16 Желтоқсан, 2010

Тұрақтандыру жоспары шеңберінде

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Таяуда Алматы облысы, Қарасай ауданының Қарғалы кентінде «Хан Тәңірі» тұрғын үй кеше­ні­нің бірінші сатыдағы 12 тұрғын үйі пайдалануға берілді. Аталған нысан «Самұрық-Қа­зы­на» жылжымайтын мүлік қо­ры» АҚ-тың ықпалымен,  Үкі­мет­тің, Ұлттық банктің және Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау  агенттігінің 2009-2010 жылдары экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жө­ніндегі бірлескен іс-қимылдар жоспарын жүзеге асыру шең­бе­рін­де аяқталып отыр. «Хан Тәңірі» тұрғын үй кешенін салушы «Элитстрой Девелопмент» ЖШС қормен 2009 жыл­дың 11 қыркүйегінде келісім-шарт жасас­қан болатын. Бүгінгі күні жалпы алаңы 31519,4 шар­шы метрді құрайтын 442 пәтер пайдалануға берілді. Олардың ішінде 25860,9 шар­шы метр кө­ле­мін­дегі 354 пәтер үлес­керлерге тиесілі. «Хан Тәңірі» тұрғын үй кешені құрылысына «Самұрық-Қа­зы­на» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ 16 миллиард теңге бөлген бо­латын. Осы арқылы 702 үлес­кер­дің мәселелері шешім табатын болады деп күтілуде. «Егемен-ақпарат».