Армандар орындалады, ол үшін ең бастысы мақсат, ерік, шыдамдылық және, әрине, қаражат болуы қажет...
Бұны біз Қарқаралы ауданының тұрғыны Күлжан Сапарянқызы Жұмановадан естіген болатынбыз. Күлжан Көктас ауылының тұрғыны. Ол өз кәсібін 1997 жылы азық-түлік дүкенін ашудан бастаған болатын, бұл дүкенді кейін кеңейткен. Қазіргі таңда бұл дүкенде ауыл тұрғындары тұрмысына ең қажетті заттардың барлығын, киім- кешекті де сатып ала алады. Дүкенде осы ауылдың екі тұрғыны сатушы болып жұмыс істейді.
– Әрине, осы дүкенді ашқан кезде бойымды күдікті сезімдер биледі, себебі бұл көп күшті және салымды талап ететін іс. Сіз ауыл тұрғындарының тұрмысын білесіз ғой, артық қаражат ешкімде жоқ, сонымен қатар сататын тауардың үстіне де көп қоя алмайсын. Алайда, осыған қарамастан, азға қанағат етіп те жақсы жұмыс жасауға болады, бұнда ең бастысы шыдамдылық қажет. Алып қарайтын болсақ, жаңа бастап келе жатқан кәсіпкерлердің қатесі неде? Олардың қатесі – бұл олардың өздері салған ақшаны тезірек қайтарып алу мақсатында жоғары бағаны қоятыны, осылайша олар өз клиенттерін жоғалтады, – деп, Күлжан өз тәжірибесімен бөлісті.
Шындығында да, ол солай, мысалы Қазақстанның сауда үйлерінде сатылатын жәй ғана бір киімді алатын болсақ, көбінесе сатушылар оларға 100%-дан астам бағаларды өсіріп қояды. Бұл ретте, Еуропа кәсіпкерлері үшін тауарлардың 20% маржасы өте сәтті болып есептеледі.
– Бұдан басқа, өз кәсібімді бастап жатқан уақытта менің алдыма қойған мақсаттарым болатын: балаларымды өсіру, оларға лайықты білім беру, жақсы көретін істерімен айналасуға мүмкіншілік туғызу. Қазір құдайға шүкір менің үш баламның жоғары білімі бар және әрқайсысы өздерінің істерімен айналысып жатыр, әрине қажет болғанда маған қол ұшын береді, – деп күлімдеді Күлжан.
– Қазір біз наубайханамен де айналысқалы жатырмыз, бір сөзбен айтсақ, өз ісімізді түрлендіруді ойладық. Әрине бұл ауылдастардың, былайша айтқанда клиенттердің өтініштерінен туындаған ой, олардың өтініштерін қабылдауға және орындауға тырысамын.
Наубайхананы жабдықтау үшін Күлжанға 1 000 000 теңге қажет болды, оны ол көп уақыт таба алмай жүрген болатын.
– Бұрын жаңалықтарда банктердің қазір жағдайы ауыр деп көп айтушы еді, алайда өзіңнің басыңа түспегенше, оны түсінбейсің. Қазіргі жағдайдың қалай болғанын білмеймін, алайда мен қаражат іздеген уақытта банктер маған ешқандай көмек бере алмады. Мен оларды түсінемін, себебі өзім де біреуге қарызға ақша беріп, артынан оны қайтарғанша уайымдап отыратынмын. Сондықтан, қазіргі жағдайды ескеріп банктерде қарыз алушыларға, әсіресе ауыл тұрғындарына, қарыз беру талаптарының күшейтілуі орынды деп санаймын, – дейді Күлжан.
Көп әуре-сарсаңды бастан өткізгеннен кейін, басқа ауданда тұратын Күлжанның таныстары «Бизнес өңірі» жаңа несиелендіру бағдарламасын жүргізіп жатқан «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамына баруға кеңес берді.
– Мен Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры туралы бұрын да естіген болатынмын, олар шағын несиелер беріп, өз ісімен айналысқысы келген менің таныстарымның көбісіне қолдау көрсетті, алайда бұрын олардың шағын бизнесті несиелендіру бағдарламасы жоқ болатын. Жаңа бағдарлама туралы естігеннен кейін қуанышымда шек болмады, себебі мені ол жерде қабылдайтынын сездім. Ол шынымен де солай болып шықты. Менің жобамды қарастырғаннан кейін, және менің үлкен кәсіпкерлік тәжірибемді ескере отырып, Қор маған сыйақы пайызы көп емес, негізгі борыш бойынша «демалыс» бере отырып несие берді, – деп еске алды біздің кейіпкеріміз.
Бүгінгі күні, Күлжан наубайханасы бүкіл ауылды нан-тоқаш өнімдерімен қамтамасыз етеді, себебі ауылда тек жалғыз осы наубайхана. Өндірісте үш адам жұмыс істейді.
– Болашақта басқа кәсіп түрімен де айналысып көргім келеді, естуім бойынша Қор шағын фермер қожалықтарына мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Сыбаға» атты жаңа несиелендіру бағдарламасын, өте тиімді шарттар бойынша енгізуде. Бұл бағдарламаның жылдық сыйақы ставкасы 6%-дан жоғары болмайды деп естідім, бұл қаржылық қызмет нарығындағы ең төмен сыйақы ставкасы болып табылады. Осылайша, жуық арада менің дүкенімнің сөрелерінде өзім өндірген етті көруге болады, – деп санайды Күлжан.
– Бір сөзбен айтқанда, мен Үкімет Қор сияқты даму институттары арқылы ауыл тұрғындарына нақты қолдау көрсететініне өте қуаныштымын.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқасында ауылдарда табысты жұмыс істей бастаған бизнес мысалдары өте көп. Несиелендіру бағдарламалары арқылы үлкен тас жолдардың маңында кафелер, шалғайдағы ауылдарда дүкендер, ұстаханалар және наубайханалар салынып жатыр.