ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЖЕТІСТІК
Тараптардың көзқарасы көп жағдайда қарама-қайшылығымен ерекшеленсе, ортақ ұстанымға келу қиындық туғызатыны жасырын емес. Осы тұрғыдан алғанда, көптеген саясаткерлердің пікірлерінше, Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммитін аса ірі халықаралық құрылым тағдырындағы айтулы оқиға деп қабылдауға әбден болатындай. Ал бұл Саммитте Астана Декларациясының қабылдануы Ұйым негізінде жатқан қағидаттар мен міндеттемелердің нормасын қуаттай түскені тағы анық.
Мұндай пайымдаулар шет ел БАҚ-тарындағы бірқатар жарияланымдар мазмұнына тән. Төменде біз оқырмандарды солармен таныстыруды жалғастырып отырмыз.
1-2 желтоқсанда Астанада ЕҚЫҰ-ның соңғы 11 жылдан кейінгі алғашқы саммиті болып өтті. Аталған шараның өткізілуінің өзі осы халықаралық ұйымға қатысушы елдердің бұл ірі құрылымның аморфты болуы ықтималдылығына орай оны сезінгендіктен болашақ туралы ойланған дұрыс деп шешкендіктерін айғақтайды. Бірақ, соған қарамастан, ЕҚЫҰ-ға мүше елдер біртұтас кеңістік құруға аса асықпайтындарын байқатты. Бұл жәйт, толық мағынасында алғанда, қатысушылардың бірқатарының бір-бірімен салғыласуларынан айқын көрінді.
Сонымен бір мезгілде, көптеген жоғары лауазым иелерінің сөздері үміт отын жаққанын да атап өткен жөн. Олардың сөз саптауларынан ЕҚЫҰ қандай да бір жаһандық мәселелерді шешуге жәрдемдесе алады деген түйін жатқаны анық аңғарылды. Бұдан шығатын қорытындыны былайша сипаттау керек: Саммиттің жалпы ұстанымына сәйкес, барлығына тең дәрежеде демегенімізбен, болашаққа үлкен үмітпен қарауға болады.
Кейбір елдер шын мәнінде Саммиттің мазмұндық жағына көңілі толатындарын білдірді. Осыған қарап ЕҚЫҰ таяу болашақта Еуропаның, сондай-ақ Азияның да халықтарының барлық талап-тілектеріне жауап беретін ұйымға айналатынына сенетіндей негіз бар екенін көруге болады. Және де бұл үміт ЕҚЫҰ әлі де өз міндетін атқаруға қабілетті ұйым деп пайымдауға жетектейді.
* * *
ЕҚЫҰ-ның Астана Саммиті қорытынды Декларация қабылдаумен аяқталды. Онда ұйымның негізгі қағидаттары қуатталған. Алайда құрылымның одан арғы жұмыс бағытын айқындайтын іс-қимыл жопары қабылданған жоқ. Бұл ұйымға қатысушы кейбір мемлекеттер тарапынан өкініш тудырды.
...ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев мынаны мойындады: Саммитте кейбір аса көкейкесті мәселелерді шешу мүмкін болмады. Оларға бірінші кезекте реттелмеген жанжалдарды жатқызу керек. Бірақ, деп атап өтті ол, қабылданған Декларация ұйымның негізінде жатқан қағидаттар мен міндеттемелердің нормаларын тағы да қуаттап берді.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана Декларациясының қабылданғаны туралы жариялай келіп, құжатты біздің халықтарымыздың озық қауіпсіз әлем құруға деген үміттеріне жауап беретін бәрімізге ортақ тарихи табыс деп бағалады.
Ресей президенті Дмитрий Медведев те Саммиттің нәтижелі құжатына өзінің оң бағасын берді. Ресейдің «Жаңалықтар» ақпарат агенттігі Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлағанындай, Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлескен кезінде Дмитрий Медведев Қазақстан басшысын соңғы 11 жыл бойы өтпей келген ЕҚЫҰ-ға мүше елдер мемлекеттер және үкіметтер басшыларының осындай жоғары деңгейдегі кездесуін ғаламат өткізгенімен құттықтап, бұл жәйтті тамаша табыс деп бағалаған. Саммит маңызды саяси құжат – қоғамдастық қауіпсіздігінің құрылысы туралы Декларация қабылдаумен аяқталды, делінеді баспасөз қызметінің хабарлауында.
* * *
1-2 желтоқсан күндері Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммиті жанжалдарды реттеуде басқа да маңызды мәселелермен қатар, халықтардың өзін-өзі айқындау қағидаты қолданылуы тиіс екенін көрсетіп берді.
Бұл туралы 4 желтоқсанда өткен журналистермен кездесуінде «Еуропалық интеграция» сараптамалық орталығының басшысы Карен Бекарян мәлімдеді. Сондай-ақ ол ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммитінде реттеудің барлық үш қағидаты бекітілгенін атап көрсетті. Егер бұрынғы саммиттерде барлығы ешқандай нақтыланбағандығымен көрінсе, ал өзін-өзі айқындауға құқық кей жағдайда мүлдем қаперге алынбаса, қазір жағдай өзгерген, деп есептейді К.Бекарян.
* * *
ЕҚЫҰ Саммитінің 9 сағатқа созылған талқылаулардан кейін қабылданған қорытынды Декларациясын кейбір сарапшылар «нөлдік» деп атады. Алайда латвиялық сарапшы, Латвия университетінің доценті Юрис Пайдерс мұндай бағамен келіспейді. Бұл сарапшының пайымынша, Саммит қорытындысын бұлайша бағалауға болмайды.
Ю.Пайдерс сөзінде бір саммит барлық бас ауыртар проблемаларды, олардың ішінде негізгі үшеуін – Приднестровье, Таулы Қарабақ және Грузия жанжалдарын – шешіп тастайды деген үміт болмағанын атап көрсетеді. Ол аталған мәселелерді жылдам әрі жеңіл шешу мүмкін емес деп есептейді.
Бұған уақыт керек. Әрине, бұл жерде мен бәрін де уақыт шешеді деген ұстанымнан аулақпын. Менің айтпағым, көшбасшылар буыны ауысуы тиіс. Осы жанжалдарды туындатқан, өздерінің қателік жібергендерін мойындауды қиынсынып отырған басшылар буыны ауысуы керек. Бұл ішкі саясат тұрғысынан келгенде күрделі мәселе болып табылады, дейді Ю.Пайдерс. Осы орайда латвиялық сарапшы Қазақстан басшысының қызметіне жоғары баға береді.
Еуропа мен Азия елдерінен осыншама мемлекет басшыларын жинау жоғары халықаралық беделді басшының ғана қолынан келетін іс десек, Нұрсұлтан Назарбаев осы қасиетке ие, деп атап көрсетеді Ю.Пайдерс. Мұндай деңгейде Саммит ұйымдастыру оңай шаруа емес, ал республика осындай зор мүмкіндікке ие екенін көрсетті.