16 Желтоқсан, 2010

Жалғасын тапқан жақсы іс

414 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Ел тәуелсіздігі мерекесі қар­са­ңында Мақаншы ауылында Ба­ла­лардың шығармашылық үйі сал­та­натты жағдайда ашылды. Ол бұ­рын иесіз қалып, қайта жөн­деу­ден өткізілген қонақ үйге жай­ғас­ты. Ал оның салынғанына 30-40 жыл болған екен. Көнерген қо­нақ үй ғимаратын іске қосу үшін облыстық бюджеттен 44 мил­лион теңге қаржы бөлінді. Бұл орайда мақаншылықтардың об­лыс, аудан басшыларына ал­ғы­сы шексіз. Балалардың мұндай шы­ғармашылық үйі облыс бо­йын­ша үш-ақ жерде бар. Соның бірін Үржар ауданының әкімі Ба­уыр­жан Жанақов Зайсан ауданын басқарып тұрғанда ашқызып кет­кен-тін. Енді, міне, сол азаматтың бастамасымен Мақаншыда да жақ­сы іс жалғасын тауып отыр­ға­ны сүйсінтеді. Үстіміздегі жылдың мамыр ай­ында басталған осы шаруа тә­уел­сіздік мерекесіне дейін жеріне жеткізіліп үлгерілді. Балалардың бұл шығармашылық үйі осын­дағы Мақаншы орта мектебінің базасында жұмыс істемек. Соған орай аталған мектептің ди­рек­то­ры Гауһар Жағалбаева бастаған ұс­таздар қауымы оның тездетіп қа­тар­ға қосылуына хал-қадерінше үлес қосты. Яғни, олар шы­ғар­ма­шы­лық үйі­нің маңын тазартып, іші-сыртын көріктендіру, осында түрлі көрмелер ұйымдастырып, бе­зендіру ісіне қызу ат­са­лы­с­ты. Шығар­ма­шы­лық үйіне қа­жет­ті кадрларды іріктеп жатқан да осы­лар. Мұнда негізінен төрт бөлім – техникалық шығармашылық, ұлт­тық қолөнер, қолданбалы өнер және көркем сурет, өнер бө­лім­де­рі жұмыс істейді. Ал бөлім іштерінде тоқыма, тігін, ақындық жә­не аэробика секілді үйірмелер жә­не бар. Бір сөзбен айтқанда, мұн­да жас талапкерлердің өз қа­бі­лет­те­рін одан әрі дамытуға мейлінше жағдай жасалған. Шы­ғар­ма­шы­лық үйі ашылған бетте мұнда түр­лі мазмұндағы бірнеше көрме өт­кізілді. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ. Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы.