21 Желтоқсан, 2010

Қосымша топтар ашылды

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бұрын «Петушок» балабақ­ша­сы­ның бір қа­на­тын кәмелетке жасы тол­ма­ған жетім балалар үйі қо­ныс­танып келген бо­­латын. Биыл бұл мекеме Ар­хангел ауылына кө­шіріліп, ол 100 орын­­ға кеңейтілді. Жөн­­деу жұ­мыс­та­рына және құрал-жаб­дық­тар са­тып алуға 13 млн. тең­ге жұм­салды. Сөйтіп, «Балапан» бағ­дар­ла­ма­­сы аясында қо­сымша 4 топ ашылып, 100 бүл­дір­шіннің қазақ жә­не орыс тілдерінде тәр­бие ал­уы­на мүм­кіндік туды. Бұрынғы «Веселые ребята» ба­ла­бақ­шасы да 3 топқа көбей­ті­ліп, 75 ба­ла шағын орталыққа ор­нықты. Өмір ЕСҚАЛИ. Петропавл қаласы.