15 Желтоқсан, 2010

Халықтың рухы асқақтай түсті

516 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Президент поштасынан Мемлекет басшысының атына азаматтардан ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитінің табысты өтуіне байланысты құттықтау хаттар легі толассыз келіп түсуде, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Оларда Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының нәтижелі өтуі, Саммитте Астана Деклара­ция­сының қабылдануы ел абы­ройын асқақтатқан дәуірлік оқи­ға екендігі ерекше атап көр­се­тілген. Мысалы, «Назарбаев зияткерлік мектептері» АҚ басқарма төр­айымы К.Шәмшидинованың ха­тын­да: «Құрметті Нұрсұлтан Әбіш­ұлы! Бірнеше күн бойы төрткүл әлемнің назарында бол­ған ЕҚЫҰ-ның Саммиті табысты өтті. Бұл іс-шара әрбір қазақ­стандықтың жүре­гіне мақтаныш сезімін ұялатып, хал­қымыздың рухын асқақтата түс­ті», делінген. Мұндай мазмұндағы хаттар Аста­надағы «Назарбаев зияткерлік мектебінің» директоры М.Жә­ке­нов пен аталған мектептің мұ­ғалімі Р.Шелягтен де келді. Ал Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Семей мемлекеттік педагогикалық инсти­ту­ты және Қазақ инновациялық-заң уни­верситетінің студенттері құт­тық­тауларында «Астана Декла­ра­циясының қабылдануы – барша қазақстандықтардың жетістігі», деп зор мақтаныш сезіммен жа­зылған. Жазушы, М.Шолохов атын­дағы халықаралық сыйлықтың лауреаты С.Досанов Елбасы Н.­Ә.На­­зар­баев­ты Қазақ елінің тарихындағы ұлы оқиға – VІІ саммиттің табысты өтуімен және Астана Дек­ларациясының қабыл­да­нуымен құттықтап, «хал­қымызды бақытқа бастай бе­рі­ңіз» деген игі тілегін білдірген. *** Мемлекет басшысының атына республиканың түкпір-түкпірінен соғыс және еңбек ардагерлерінен, қарапайым азаматтардан ізгі тілекке толы хаттар келіп түсуде, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. «Аса құрметті Нұрсұлтан Әбіш­­ұлы! Сізді Еуропадағы қауіп­сіздік және ынтымақтастық ұйымы Астана Саммитінің та­бысты өтуі­мен және аса маңызды құжат – Астана Декларация­сы­ның қабыл­да­нуымен құттық­тай­мыз. Әлем на­за­рын аударған осы шараны бұқа­ралық ақпарат құ­ралдарынан көре отырып, елі­міз­дің, Сіздің ха­лық­аралық қауым­дастық алдын­дағы жоғары беде­ліңізге көзімізді одан әрі жеткізе түстік. Көкірегімізді мақтаныш сезімі кернеді», деп жазады Қы­зылорда облыстық ардагерлер ке­ңесінің төрағасы С.Шаухаманов құттықтауында. Бұл хатқа осы облыстағы соғыс және еңбек ардагерлері Ы.Қалиев, А.Дәулетов, Н.Уәлиев, Б.Құлманов, облыстық мәслихат депутаты Ж.Шәріпов және Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері Н.А.Подольских қол қойған. Ал Оңтүстік Қазақстан облы­сы, Арыс қаласынан Социалистік Ең­бек Ерлері Ә.Салықбаев, Ә.Бал­ғынбеков, сондай-ақ Т.Ыс­қа­бай, С.Әлі­бек, Т.Елғонова, Т.Кенжебеков, С.Жүнісов, Х.Рашидов, М.­В.Тре­­тья­ков, Г.Есілбековадан кел­ген хатта «біздің еліміздің дү­ние жүзінің алдында үлкен абы­ройға ие болып, зор мәртебеге қол жеткізгені» еліміздің Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың сын­дарлы да дана саясатының нәтижесі екендігі атап өтілген. Сондай-ақ мұн­дай толғанысқа толы хаттарды Оң­түстік Қазақстан облысынан: Б.Игісінов, Т.Арын­беков, Т.Дүй­сенбеков, Қ.Бұхарбаев, Павлодар облысынан: Қ.Қос­танбектегі, Қ.Нуркин, К.Жексенбинова, Н.Ай­дарғалиева, Қ.Елубаева, С.Қайырбаева, Б.Святова, Қызыл­ор­да облысынан: Р.Нұрым­бет­қо­жаева, А.Тоқтамысова, т.б. жол­даған. Хат авторлары одан әрі: «Қадірменді Президент мыр­за! Деніңізге саулық, отба­сы­ңызға бақыт және халқымыздың игілігі жолындағы аса жауапты еңбегіңізге зор табыс тілейміз!» деп Елбасыға деген ықыласқа толы игі тілектерін білдірген.