Мәртебе асып, мерейі тасып, бақ қонып,
Астана үні әлемге тарап, хатталып –
Ойдағы болып, Ақорда толып қонаққа,
Қазақтың бағы аспандап әне, жатты анық.
Солтүстік мұхит, Тынығы, Үнді, Атлант,
Соларға жүрек, ортада кіндік жатып ап –
Қазағым бүгін айналды әлем үніне,
Достық пен бірлік бал дәмін жұртқа татырад.
Жетпіс жыл бойы басқалар келсе жетектеп,
Жаулары жүрсе надан деп қазақ, өсектеп –
Көш бастап еді – Бәйтерек тұлға Елбасы,
Айналды бірден қазағым елге жетекші.
Идірді басын Астана бүгін баршаның,
Қасиет шырақ – Астана, бүгін әр шамың.
Жаратқан Алла, қазақты баста достыққа,
Арманы еді бейбіт күн нұрлы қаншаның.
Береке, бірлік – кемеңгер басшы, Елбасы,
Тұрғанда анық бақыттың бастан таймасы.
Қазағым, сенің, мәртебең мынау құт болғай,
Кешегі саммит – есейген елдің айнасы!
Сайын НАЗАРБЕКҰЛЫ.
Ақтау.