11 Желтоқсан, 2010

Қонысбектің қоныс тойы

550 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қытайдың Гуанчжоу қала­сын­да өткен Азия ойындарына Қы­зыл­жар өңірінен қатысқан спорт­шы­лардың үшеуі жүлделі оралды. Вла­дислав По­ляков брасс әді­сі­мен 100 метр қа­­шық­тыққа жүзуде кү­міс, эс­та­фе­тада /4х100/ қола ме­дальді ол­жа­ла­ды. Ев­ге­ний Эк­тов ұзындыққа үш мәр­те се­кі­руде екін­ші орыннан кө­рін­ді. Ал,  Мар­­­гарита Мацко эс­та­фе­тада /4х100/ кү­міс медальді ие­ле­нсе, 800 метр қа­шық­тыққа жү­гі­ру­де ал­дына жан сал­мады. Азиададан оралған жерлестерімізді облыс әкімі Серік Біләлов  елі­міз­дің абы­ройы мен даңқын асы­рып жүр­­­ген бір топ спорт­шы­лар мен жат­­тық­ты­ру­шы­ларды қа­был­дап, құр­­мет көр­сетті. Мар­га­рита мен Ев­генийге екі бөлмелі пә­тердің сер­ти­фи­каты сал­­­танатты түр­де табыс ет­іл­ді. Спортқа да­рынды ба­ла­лар­ға ма­ман­дан­­ды­рыл­ған мектеп-ин­тер­нат­­тың оқу­­­­­­­­­­­шы­сы, грек-рим кү­ре­сі­нен спорт ше­бері,  Сингапурде өт­кен  жас­өс­пі­рім­­дердің тұңғыш Олим­­пия ой­ын­да­ры­ның қола жүл­де­гері  Ақан Бай­ма­ған­бетов секілді да­рын­ды тәрбиелеп шы­ғарғаны үшін оның бапкері Қо­ныс­бек Тү­ке­нов те үш бөлмелі пә­тер­­­де қо­ныс то­йын тойлайтын болды. Об­лыс әкі­мі­нің  арнайы сый­ақы­сы «Ес­іл» волейбол клубының ой­ын­шы­ла­рына, ба­луан­дар Роман Ме­­ле­шин­ге, Ақан  Бай­ма­ған­бе­товке, ве­­ло­ша­бан­доз  На­талья Сте­фан­ская­ға, бишілер Крис­ти­на Гри­горьян мен Артур Са­би­товке берілді. Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы.