16 Желтоқсан, 2010

АҚШ президенті Барак Oбаманың құттықтауы

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамадан Қазақ­стан­ның Тәуелсіздік күнімен құттықтаған хат келіп түсті, деп хабар­ла­ды Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. – Құрама Штаттар Қазақ­стан­мен екі жақты қарым-қаты­на­сы­мызды жоғары бағалайды. Біздің елдеріміз арасындағы тығыз өз­ара қарым-қатынастар халық­ара­лық бейбітшіліктен бастап, та­рат­пауға дейінгі қауіпсіздік қыз­метінің кең ауқымы бойынша біз­дің ынтымақ­тастығымызды ке­ңей­туге және тереңдетуге деген біздің ортақ және берік ұс­та­ны­мымызды көрсе­теді. Мен біз­дің елдеріміз ара­сындағы дос­тық пен ынтымақ­тастық жалғаса түсеті­ні­не сенемін. Осы маңызды күнді мерекелеу кезінде мен Сізге және Қазақстан халқына табыс пен өр­кендеу тілеймін, – делінген құттықтауда.