16 Желтоқсан, 2010

Елеулі еңбекке лайықты марапат

472 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елбасы дипломатиялық қызметтің жеңістілігі мен жемістілігіне орай ризашылығын білдірді

Сыртқы істер министрлігінде Тәуелсіздік күні қарсаңында ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қа­зақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалықты табысты өткізуге және Алматы Саммитін жақсы ұйымдастыруға үлес қосқан дипло­маттар мен түрлі ведом­ство­лардың өкілдеріне Қазақстан Рес­публикасы Президентінің Құр­мет грамотасын тапсырды. – Қазақстан енді ғана 19 жыл толып отырған тәуелсіздік уақы­тында өзінің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың көрнекті басшы­лығымен бұрынғы Одақтың нашарлау жарықшағынан дамушы демократиялық мемлекетке, құр­мет­телетін өңірлік держава мен халықаралық қоғамдастықтың бе­­делді мүшесіне айналды. Бұған Қазақстанның ТМД елдерінің ішін­де алғаш болып ЕҚЫҰ-ға төр­­ағалық етуі, оның үстіне 11 жылғы үзілістен кейін осы құрметті халықаралық ұйымның біздің жаңа елордамызда саммитін өткізе алғаны айғақ болып табылады, – деп мәлімдеді кездесуде Қ.Саудабаев. Сыртқы саясат ведомствосы басшысының айтуынша, осы жауап­ты және игілікті миссия­ның лайықты қорытындысы «Қау­іп­сіздік қоғамдастық жо­лында» деп аталатын Астананың мерекелік декларациясы қабылданған саммит өткізуі болды. Бұл Қазақстан басшысының еуроатлантикалық және еуразиялық кеңістікте бір­тұтас және бөлінбейтін қауіп­сіздік қоғамын қалыптастыру жө­ніндегі бастамасын жүзеге асы­руға алғашқы қадам жасалғанын білдіреді. Осылайша Қазақстан ЕҚЫҰ тарихындағы күрделі ке­зеңнің белгілі бір деңгейде қо­рытындысын шығарып, жаңа тарихи жағдайда «Хельсинки ру­хын» «Астана рухымен» байы­тып қана қоймай, қайта жаңғыртты. Қ.Саудабаевтың мәлімде­ге­нін­­дей, «Саммитке қатысушы­лар Астана серпінділігін қамтамасыз етудегі біздің Мемлекетіміз бас­шысының көрнекті рөлін әділетті түрде атап көрсетті. Н.Назар­баев­тың адам қызығарлықтай энер­гетикасы, тамаша эрудициясы мен сирек кездесетін жеке ха­ризмасы, мызғымайтын саяси ерік-жігері мен дипломатиялық ше­берлігі шын мәнінде Астана форумының табыстылығында ай­қындаушы рөл атқарды. Қазақ­стан Көшбасшысының саяси сал­мағы мен жоғары халықаралық беделі консенсусқа жетудің және қорытынды саяси құжат қабыл­дануының гаранты болды». – Қазақстан әлемдік қоғам­дастықта салмақты халықаралық беделге, өңірдегі ғана емес, әлем­дік қауіпсіздікті нығайтуға және ынтымақтастықты дамытуға үде­мелі үдеріспен үлес қосып келе жатқан елдің көш басында та­нылған әлемдік көшбасшы ретінде Мемлекет басшысының өзі тұр­ған тамаша интеллектуалдық және кадрлық әлеуетке ие екенін нақты айғақтап берді. Біздің ел­ордамыз – Астана өзінің қазіргі заманғы аса көкейкесті мәселе­лер бойынша маңызды үнқатысу орталығы мәртебесін нық бекітіп, ЕҚЫҰ Саммитін қабылдаған Хель­­синки, Париж, Лиссабон, Бу­дапешт және Ыстамбұл қалаларымен бір қатарға тұрды. Бүгінде Астана Саммиті тарих қойнауына кетті. Бұл тарих өзінің беттеріне Қазақ­стан Республикасын, оның ел­ордасы Астана мен біздің Тұң­ғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты мәңгілікке алтын әріппен жазып қойды, – деп мәлімдеді Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі. Астана Саммитін табысты өт­кізуге лайықты үлес қосқаны үшін Қазақстан Президенті Н.На­зар­баевтың Құрмет грамота­сы­мен Парламент Мәжілісі Төраға­сының орынбасары – ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасының Қыр­ғыз­стан бойынша Арнаулы өкілі Жәнібек Кәрібжанов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова, СІМ-нің жауапты хатшысы Рәпіл Жо­шыбаев, Сыртқы істер министрі­нің орынбасарлары Константин Жи­галов, Қайрат Сарыбай, Қай­рат Омаров және Қазақстанның ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Абдрахманов, Қазақстан­ның Адам құқы жөніндегі уәкі­летті өкілі Асқар Шәкіров, Қазақ­станның Адам құқы жөніндегі ұлттық орталығының жетекшісі Вячеслав Калюжный, Қазақстан Конституциялық Кеңесінің мү­шесі Виктор Малиновский, Қа­зақстан Орталық сайлау комис­сиясының мүшесі – ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасының Сайлау мәселелері жөніндегі жеке өкілі Марат Сәрсембаев, генерал-лейтенант Болат Сембинов, Қазақ­стан Президенті жанындағы Адам құқы жөніндегі комиссия­ның хатшысы Тастемір Әбішев және басқалар марапатталды. «Егемен-ақпарат».