11 Желтоқсан, 2010

Қаралатын заң жобалары қалыптастырылды

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамед­жа­нов­тың жетекшілігімен палата бюросының кезекті отырысы өтті. Онда Мәжілістің салалық комитеттерінің ұсынуымен сәрсенбі күні өтетін жалпы отырыстың күн тәртібіне шығарылатын мәселелер қаралды. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті екі заң жоба­сын депутаттар талқысына шығаруды ұсынды. Олар бірінші оқылымда талқыға түсетін болды. Сондай-ақ депутаттардың тал­қы­­сы­на халықаралық маңызға ие заң жобалары ұсынылатын болды. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Медиация туралы» заң жобасы және соған сәйкес кейбір заң­дарға енгізілетін түзетулер екінші оқы­лым­ға дайын екенін мәлім етті. «Егемен-ақпарат».