16 Желтоқсан, 2010

«Шкоданың» екі маркасы

481 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тәуелсіздік мерекесі қарса­ңында еліміздегі тұңғыш авто­көлік зауыты – «Азия авто» акцио­нерлік қоғамында елеулі оқиға болды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Шкода-Фабиа» және «Шкода-ҮЕТI» жүйрік те әсем көліктерінің тұсауын кесті. «Азия авто» зауыты қазірдің өзінде көліктердің онға жуық түрін шығарып жатыр. Отандық автоөндірістің көшбасшысы алда­ғы уақытта да ізденіс пен ілкімділік танытып, жайлы әрі сапалы көліктерді құрастыра бермек. Жа­ңа көліктер жүруге ыңғайлы, жанармайды аз жағады. Оңдасын ЕЛУБАЙ. Өскемен.