16 Желтоқсан, 2010

Келешек кепілі

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Күндерді күтем алшы түсетін асығым, Сәні бар бейбіт еліммен  келер нәсібім. Сан ғасыр аңсап, асығып  жеткен құтымыз – Азаттық деген ең үлкен Бақыт – хас ұғым. Өткеннің өтеуі – баға жет-пейтін Азаттық, Жеп-жеңіл, оңай орнаған жоқ-ау ғажап күн. Сұм сұрқайылық пен залым-зұлымдық қамалын, Алар алдында кес-кестеп тұрды азап мың. Өзімдей көрем адамның барша нәсілін, Жек көрем иттей нәсілшілдердің тәсілін. Қызғыштай қорғар Тілім мен Ділім бар бірақ, Азаттығым да, қазақтығым да – асылым. Ақыры шерлі заманның болған басы мұң, Екшедім сосын асылын және жасығын. Жадтан өшпейтін, естен кетпейтін тірімде, Асқар шыңым да, дастан-жырым да – ғасырым. Әлемнің тыңдап дабырын, шуын, самбырын, Шамалап көрдім тірліктің мынау сан қырын. Жанардан жас боп, жүректен жыр боп төгілген – Түгесілмейтін, достан бүкпейтін жан сырым. Жарық жалғанның сағына күтіп таң нұрын, Көрудей көрдім дауылын, желін, жаңбырын. Арайлы болар, талайлы болар деп сенем, Түңілдірмейтін, бүгілдірмейтін тағдырым. Бүгіннің жосығы –ілгері Даму дағдармай, Жаңғыру сосын алдағы күнді бағдарлай. Сұлулық және Ізгілік төгіп шуағын, Бейбіт елімді сәнімен кезді бақ шарлай. Ығысып түнек, молая түсті нұр жарық, Бірлігі мықты халқыма ырыс, құт дарып. Көркейтіп елді шат тұрмыс, тату тіршілік, Ырғалып терек, жауқазын өсер гүл жарып. Сәбит БЕКСЕЙІТ. Қарағанды.
Соңғы жаңалықтар