11 Желтоқсан, 2010

Азиялық партиялар форумы

396 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Партия хатшысы Қайрат Сатыб­ал­ды­ұлы бастаған «Нұр Отан» де­ле­га­ция­сы Камбоджа Корольдігінің астанасы Пном­пень қаласында өткен 6-шы Азия­лық саяси партиялар халықаралық кон­фе­ренциясы Бас Ассамблеясы(АСПХК) жұмысына қатысып қайтты. 36 елден келген 89 партияның өкілдері әлемнің ең ди­на­ми­калық континентінің дамуындағы маңызды мәселелерді тал­қылауға жиналды. АСПХК осыдан 10 жыл бұрын та­ны­мал филиппиндік саясаткер Хосе де Венесианың күшімен құ­рылған болатын. Осы уақытқа дейін Бас Ассамблея Манилада, Бангкогте, Пекинде, Сеулде өтті. Ал 2009 жылы Азия­ның саяси элитасы Елбасы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 5-ші Бас Ас­самблея өткізілген Астанада кездесуге мүмкіндік алған болатын. Осы ұйымның жарғысына сәйкес, шараны ұйым­дас­тырушы партия Ассамблеяның төрағасы болып сай­ла­на­ды. 2008 жылдан бері «Нұр Отан» партиясының өкілдері АСПХК Тұрақты комитетінің құрамына кіреді. Ағымдағы жылы партиялық форум жұмысына алдыңғы қа­тарлы елдер саяси партияларының жетекшілері, парламент спикерлері, экс-президенттері, үкімет басшылары қа­тысты. Ашылу салтанатында Елбасы, «Нұр Отан» ХДП Төр­ағасы Н.Назарбаевтың құттықтау хаты оқылып, жи­нал­ғандардың назарын аударды. Форум ЕҚЫҰ Саммиті уақытымен сәйкес келгендіктен, қазақстандық тарап таратқан Астана Декларациясы мәті­ні­не қол жеткізген делегаттар өзекті халықаралық мәсе­ле­лер­ді шешудегі біздің еліміздің, оның Көшбасшысының рөлін ай­рықша атап өтті. Партияның Орталық аппараты жетек­ші­сі­нің орынбасары М.Ерман тарихи жиын – ЕҚЫҰ Сам­ми­ті­нің қорытындысы бойынша арнайы брифинг өткізді. АСПХК-ның 10 жылдық мерейтойына байланысты Қа­зақ­стан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» ХДП Төр­ағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бас Ассамблея Президенті, Кам­боджа Премьер-министрі Хун Сеннің атынан «АСПХК Жұлдызы» арнайы белгісімен марапатталды. Сонымен қатар, Камбоджа Корольдігінің Премьер-министрі Хун Сенмен, Малайзия Премьер-министрі Мохаммед Абдул Ра­зак, Филиппин мен Индонезияның экс-президенттері Фидел Рамос және Мегавати Сукарнопутри, саяси партиялардың жетекшілері, сарапшы қауымдастық өкілдері жұмыс кездесуін өткізді. АСПХК БА жұмыс қорытындысы бойынша Пномпен декларациясы қабылданды.