10 Желтоқсан, 2010

Президент поштасынан

513 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін
ЖҮРЕКЖАРДЫ ТІЛЕКТЕР АҒЫНЫ Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың атына 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Саммитінің 11 жылғы үзілістен кейін алғаш рет жоғары деңгейде өтуіне байланысты еліміздің жұртшылығынан, студенттер мен жоғары оқу орындарының ұжымдарынан, еңбек ұжымдарынан, еңбек және соғыс ардагерлері ұйымдарынан, әкімдер мен елшілерден, сондай-ақ зиялы қауым өкілдерінен құттықтау хаттары мен жеделхаттары келіп түсуде. Қазақстандықтар өз құттықтауларында ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитін өткізуге Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қосқан зор үлесін және ЕҚЫҰ-ның Саммитінде Астана декларациясының қабылдануы, шын мәнінде, Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік аренада мойындалуы екенін үлкен толғаныспен, шынайы қуанышпен атап өткен, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. «Түнге дейін Саммиттің қоры­тын­­­дысын күтіп отырып, журналистер біздің тілегімізді білдіргендей орын­­дарынан тұрып, қол шапа­лақ­та­ғанда, кө­зімнен ыстық жас шығып кетті», деп жазады Қайырбек Рахым­беков өз ха­тында. Мұндай жүрекжар­ды қуа­ны­шын бөліскендер қатарында М.Әуе­зов атындағы театрдың актері Жұ­ма­ғали Маханов, Бану Жұрым­баева, Кү­ләш Әмірова, Роза Тө­ле­мі­сова, Жам­был облысынан зейнеткер, ұстаз М.Бо­сатова, ҚР Білім беру ісі­нің құр­метті қызметкері Дәмеш Ай­ма­ғам­бетова, Жамбыл облысы, Меркі ауы­лы­ның тұрғындары Сәкен, Күлсара Дәр­меновтер, Солтүстік Қазақстан об­лысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауы­лының тұрғыны, мұғалім Жыл­қыбай Мұстафин және т.б. бар. Ал еңбек ардагері, астаналық Г.В.Алексеева жеделхатында: «Менің Отанымның келешегі кемел екеніне сенемін. ЕҚЫҰ-ның Саммитін бар­лық қазақстандықтар асыға күтті. Біз, астаналықтар, оның әсерін терең сезіндік. Қазақстанды әлем мой­ын­дады, Астананы әлем таныды. Бұл Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың ең­бегі, зор беделі. Халық Елбасымен бірге», деп тебіренген. Осындай ақжарма тілектер Ғабдуллиндер отбасы, Шым­кент қаласынан Әділхан Сұлтанбеков, Еркеш Бейсенова, т.б. жолдаған хаттарда көрініс тапқан. Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би аудандық ардагерлер кеңесінің төр­ағасы Ә.Бектаев хатында: «Құр­метті Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазақ­стан үшін аса жауапты болған Еуро­па­дағы қауіпсіздік және ынты­мақ­тас­тық ұйымына төрағалық міндетті және ЕҚЫҰ-ның Саммитін үлкен абы­­рой­мен атқарғаныңыз үшін ау­дан­­ның ардагерлер кеңесі атынан шын жү­ректен құттықтаймын! Осы ауқымды істері арқылы Қазақстан әлем елдері алдында өзінің абы­ройын арттырып, беделінің жоғары екендігін тағы да бір рет танытты», деп Елбасының ЕҚЫҰ-ның Саммитін өткізудегі тарихи рөліне зор маңыз береді. Мұн­дай мазмұндағы хаттар Оңтүстік Қа­зақстан облысы, Отырар ауданы ардагерлері атынан Қ.Ордабаев, соғыс ардагері Ә.Жаппаров, Еңбек Ері О.Бегалиев, еңбек ардагері Б.Төребеков, А.Мұсаев, ОҚО Қазығұрт ауданынан Ә.Мақсұтов, аудандық ардагерлер ұй­ымының төрағасы И.Телікбаев, аудан­дық әйелдер кеңесінің төр­айы­мы Г.Әлікенова, ОҚО Түркістан қа­ла­лық ҰОС ардагерлер кеңесінің төр­аға­сы Ә.Дайрабайұлы, Түркістан қа­ла­лық ақсақалдар алқасының төр­аға­сы Ж.Әзіретбергенов, Түркістан қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Е.Би­маханбетұлы, еңбек ардагері З.Баймаханова, ОҚО Түлкібас ауданының зиялы қауым өкілдері атынан Қ.Анашев, Ж.Шонанов, О.Тор­ламбаев, И.Қа­натбаева, Солтүстік Қазақстан об­лысындағы соғыс және еңбек ардагерлері Г.Зенченко, Ж.Ысқақов, И.Елемесов, А.Жүнісов, А.Ряжских, С.Дүй­се­нов, Г.Кухарьден және т.б. келді. * * * Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.На­зар­баевтың атына келіп түскен хаттар мен жеделхаттардың, құт­тық­таулардың басым көпшілігі қазақстандықтардың ыстық ықы­лас­та­ры мен жүрекжарды алғыстарынан тұрады. Әсіресе, еліміздегі ұлттық-мәдени орталықтар жетекшілерінен, жоғары оқу орындарынан келіп түскен хаттарда, студенттердің жеделхаттарында, тәуелсіздігінің 19 жы­лында Қазақстанды күллі әлемге танытқан Елбасының тарихи тұлғасы айқын көрініс береді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Прези­дентінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, Ы.Алтынсарин атын­дағы Арқалық мемлекеттік педа­гогикалық институтының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер атынан хат жолдаған институт рек­то­ры, профессор Ж.Шаймерденов бы­лай­ша тебіренеді: «Құрметті Нұр­сұл­тан Әбішұлы! Тарихта ғұн көсемі Атилла, жарты ғаламға патшалығын жүргізген Александр Македонский, дүниені дүр сілкіндірген Әмір Темір ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен тізе бүктіріп, бас идірген билеуші тұлғалар болып қалса, Сіз сол әлемді білім мен білікке сүйеніп, ал­ты құрлықты аузына қаратқан па­ра­сатты ғаламдық тұлға ретінде мойын­дат­тыңыз. Оның жарқын дәлелі – 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалық пен Астана Саммиті. Қазақстандай жас мемлекеттің кәрі құрлық төріне шы­ғып, төрағалық қызмет атқаруы Сіз­дің қажырлы да ерен еңбегіңіздің, елі­мізде орнаған құт-береке, бірегей халықтар достығы мен діни жара­сым­дылықтың нәтижесі». Елбасы атына осындай ағынан жарыла тілек білдіргендер санатында қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Рахмет Рауан, Батыс Қазақстан облысы, колледж студенті Касмаль Амалия, Қап­лам­бек гуманитарлық агроэкономи­ка­лық колледжі ұжым атынан колледж директоры Еркімбек Қанжігітов, Қос­та­най облыстық педагогикалық жұрт­шылығы, Павлодар мемлекеттік педа­гогикалық институтының профес­соры Зада Дүкенбаева, т.б. жөнінде атап өтуге болады. Ал Ақтөбе облысы жұртшылығы атынан келген хатта: «Тағдыр бізге қандай сынақты жіберсе де, Сіз, Нұр­сұлтан Әбішұлы, тәуелсіздіктің туын жоғары көтердіңіз. Шынайы Ұлт Лидері екеніңізді көрсеттіңіз. Сон­дық­тан да әлемнің барлық елінің мемлекет басшылары Сарыарқа төсінде, Ұлы Жібек Жолы бойында, Еур­азия­ның жүрегінде – Астанада жаһандық проблемаларды нақты шешу үшін бас­қосты. Бүгінгі Қазақстан өз та­рихы­ның жаңа беттерін ашуда. Біз, Қа­зақ­стан халқы, еліміздің болашақ ұрпақ­тары бұл тарихты мақтан тұтатын болады. Біз Тәуелсіз Қазақстанды, оның халқының бірлігін нығайтуға және барлық азаматтарының әл-ау­қа­тын арттыруға бағытталған Сіздің дана және көреген саясатыңызды әр­дайым қолдай береміз», делінген. Бұл құттықтау хатқа профессор З.Байдосов, Ұлттық Ғылым академиясының академигі Н.Ізімбергенов, Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген қайраткері С.Айтбаева, қоғамдық бірлестік басшысы К.Байменов, «Жас Отан» жастар қа­наты атқарушы хатшысы А.Бөлекова, ауған соғысы интернационалист-жау­ынгерлер облыстық қоғамының төр­ағасы А.Балкасынов, ақын М.Құр­ма­налин, облыстық мәслихат депутаты Ж.Сейітпағанбетов, «Нұр Отан» ХДП Ақтөбе облыстың филалының төр­аға­сы Б.Ордабаев, армян ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Г.Тертерян, облыстық мәслихат депутаты А.Тілеуов, «Атамекен» облыстық студенттік құрылыс отряды облыстық шта­бы­ның командирі Ж.Тортаев, облыстық корей қауымдастығының төрағасы К.Цхай, Ақтөбе қаласының құрметті аза­маты В.Финютин, облыстық мү­ге­дектер қоғамының төрағасы Ф.Чемоданов, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі, самбодан әлемнің үш дүркін чемпионы А.Шахаров, «Ақтөбе» футбол клубының капитаны С.Смақов, БТА Банк филиалының директоры Д.Еспаева, бейбітшілік және келісім ха­лықаралық қорының облыстың фи­ли­алы­ның директоры К.Ес­пағанбетов, «Нұр ғасыр» мешітінің имамы Б.Есмахан, «Атамекен одағы» ұлттық па­ла­тасының Ақтөбе филалының ат­қару­шы директоры А.Садықов қол қойған. * * * Елбасын құттықтаған жеделхаттар Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі И.Адырбековтен, Маңғыстау облысының әкімі Қ.Көшербаевтан, Павлодар облысының әкімі Б.Сағынтаевтан және Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Б.Шелпековтен, «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облысы бойынша төрағасының орынбасары Ж.Қараевтан келіп түсті. «Саммит қорытындысы бойынша қабылдаған Декларацияға барлық мү­ше елдердің қол қоюы – бұл жас Қазақ мемлекетінің биік мәртебесі, асқақ абыройы, халықаралық дипло­ма­тиядағы ұлы жеңісі деп білеміз! Қазақ халқы бұл биікке өзінің Тұң­ғыш Президентімен бірге, Ұлт Көш­басшысы нұсқаған айқын бағытпен бет түзей отырып жетті!», делінген Маң­ғыстау облысының әкімі Қ.Кө­шер­баевтың жеделхатында. Ал «ЕҚЫҰ-ның Саммиті Тәуелсіз Қазақстанның 19 жылдық тарихын­да­ғы аса маңызды оқиғаның біріне ай­налды. Ұйымға мүше және серіктес елдер мемлекет басшыларының Саммит жұмысына қатысуы Қазақ­стан­ның биік беделін және Сіздің стра­те­гиялық сыртқы саяси бағытыңыздың айқындылығын тағы да дәлелдеді. Әлем­дік қоғамдастық Сіздің басшы­лы­ғыңызбен Қазақстанның әлеумет­тік-экономикалық және саяси да­муының жетістігін таныды. Жаһан­дық халықаралық оқиғаның арқа­сын­да әлем қазіргі заманғы Қазақ­стан­ның жаңа кескін-келбетін, елдің та­быстарын және оның теңдессіз елор­дасы Астананы білді. Осындай әлем­дік тарихтағы айтулы оқиғаның куә­гері болған елде өмір сүру – бұл барша қазақстандықтар үшін зор мақ­та­ныш! Сізді ЕҚЫҰ Саммитінің табыс­ты өтуімен құттықтаймын және Қа­зақ­стан Республикасының гүлдену жолындағы қызметіңізге табыс, зор денсаулық тілеймін!», деп ойын қо­рытады еліміздің экс-Премьер-Ми­нистрі С.А.Терещенко өз хатында. Еліміздің зиялы қауым өкілдері атынан Қазақстанның халық жазу­шы­сы Әзілхан Нұршайықовтан жеделхат келді. Хат авторы Елбасы Н.Ә.На­зар­­баев­ты Астана Саммитінің та­­бысты өтуімен құттықтай отырып, бы­лайша тебіренеді: «Бұл саммит Сіздің Қазақ елі үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін еткен ерен еңбегіңіздің ең биік те шырқау шыңы болды. Барша қазақ­стандықтармен бірге мен де Сіздің осы тамаша жеңісіңізге қуа­ныш­ты­мын! Деніңіз сау болып, абыройыңыз арта берсін!». Барша қазақстандықтардың мақ­та­нышына айналған ЕҚЫҰ-ның Сам­митінің өтуімен және ЕҚЫҰ Астана декларациясының қабылдануымен Мем­лекет басшысын құттықтағандар арасында республикамыздағы қоғам­дық ұйымдар мен ұлттық компа­ния­лардың жетекшілері, кәсіпкерлік өкіл­дері, этно-мәдени орталықтардың басшылары, спортшылар, жастар ұй­ым­дарының жетекшілері, т.б. бар. Атап айтқанда, «Нұр Отан» ХДП Ақ­төбе облыстық филиалының саяси кеңесі, ҚКХП облыстық ұйымының хатшысы Геннадий Осипов, «Қазақ­мыс» компаниясы директорлар кеңе­сі­нің төрағасы В.Ким, Ақмола об­лы­сының Ерейментау ауданы бойынша салық басқармасы ұжымы, Шығыс Қазақстан облысының жастары аты­нан О.Бобрышева, А.Керімбекова, Д.Су­жанов, И.Измаилов, А.Полтаранин, О.Рыпакова, Е.Кудияров, А.Құ­сай­ынова, т.б. құттықтап, игі тілектерін білдірген. * * * Республикамыздың түкпір-түкпірінен еңбек ардагерлерінен келіп түскен құттықтауларда Елбасы жүргізіп келе жатқан мемлекеттік саясаттың өміршеңдігі ерекше атап өтілген. Мәселен, «ХХІ ғасырдың басы, оның ішінде 2010 жыл еліміздің тар­и­хында алтын әріптермен жазы­ла­ты­ны даусыз. Астана Саммитінің қалай өткенін біз көгілдір экраннан бастан-аяқ көрдік. Көп нәрсені ұғындық, көп нәрсеге марқайдық, бойымызды қуа­ныш сезімі биледі. Қазақстан бүкіл Еуразия кеңістігін мойындатып, төрт­күл дүниенің назарында болды. Осы­ның бәрі де – Елбасымыз, Көш­бас­шымыз – Сіздің, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, ерен еңбегіңіздің, кемең­гер­лікпен жүргізіп келе жатқан сая­сатыңыздың жарқын жемістері», деп жазады Кеңес Одағының Батыры Т.Қауымбаев, «Даңқ» орденінің толық иегері Қ.Қалтаев, Социалистік Еңбек Ері Б.Шүкірбеков, еңбек және соғыс ардагерлері А.Акчурин, Н.Әжімет, Д.Бо­пова, Т.Жақыпбаев, Ю.Конеев, Қ.Қал­менов, Ж.Мәуленқұлов, А.Шаля, т.б. өз хаттарында. Осындай тілектерімен: Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы жұртшылығы аты­нан: ардагерлер Т.Досаев, А.Керуенбаева, Р.Төлемісова, Қ.Аманов, Ә.Әл­жанов, Ж.Садықова, облыстық мәс­ли­хат депутаты С.Бекенов, жеке кә­сіп­кер О.Шылмырзаева, этно-мәдени орталықтар жетекшілері А.Құдай­құ­лов, А.Ли, В.Самохвалов, Ш.Хамзаев, Шы­ғыс Қазақстан облысынан хат жолдаған: ардагерлер Г.Бердюгин, Х.Бах­тыбаев, И.Скворцов, Ф.Жақ­сы­лықов, А.Еременко, ШҚО этно-мәде­ни бірлестіктер жетекшілері Н.Зайцев, В.Магазинщиков, В.Лебедев, К.На­римонян, Л.Шик бөліседі. Мемлекет басшысының атына құт­тықтау хат жолдаған барша қа­зақ­стан­дықтар жүрекжарды қуаныш­тарымен бөлісіп, Елбасына ізгі тілектері мен шынайы алғыстарын жеткізген.