16 Желтоқсан, 2010

Ел қуатының кепілі – демографиялық саясат

528 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Өткен аптада Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің жа­нындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті. Бұл басқосуда қаралған мәсе­ле­лер­дің алғаш­қысын ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төр­аға­сының орын­ба­сары Мәжит Текешұлы баяндап, ІІМ «Тұр­мыстық зор­лық-зомбылықтың про­­фи­­­лак­тикасы тура­лы» ҚР Заңын іске асыру механизмдерін әзірлеу жө­ніндегі жүргізген жұмыс­тарды тілге тиек етті. Онда халықтың қалыпты өсіп-өнуін қам­­та­ма­сыз ету және өмір сүру сапа­сын арттыру үшін адам денсау­лығын сақ­тау, әйел­дерге қатыс­ты зор­лық-зом­бы­­лықтардың бар­лық көріністерін жою, от­ба­сы­лық-демо­графиялық сая­сат­ты жүзеге асыру ісіндегі ма­ңыз­ды стра­тегиялық бағыттар кеңінен сөз болды. Сондай-ақ, демографиялық сая­сат­­ты жүзеге асыруда 2008-2016 жыл­дар­ға ар­налған «Сала­матты өмір сал­ты» салалық бағдарламасының шең­бе­рінде көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып жатқан­дығы да мәлім болды. Демографиялық саясатқа ерекше на­зар ауда­рыл­ған отырыста қоғамда орын алып жатқан зор­лық-зом­бы­лық­­қа тап болғандарға психоло­гия­лық, педа­го­гика­лық және құқықтық көмек көр­се­туге ерекше көңіл бөлді. Ұлттық комиссия ІІМ бірлесіп «Зор­лық-зом­былықсыз отбасы», «Сіздің қорғану құқығыңыз» атты акциялар ұйым­дас­тыр­ғандығын айтты. Ол ша­раны жүр­гізуге 12 мыңнан астам полиция қыз­меткерлері, 4 мыңнан аса жергілікті ат­қа­рушы органдар, «Нұр Отан» ХДП мен Әйелдер істері және отбасылық-де­мографиялық саясат жө­ніндегі өңір­лік комиссиялар, прокуратура ор­ган­дары жұ­мыл­­дырылыпты. Акция бары­сында 11 мың «қиын» отбасы анық­талған. Құқық бұзу­шы­лық бойынша 3,5 мыңнан астам адам тексерістен өткен. Ал тұр­мыс­тық зор­лық-зом­бы­лықтан жә­бір­лен­ген 6,5 мың­нан астам азаматқа құ­қық­­тық, психо­ло­­гиялық және ме­ди­ци­­на­лық көмек көрсетілген. Қызу талқыға түскен тағы бір мә­селе, Атырау облысында жүргізіліп жат­қан әйелдерге қатысты зорлық-зом­былықпен күрес жөніндегі жұ­мыс­та тра­фикті, адам­ды құлдыққа сатуды бол­дырмау жө­нін­дегі іс-ша­ра­ларға ер­ек­ше назар аудары­лып отыр­ғандығы айтылды. Ал Жамбыл об­лысы бойын­ша жетістіктермен қатар, бірқатар кемшіліктер де аталды. Сонымен бірге, жаңа туған сәби­лерді пер­зент­ханаға тастап кету фактілері бар­ған сайын өсіп бара жат­қан­дығына ай­рықша назар ау­дарылды. Жұлдыз БАЙДІЛДА.