11 Желтоқсан, 2010

Дүбірге толы дүние

361 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
БИЛІККЕ ҚҰМАРЛАРДЫҢ ҮКІМЕТ ҚҰРУЫ ҚИЫН Қырғызстанда парламент сайлауы өткелі екі ай болды, бірақ әлі үкіметін құра алмай әлек. Осыдан шамалы уақыт бұрын үкімет құру жауапкершілігі жүктелген социал-демократиялық коалиция үш-ақ күн өмір сүріп, өздерінің дәрменсіздігін көрсетіп, тарқап тынды. Бұл коали­ция­ға Алмазбек Атам­­­­­­баев жетек­ші­­лік ете­­­­тін ҚСДП, Өмір­­­­бек Ба­ба­­нов­тың «Рес­­пуб­­ли­­ка» және Өмірбек Те­ке­баевтың «Ата­ме­­кен» пар­тия­ла­ры­ның фрак­ция­ла­ры кір­­ген еді. Коалицияның түбіне билікке талас жетті. Жо­горку ке­неш­те пар­ла­мент спикерін сай­лауда келісе ал­мады. Бұрын ой­лас­­ты­рыл­­ғандай, оған Теке­ба­ев ұсы­ныл­­ған және оның өте­тініне кү­мән да жоқ еді. Өйт­кені, бұл үш партияның қо­лында 67 мандат бар болатын. Ал сайлауда ұсы­ныл­ған адам­ға 58 депутат қана дауыс берді. Коа­лицияға мүше 9 адам қол­да­мады деген сөз. Бұл да әлі Қырғызстанда пар­­­­ламенттік күрес мәдение­ті­нің қа­лып­таса қоймағанын, пар­­­­тия­ларға кез­дей­соқ бі­реу­лер­­­дің кіріп кететінін, оның ті­зі­мін­де­гілердің өз пар­тиясын, өз жетекшілерін қолдай бер­­­мей­­тінін аң­ғар­тады. Сондық­тан да фрак­ция­­лар ман­дат­тары­ның санына то­лық сенім арту да қи­ын. Қалай болғанда да, Текебаев өт­пей қалды да, коалиция күй­ре­ді. Ал­дында «Тұрақтылық үшін келісім» де­ген ұранмен бас бі­ріктірген бұл одақ­тың өз­де­рін сақтап қалу үшін әлі де кү­ресетін мүмкіндігі бар еді. Спи­кер­лікке басқа бір адамды ұсы­нып, соны қол­­дап, ынты­мақ­­тас­тық көр­­сет­кенде, үкімет­ті құ­ру­ла­ры­на болар еді. Бі­рақ оған пар­тия­­­лар­дың, оның же­тек­­ші­ле­­рі­нің өзім­шіл­­дік­тері, ке­­­­реғар мүд­­делілік­тері жол бермеді. Осылайша, үкі­мет­ті құру, билік дағ­­дарысынан өту жо­лын­­­­дағы тағы бір мүм­кіндік жү­­­зеге аспай қалды. Ал­дағы мүм­­кіндіктер де ба­рынша шек­­теулі. Енді қандай коалиция құ­ры­лады дегенде, тіпті оп­ти­мис­тердің өзі пікір айтуға қи­на­ла­тын шығар. Ел президенті Роза Отун­баева бұл жолы «Рес­пуб­­ли­ка» партия­сы­ның көсемі Өмір­­­­бек Бабановқа ұсыныс жа­сады. Ол 24 жел­тоқ­санға дейін басқалармен коа­ли­ция құрып, де­­­путаттарға жаңа үкі­мет құ­ра­мын ұсынуға тиіс. Оған да көңіл сене қой­май­ды. Кіммен одақтасады? Кеше кө­­ңілі жа­­қын дегендермен тіл табыса ал­ма­ды. Осындай жағ­дай­да сұрақ кө­­бейеді. Бабанов партиялардың ба­сын қоса алмай, ақырында үкі­метті құра алмаса ше? Онда президент үкімет құру жөнінде тағы бір рет ұсыныс жасайды. Ол да нәтижесіз болса ше? Он­да қалған жол – жаңа сайлау. Бұл – қиын жол. Ондай қи­ын­шы­лықты қырғыз ағайындар бас­тан кешіп отыр. Алдан жақ­сылық күтейікші. КОТ-Д’ ИВУАР – ҚОС ПРЕЗИДЕНТТІ МЕМЛЕКЕТ Расында да, бұл елде сирек кез­де­сетін қызық жағ­дай қа­лып­тасып отыр. Ел­­де президент сай­лауы өтіп, оның дү­да­мал­дау қоры­тын­дысы шық­қан соң, екі адам – елдің бұ­рынғы пре­зиденті Лоран Гбаг­бо мен оппозициялық үміткер Алас­сан Уаттара өздерін жеңім­паз­ са­нап қана қоймай, қыз­метке кі­ріскендігі жөнінде рә­сім­дерін де өткізіп жіберді. Тіпті өз премьер-министрлерін де та­­­ға­йындады. Осы бір асы­ғыс­тық­тан-ақ бұл екі қай­раткердің істерінде шикілік ба­рын аңғар­ған­дай­сың. Қазір әл­ем­дік тәр­тіпте сай­лау­дың толық қо­ры­тын­ды­сы шық­қан­ша, тақ­қа таласу бола қой­май­ды. Тіпті жең­ген адамға қыз­мет орны біраз уақыт өткен соң ғана ұсынылады. Ал сайлау нәти­жесі күмәнді бол­ғанда, жұрт ақы­рын күтеді. Осыған ұқсастау жағдай осы­дан алты жыл бұрын Укра­и­нада болған еді. Алдын-ала есепте қа­зіргі президент Вик­тор Яну­ко­вич жеңді деген әңгіме ай­ты­лып, оны өз жақ­тастары тойлап үл­гер­гені өз алдына, біраз елдің бас­шы­лары да құттықтап жіберген. Кейі­­ні­рек жағдай өзгерді, да­уыс толық есептелгенде, Вик­тор Ющен­­­­коның же????? ?????????ңгені анық­та­лып, билік тізгіні соған тиді. Алаң­ға шығып, халқы ар­па­лы­сып жат­қан елде де үміткерлер ара­сында жа­ға­ласу бола қойған жоқ. Виктор Янукович өз же­ңісін де, президент орнын да бес жыл бойы күтіп, оған был­тыр ғана жеткен. Кот-д’ Ивуардағы жағ­дай­ды түсіну қиын. Сайлау өт­кен­нен кейін сайлау комис­сия­сы­ның төр­аға­­сы оппозициялық үміт­кер Алас­­­сон Уаттара 51 па­йыздан асы­­­рып дауыс алды деп мә­лім­деді. Ал ел­дің конс­ти­туциялық соты сайлау комис­сия­сының шешімін жоққа шы­ғар­ды. Өз кезегінде конс­ти­ту­ция­лық кеңес елдің солтүс­тігін­дегі жеті аймақтағы сай­лау нә­ти­желері жойыл­ған­ды­ғын мә­­лімдеді. Бұл өңірдегі жұрт­­тың көпшілігі оппо­зи­циялық үміт­­­­кер­ді қолдайтын. Сондық­тан нә­­тиже мүлде өзгереді деп тұ­жы­рым жасалды. Мұндай жағдай елде дүр­­белең ту­дыр­­ды. Үміт­­кер­лер­­­дің жақ­­­тастары қақ­тығысқа бара­ты­ны аңғарылған соң-ақ елдің құр­­ғақ­тағы жә­не су­дағы шек­ара­­ла­ры, сондай-ақ әуе кеңіс­тігі жа­бы­ла­тыны жа­рия­­ланды. Бірақ соған қа­­ра­май, елдегі сая­­­­си жағ­­­­дай әлем жұрт­­­шы­лы­ғы­на ха­бар­ла­нып отыр­­ды. Әлем­дік те­­ле­ар­на­лар­дың көп­­шілігі өз ха­­бар­­ларын осы ел­­дегі оқи­ға­дан бастап, саяси қа­рама-қай­шы­лықта сирек кездесетін жағ­­дайды бір жағы қы­зық үшін де көрсетіп отырды. Әри­не, екіге бөлінген қа­уым­ның ара­сында қақ­ты­ғыс­тар болаты­ны да заң­ды. Әдетте одан кө­біне бейбіт халық зардап шегеді. Бұл елде де адам құрбан­ды­ғы орын алып жатыр. Ха­лық­­ара­лық ұйымдар, біршама жетекші мемлекеттер бұл елдегі жағ­дай­ды жіті ба­қылап отыр. Осы жерде үнемі дау-дамайдың ор­та­лығы болып жүрген Кот-д’ Ивуарға да тоқ­тала кеткен жөн болар. Афри­каның баты­сын­да­ғы бұл ел (бұрын Піл сүйегі жа­ғалауы деп аталған) ұзақ уа­қыт Фран­цияның отары бол­ды, қазір де оның ықпалында. Онда фран­цуздардың бітімгершілік күш­тері де тұрды. Ор­на­ласқан жері де, табиғаты да әлем на­за­рын­да, туризм кең дамыған. Соңғы отыз жылдай уақытта төрт есеге жуық өскен 20 миллиондай халық 60-тай этностан құрал­ған. Билік үшін күресте біршама қақ­ты­ғыс­тың болып жата­ты­ны да содан. Мұн­да талай рет әскери төң­ке­ріс, соған бағыт­тал­ған әре­кет­тер де болып тұр­ды. Бұл елге қарулы қақ­­ты­ғыс­тар таңсық емес. Бір таңданарлығы – қар­сы­лас­тар баррикаданың екі жа­ғына шығып, бір-бірімен аты­сып жүрген жоқ. Әркез халық ал­дында кездесіп, бір-біріне жеңістің өз жағында екенін айтумен жүр. Тек қана оларға сабыр берсін, сонда шындыққа да жету қиынға соқпайды. Ара­да татулыққа шақырып ара­аға­йын жүрсе тіпті жақсы. Мамадияр ЖАҚЫП