрші тілі ауадай қажет. Оны үйрену, оқу айып емес, ал өз тіліңді терең білу – ол азаматтық борышың, бүкіл болмысың. Тілін терең білмеген қазақ бейбақ, мүгедек. Өйткені, өз тіліңде бүкіл парасат тәрбиесі жатыр, бабаңның ұлағаты жатыр. Өз ана тілін терең білетін қазақ ауылында өскен, ұлттық тәрбиеден нәр алған Елбасымыз болуы – ұлтымыздың бір бақыты. Арпалыстар мен аласапырандар кешкен қайта құру кезеңі шаршатқаны да рас. Тарап кеткен ауылдарды әлі жинап үлгермей де отырған жайымыз бар. Дала жолдары әлемдік стандартқа сай келмей жатыр. Бұл арада жер аумағмыздың аса ұлан-ғайыр екенін де ескеру керек, әрине. Соның арасынан әлі де еңбекке бейім емес, жер қазып, мал қайырғысы келмейтін бірен-саран қазақты көріп, көмек керек деп айқай салатынымыз да жоқ емес. Ондайда “Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде” деп жұбатқан аталы сөзге жүгінген дұрыс. Немесе “Өзіңнен туған балаңның, кімге айтпақсың жаманын” деген нақыл сөзге құлақ асуға тура келер. Көлдің жағасында отырып, іргесіне жуа екпейтін жалқауға арашашы болғаннан абырой табу қиын-ақ. Солай емес пе, құрбым? Мен сонау Барак Обама еркін сайрап жүретін Америка Құрама Штаттарында теректің көлеңкесіне көрпесін төсеп түнеп жүрген қайыршыны көрдім. Өйткені, оның ақыл-ойы одан әріге жетпейтіні түрінен көрініп тұр. Мен сонау ауылдан біреудің ұлын білемін, қыста қалаға келіп жылу жүйесінің бойындағы қуыстарға түнеп, қаңғыбастармен қала кезеді. Ауылда от жағып, күл төгуден қашқан түрі. Ендеше, ол ақымақтың жоғын жоқтап не табуға болады? “Бес саусақ бірдей емес” деп түсіндірген оны қазақ. Ұлы жолда кішкене кемшіліктерді аттап өтуге тура келеді. Мен осы сәтте, шіркін, келер ұрпақ осындай саммитті Қазақстанның кез келген қаласына ойланбай шақыратын күн туса деп армандаймын. Азғантай уақытта түрленіп кеткен Ақтауға әлем басшылары атбасы тіреп қазақ деген ұлттың әулиелеріне тағзым етсе ғой! Келесі басқосу Шымкент немесе Таразда өтеді деп жүрсе ғой, қазақ ұрпағы. Ұялмай кез келген қаламыз үлкен қонақтарды кез келген уақытта қабылдай беретін мәдениетке жетсе деп тілеймін. Сол кезде де ұлтымыз сақтаған қонақжай мінезбен азаматтар ата-баба өсиетін тілге тиек етіп сөйлеп, келіндер мен қыздарымыз сыңғырлаған кесеге қымыз құйып, ұлттық салтын сақтап сызылып тұрса. Келгендер өз еліне “Па, шіркін, қыздары қандай ол едің” деп таңдай қағып, тамсанып оралса деп қиялдаймын. Бәлкім, ол күнді немерелерім көрер. “Ағайын тату болса – ат көп, абысын тату болса – ас көп” деп тәрбиелеген қазаққа басты мақсат татулық емес пе, құрбым. Қазақстан бүгін құлашын кеңге жайып, биік самғап тұрғаны анық. Көрші татулығынан асып, әлем татулығын, ғасырға қажет ынтымақты өмірді қолдаушы ғана емес, оның көшбасшысы болуға дейін көтерілді. Бұл – әр қазақ жүрегін тебірентетін қуаныш. Иә, қонақ келе жатыр деп қуанатын ұлт едік, қонақ күту салтымыз қайта жаңғыратын болды, оны енді әлем біліп, мойындамақ. Сол әлем қонағына хош келдің айтып, маңдайы жарқырап қазақтың өз баласы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрғаны қазақ үшін үлкен мәртебе емес пе, құрбым. Міне, біздегі басты әңгіме де, жаңалық та осы. Бізде өзің білетін газды мекен бар, инвесторлар да жетіп жатыр. Мұнайы атқылап, газы будақтап жатқан аймақтың тұрғындарының тұрмыс-халі де әр түрлі. Ондайда “Көш жүре түзелер” деп жұбанамыз. Шаршасақ та көшелер тарлық еткен көліктерге көз қуанатынын жасыра алмаймын. Солардың арасында өз құлқынын құрықтай алмай жүрген қомағайлардың кетіп бара жатқанын да көремін, білім мен саналы өмірден гөрі, дүниеқоңыздыққа бой алдырғандардың да солардың арасында жүргенін білемін. Әр түрлі ақыл деңгейі барлар қай қоғамда да болғанға ұқсайды. Абай айтқан: “Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ”, деген бес дұшпанын айыра алмай жүргенге де, көлденең табысқа тойынып, ойланбай сөйлейтін оясызға да кездесемін. Амал не, бәрі өз қазағың. Бәріне уақыт төреші, бәрі де Аллаға аманат. Тек өз көзім жеткен шындық біреу, мың жылқы айдаған да, миллион жинаған да тарих бетінде, халық жүрегінде, туған жер төсінде ескерткіш болып қала алмайды. Туған топырағын сүйгендер, ата-баба аманатын арқалап, өз ұлтын сүйгендер қалады ел есінде. Ал саммитке келгендер сондай есімдер арқылы біледі бізді, ертең сондай ұлылар арқылы танитын болады қазақ халқын, құрбым, сен оған келісесің ғой. ...Астана аспанына ұшақ терезесінен қарап отырмын. Ақорданың төбесінен ақ бұлт көргендеймін. Шыңғыс Айтматов жазатын “Шыңғыс ханның ақ бұлты” есіме түсті. Шыңғыс ханның барлық жорығында төбесінде еріп жүрген ақ бұлт тегін бұлт болмайды. Сол бұлт тұрғанда Шыңғыс хан тек жеңіске жеткен екен. Сол бұлт оған барлық жорықта еріп жүрген екен. Тек соңғы бір жорықта хан жарлығын бұзған екі жастың сәбиін жетім қалдырған кезде ақ бұлт Шыңғыс ханның төбесінен ауып кетеді ғой. Хан сол жорықта жеңіледі, оның бағы таяды. Ендеше, киелі нәрсе – Ұрпақ. Сол ұрпақ болашағы үшін өткізіліп отырған саммитті құдай қолдап, Ақордамыз үстінен киелі ақ бұлт өзге жаққа аумаса екен деп тіледім. Ақордамыз үстіндегі көгілдір Ту өзге тулардан биігірек көрінсе екен деп тіледім. Түсім бе екен, өңім бе екен? Есіл ме, Нұра ма, Жайық па, арнасы тасып күн шуағымен ойнаған толқындарда шарқ ұрғаған шағалалары шулап ағып жатыр. Тас төсеген теп-тегіс жағалаумен жүріп келемін. Бағытым – Бәйтерек. Астананың қақ ортасында Жер шарын көтерген бұл не ғажап көрініс еді деп толқимын. Бүкіл әлеммен байланысқа шыққан қазақ баласының күмбірлеген күймен жазған қуанышты әуені келеді құлағыма. Ұлттық кітапханаға ағылған студенттердің бәрі қаракөз балғын жас ұрпақ, арасында менің де немерем кетіп бара жатыр. Өз ғұмырымда, өз даламда көрмеген зәулім құрылыстарға тамсанамын, биік шатырларды шетелдік көріністермен салыстырамын, ешкімнен кем емеспін, ешкім де менен артық емес екен. Терезесі өзгемен тең болғанын тілейтін қазаққа әлемге танылу не деген бақыт деп дауыстағым келеді. Өз дауысымнан өзім оянып кеткендеймін, шынымды айтсам, осы бір бостандық жылдары мен үшін өң мен түстей ғажайып кезең. Ал осы айтып отырғандарым түсім емес, өңім ғой, құрбым. Алашқа арман болған бостандықтың, еркіндіктің қанатын кең жайған кезеңі бізге бұйырғаны не деген бақыт! Менің саған баяндар жаңалығым, айтқым келген әңгімем осы еді, құрбым. Елбасымыз бір сөзінде “Өз ана тілінде сөйлейтін және басқа тілді меңгерген аздаған президенттердің бірі – менмін, өз ана тілімізде таза сөйлесіп, жиын өткізетін күніміз де келер”, деген еді. Бұл сөзде ұлттың болашағына деген зор сенім жатқаны айқын. Жайық бойлаған Орал қаласында он алты қазақ мектебі ашылса, он алты орыс мектебі де бар, он үші аралас. Ендеше, тек бір тілде сөйлеуге уақыт керек, шыдам керек екені анық. Қазақтың “Көршіңмен тату бол” деген даналығында да үлкен мән бар сияқты. Басымыз ауырса, науқас меңдесе, Мәскеу мен Самараға жетуге асығамыз, сол кезде көрші тілі ауадай қажет. Оны үйрену, оқу айып емес, ал өз тіліңді терең білу – ол азаматтық борышың, бүкіл болмысың. Тілін терең білмеген қазақ – бейбақ, мүгедек. Өйткені, өз тіліңде бүкіл парасат тәрбиесі жатыр, бабаңның ұлағаты жатыр. Өз ана тілін терең білетін қазақ ауылында өскен, ұлттық тәрбиеден нәр алған Елбасымыз болуы – ұлтымыздың бір бақыты. Арпалыстар мен аласапырандар кешкен қайта құру кезеңі шаршатқаны да рас. Тарап кеткен ауылдарды әлі жинап үлгермей де отырған жайымыз бар. Дала жолдары әлемдік стандартқа сай келмей жатыр. Бұл арада жер аумағымыздың аса ұлан-ғайыр екенін де ескеру керек, әрине. Соның арасынан әлі де еңбекке бейім емес, жер қазып, мал қайырғысы келмейтін бірен-саран қазақты көріп, көмек керек деп айқай салатынымыз да жоқ емес. Ондайда “Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде” деп жұбатқан аталы сөзге жүгінген дұрыс. Немесе “Өзіңнен туған балаңның, кімге айтпақсың жаманын” деген нақыл сөзге құлақ асуға тура келер. Көлдің жағасында отырып, іргесіне жуа екпейтін жалқауға арашашы болғаннан абырой табу қиын-ақ. Солай емес пе, құрбым? Мен сонау Барак Обама еркін сайрап жүретін Америка Құрама Штаттарында теректің көлеңкесіне көрпесін төсеп түнеп жүрген қайыршыны көрдім. Өйткені, оның ақыл-ойы одан әріге жетпейтіні түрінен көрініп тұр. Мен сонау ауылдан біреудің ұлын білемін, қыста қалаға келіп жылу жүйесінің бойындағы қуыстарға түнеп, қаңғыбастармен қала кезеді. Ауылда от жағып, күл төгуден қашқан түрі. Ендеше, ол ақымақтың жоғын жоқтап не табуға болады? “Бес саусақ бірдей емес” деп түсіндірген оны қазақ. Ұлы жолда кішкене кемшіліктерді аттап өтуге тура келеді. Мен осы сәтте, шіркін, келер ұрпақ осындай саммитті Қазақстанның кез келген қаласына ойланбай шақыратын күн туса деп армандаймын. Азғантай уақытта түрленіп кеткен Ақтауға әлем басшылары атбасын тіреп қазақ деген ұлттың әулиелеріне тағзым етсе ғой! Келесі басқосу Шымкент немесе Таразда өтеді деп жүрсе ғой, қазақ ұрпағы. Ұялмай кез келген қаламыз үлкен қонақтарды кез келген уақытта қабылдай беретін мәдениетке жетсе деп тілеймін. Сол кезде де ұлтымыз сақтаған қонақжай мінезбен азаматтар ата-баба өсиетін тілге тиек етіп сөйлеп, келіндер мен қыздарымыз сыңғырлаған кесеге қымыз құйып, ұлттық салтын сақтап сызылып тұрса. Келгендер өз еліне “Па, шіркін, қыздары қандай ол елдің” деп таңдай қағып, тамсанып оралса деп қиялдаймын. Бәлкім, ол күнді немерелерім көрер. “Ағайын тату болса – ат көп, абысын тату болса – ас көп” деп тәрбиелеген қазаққа басты мақсат татулық емес пе, құрбым. Қазақстан бүгін құлашын кеңге жайып, биік самғап тұрғаны анық. Көрші татулығынан асып, әлем татулығын, ғасырға қажет ынтымақты өмірді қолдаушы ғана емес, оның көшбасшысы болуға дейін көтерілді. Бұл – әр қазақ жүрегін тебірентетін қуаныш. Иә, қонақ келе жатыр деп қуанатын ұлт едік, қонақ күту салтымыз қайта жаңғыратын болды, оны енді әлем біліп, мойындамақ. Сол әлем қонағына қош келдің айтып, маңдайы жарқырап қазақтың өз баласы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрғаны қазақ үшін үлкен мәртебе емес пе, құрбым. Міне, біздегі басты әңгіме де, жаңалық та осы. Бізде өзің білетін газды мекен бар, инвесторлар да жетіп жатыр. Мұнайы атқылап, газы будақтап жатқан аймақтың тұрғындарының тұрмыс-халі де әр түрлі. Ондайда “Көш жүре түзелер” деп жұбанамыз. Шаршасақ та көшелер тарлық еткен көліктерге көз қуанатынын жасыра алмаймын. Солардың арасында өз құлқынын құрықтай алмай жүрген қомағайлардың кетіп бара жатқанын да көремін, білім мен саналы өмірден гөрі, дүниеқоңыздыққа бой алдырғандардың да солардың арасында жүргенін білемін. Әр түрлі ақыл деңгейі барлар қай қоғамда да болғанға ұқсайды. Абай айтқан: “Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ”, деген бес дұшпанын айыра алмай жүргенге де, көлденең табысқа тойынып, ойланбай сөйлейтін оясызға да кездесемін. Амал не, бәрі өз қазағың. Бәріне уақыт төреші, бәрі де Аллаға аманат. Тек өз көзім жеткен шындық біреу, мың жылқы айдаған да, миллион жинаған да тарих бетінде, халық жүрегінде, туған жер төсінде ескерткіш болып қала алмайды. Туған топырағын сүйгендер, ата-баба аманатын арқалап, өз ұлтын сүйгендер қалады ел есінде. Ал саммитке келгендер сондай есімдер арқылы біледі бізді, ертең сондай ұлылар арқылы танитын болады қазақ халқын, құрбым, сен оған келісесің ғой. ...Астана аспанына ұшақ терезесінен қарап отырмын. Ақорданың төбесінен ақ бұлт көргендеймін. Шыңғыс Айтматов жазатын “Шыңғыс ханның ақ бұлты” есіме түсті. Шыңғыс ханның барлық жорығында төбесінде еріп жүрген ақ бұлт тегін бұлт болмайды. Сол бұлт тұрғанда Шыңғыс хан тек жеңіске жеткен екен. Сол бұлт оған барлық жорықта еріп жүрген екен. Тек соңғы бір жорықта хан жарлығын бұзған екі жастың сәбиін жетім қалдырған кезде ақ бұлт Шыңғыс ханның төбесінен ауып кетеді ғой. Хан сол жорықта жеңіледі, оның бағы таяды. Ендеше, киелі нәрсе – Ұрпақ. Сол ұрпақ болашағы үшін өткізіліп отырған саммитті құдай қолдап, Ақордамыз үстінен киелі ақ бұлт өзге жаққа аумаса екен деп тіледім. Ақордамыз үстіндегі көгілдір Ту өзге тулардан биігірек көрінсе екен деп тіледім. Түсім бе екен, өңім бе екен? Есіл ме, Нұра ма, Жайық па, арнасы тасып күн шуағымен ойнаған толқындарда шарқ ұрған шағалалары шулап ағып жатыр. Тас төсеген теп-тегіс жағалаумен жүріп келемін. Бағытым – Бәйтерек. Астананың қақ ортасында Жер шарын көтерген бұл не ғажап көрініс еді деп толқимын. Бүкіл әлеммен байланысқа шыққан қазақ баласының күмбірлеген күймен жазған қуанышты әуені келеді құлағыма. Ұлттық кітапханаға ағылған студенттердің бәрі қаракөз балғын жас ұрпақ, арасында менің де немерем кетіп бара жатыр. Өз ғұмырымда, өз даламда көрмеген зәулім құрылыстарға тамсанамын, биік шатырларды шетелдік көріністермен салыстырамын, ешкімнен кем емеспін, ешкім де менен артық емес екен. Терезесі өзгемен тең болғанын тілейтін қазаққа әлемге танылу не деген бақыт деп дауыстағым келеді. Өз дауысымнан өзім оянып кеткендеймін, шынымды айтсам, осы бір бостандық жылдары мен үшін өң мен түстей ғажайып кезең. Ал осы айтып отырғандарым түсім емес, өңім ғой, құрбым. Алашқа арман болған бостандықтың, еркіндіктің қанатын кең жайған кезеңі бізге бұйырғаны не деген бақыт! Менің саған баяндар жаңалығым, айтқым келген әңгімем осы еді, құрбым. Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА.Президент Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Президент • Бүгін, 13:01
Мемлекет басшысы Қаратал ауданындағы әлеуметтік нысандармен танысты
Президент • Бүгін, 12:41
Биыл Алматы облысында 57 мың жұмыс орны ашылды - Марат Сұлтанғазиев
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Мемлекет басшысы: «Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі»
Президент • Бүгін, 11:56
Перизат Қайраттың мүлкі тәркіленді
Қоғам • Бүгін, 11:36
Шерзат Болаттың өлімі: тергеу қашан аяқталады
Заң • Бүгін, 11:14